377
жырлардың кейбір үзінділерін музыкамен суреттеуден бастау алған.
Уақыт өте келе бұл өнер даму барысында сөзбен түсіндіруді қажет
етпейтін «таза», жеке шебер орындаушылықтың деңгейіне жетті.
Дегенмен, бұл аспаптық өнердің генезисі мен дамуы сөзбен, ауызекі
орындаушылықпен, эпикалық поэзиямен тығыз байланыста болған.
Сол байланыстың көрінісі аспаптық музыканың типтес белгілерінің
қалыптасуына үлкен әсер еткен. Музыканың эпикалық поэзиямен
өзара қарым-қатынасы аспаптық музыканың мазмұнында да
сақталған. Онда адамның рухани дүниетанымы, өмірінің мәнін
жеткізетін белгілерді ойлану, көзге елестету жүйесі тәрізді
психологиялық сезімдер арқылы суреттелетін болды. Қазақ аспаптық
өнерінің осындай жоғары эмоционалдық сезімталдығын Б. Асафьев
«этикалық жоғары көңіл-күй», «байыпталық, қатаңдық, анықтылық»,
«эмоциональды жоғары жалпылаудың эмоциональды қайырымдылық
және дана философиялық аңдаумен үйлесімділігі» деп белгілеген
1
.
Осы себептердің салдарынан қазақтың аспаптық музыкасында
көптеген басқа халықтардың дәстүрлі аспаптық өнерінде жоғары
деңгейде дамыған би, қимылдар, адамның жүрісін суреттейтін
белгілердің әсері аз орын алатын болғандығы түсінікті.
Қазақтың халық музыкасы ауызекі түрде дамып, өзінің
көркемдік-қолданбалы бифункционалдық сипатымен фольклорлық
құбылыс ретінде танылады
2
. Оның тұрмыспен тығыз байланыста
қалыптасқан қоғами функциясы байырғы дәуірдің қолданбалы
шеңберіне бағынбайтын болды. ХІХ ғасыр - домбыра музыкасының
өркендеу кезеңі болып саналады, өйткені бұл кезде ол жеке кәсіби
өнер ретінде қалыптасып, ұлттық және тарихи көрсеткіштерден
тәуелсіз өзіне тән құралдарына ие болды. Домбыра музыкасының
кәсіби белгілері қалыптасып, күйшілік өнер өмірлік кәсіпке
айналатындай мүмкіндікке жетті, арнаулы әрекетке айналып, сонымен
өмір сүруге мүмкіндік бола алды. Домбыра өнерінде күй шығаратын
әрі шығармашыл индивидуалдығымен ерекшеленетін композитор
тұлғасы анық белгіленді. Ең бастысы – халық күйшілерінің
шығармаларының ішінде тек қана тыңдауға арналмаған, енді
эстетикалық функцияларды да атқаратын музыка пайда болды. Бұл
өнерде типологиялық жағынан соңғы ғасырлардағы Еуропаның кәсіби
музыкасына ұқсас белгілерді аңғаруға болады. Оған дәлел – бірқатар
ғалымдар күйдің дамуында еуропалық симфонизмнің даму
тәсілдеріне ұқсас белгілерді тапқан.
1
Достарыңызбен бөлісу: