375
Табиғатпен күрес және оған деген сенім, оның тұтастығынан,
табиғилығынан ләззат алу – бұл негізгі бағдарлардың қиылысуында
қазақ өнері дамыды.
Табиғатты адам қиялына, оның ойластырғанына бағындыратын
аңыздар, оны тұтас қамтитын және түсіндіретін болғанымен әлемді
көркем игерудің негізгі формасы болудан қалады және жаңа негізде
қайтадан түлейді. Мифологиялық, әлем заңдылықтарын білмеу, соқыр
сенім белгілерімен бірге жалпылау, сонда да әмбебаптылыққа,
тұтастыққа, батыл жалпылауға деген талпынысты өзімен алып жүрді.
Мифология, ал кейін эпос барған сайын әлемді индивидуальды
көрумен ауысты. Оның суреттелген пластикалық әсемдігімен, әлемді
игеру неғұрлым көптүрлі бола бастағанда, соғұрлым танымда
субьективтіктің, жеке-дара қабылдаудың байлығы басымдық таныта
берді. Миф эпосты тастап кетеді, барған сайын әлемді көркем өзіндік
поэтикалық көру орын ала береді. Табиғатқа, пластикаға, жарықтық
және түстік тәсілдерге қызығушылық артады, құбылыстарды суреттеу
барған сайын көпбояулы, көптүрлі бола бастайды. Әлемнің өзі көбірек
көркем өңделеді. Дүниені тануда субьектілік, тұлғалық бастама,
психологизм күшейе түседі. Табиғат өзіндік-көркем қарастырудың,
игерудің обьектісі бола бастайды.
Өнерде фаустық бастама – табиғатты жеңуге деген сенімділік,
жасаушы-адам мерейі үстемдік етеді. Оны қалай өзінің ақылы мен жігері
жасайтынындай, суретші табиғатты солай қайтадан құрастырады. Онда
бәрі ақыл-ойға, тәртіпке, парасатқа, анықтылық пен бірқалыптылыққа
бағынған.
Адаммен игерілетін, табиғат шеңбері барған сайын кеңейе береді.
Заттың мазмұны ешқашан арта беруін тоқтатпайды, сондықтан көркем
бейнелеу обьектісі шегіне жету мүмкін емес. «Су тамшысының
қайталанбайтын даралығынан» (Д. Ренар) әлемдік құрылысқа дейін -
өнердің тақырыптық өрісі ештеңемен шектелмеген. Олар өзінде дәуір
ерекшеліктері қолтаңбасын, оған тән дүние қабылдауды, әлеуметтік
өмірдің бағаларын алып жүретін, әлемді көркем игеруде туындайтын,
тақырыптар мен бейнелер сондықтан түп-қиырсыз.
Адамзат өткен көпғасырлық тәжірибесінен, соның ішінде көшпелі
халықтардың табиғатқа деген тұтас-рухани қатынасынан, барлық
жақсыны, олардың өзгермелігін, ерекшелігін, ұлттық дүние түйсінудің
төлтумалығын сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: