ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет126/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Әуезов М.
Абай жолы. Роман-эпопея. Бірінші кітап. - Алматы: Жазушы, 1989, 324-328-бб. 


383 
өмір және өнер туралы ой-пікірлерді ортаға салады. Солардың 
арасында музыка ойналатын.
Кеште отырған атақты музыкант ең құрметті қонақтардың бірі 
болса да, сонымен қатар ол басқа қонақтармен қонақ ретінде тең 
болатын. Артист пен публиканың қарама қарсы қойылуы, олардың бір 
бірімен тек қана шығарма арқылы араласуы бұл жерде мағынасын 
жоғалтады. Қонақтардың арасындағы тепе-теңдіктің арқасында ән мен 
күйлерді солай-ақ, басқа қонақтар да орындай алатын. Әрине, басты 
музыканттың 
шеберлігі 
мен 
атақтылығына 
қарай 
басқа 
орындаушылардың да деңгейі соған сәйкес болуға тырысатын. Егер 
жиналғандардың арасында бір біріне деңгейлері сәйкес келетін 
музыканттар кездессе, онда олардың арасындағы бәсеке қалжыңды 
түрде немесе шынайы тартысқа айналатын. Қонақты ерекше күту 
ғұрыпында қонақтардың өздері үй иесіне әдемі түрде ризашылығын 
білдіретін. Қазақтың аспаптық музыкасының тарихында күйшілер үй 
иесіне көбінесе арнайы күй шығаратын
1
. Сонымен, жаңа 
шығармаларды орындау мен шығаруда да «қонақ – үй иесі» деген 
«сұхбаттасу» формасы кездеседі.
Концерттік формасының заңдылықтарына сәйкес келмейтін қазақ 
мәдениетіндегі орындаушылықтың ерекшеліктері де бар. Онда 
музыкант еш уақытта тек қана автор немесе орындаушы рөлдерімен 
шектелмеген, оның тыңдаушылармен қарым-қатынасы одан кең. 
Алыстан келген қонақ ретінде одан қызықты жаңалық, хабар, болған 
оқиғалар туралы әңгімелер күтіледі. Егер оның жасы үлкен болса, ол 
өзінің жасына сай өмір туралы, философиялық жалпылама нақыл 
әңгімелер айтатын. Қазақ музыканттарының жан-жақтылығы мен 
әмбебаптылығының тамыры осында болар, өйткені олар көбінесе тек 
қана композитор және орындаушы ғана емес, сонымен қатар ақын, 
шебер майталман әңгімеші, дарынды тамада, көне ғұрып-салттардың 
білгірі, байырғы өткен заман әңгімелерімен қатар қазіргі күнгі 
оқиғалар туралы әңгімеге қосылып кете алатын аса дарынды адам 
болатын. Осының бірі де оның қолдынан келмесе оны шебер депе 
санамайтын. 
Біртұтас жүргізілетін музыканы орындаушылық пен қонақ күту 
ғұрыпының ерекшелігі – орындаушының өзі қонақтардың назарын 
музыканы тыңдауға аударатын. Басқаша сөзбен айтқанда, «қонақ – үй 
иесі» араласуында музыкалық шығарманы толығымен түсіну үшін 
«тыңдаушы – орындаушы» байланысын орнатуға қосымша әрекет 
жасау керек болған.
Аспаптық музыканың мазмұнын түсіну үшін ерекше назар 
аударып тыңдау керек екені мәлім. Қазақтың қонақ асында қиындығы 
1
Сондай қонақ жайлы үй иесіне арналған күйлер көпшілік. 


384 
жағынан әр түрлі шығармалар орындалатын. Тыңдаушылардың 
назарын аударатын ең қолайлы тәсіл ретінде күйдің орындалуының 
алдында әңгіме айтылатын. Өйткені күй туралы әңгіме арқылы 
орындаушы басқа әңгімелерден тыңдаушыларды музыканы тыңдауға 
бірте-бірте дайындау функциясын атқаратын.
Қонақ асында тұрмыстық және ғұрыптық белгілер біртұтас 
байланыста болғаны көрінеді. Оларды бөлек қарастырғанда 
орындаушы қонақ күту ғұрпы тұрмыстық жағдайда көрініс табады, ал 
музыканы тыңдау қолданбалы функцияны атқармайтындықтан 
тұрмыстан анық бөлінуі қажет. Күй ойнаудың алдында айтылатын 
әңгіме арқылы орындаушы тыңдаушылардың назарын аударғанымен 
қатар, оларды тұрмыстан тыс салаға жетелейді. Күйді тыңдап 
болғаннан кейін қонақ асыға қайта оралудың өзі де ерекше өнерді 
қажет ететін. Әуезовтың суреттеуінде тәжірибелі музыкант қандай 
жолдармен тыңдаушыларды қайтадан шынайы өмірге келтіргені 
шебер көрсетілген. Біржан бірінші өлеңін орындап болғаннан кейін үй 
иесі құқығында кешті басқарып отырған Абай бірінші болып әншінің 
өнеріне өзінің ризашылығын білдіреді. Ал әнші бұл жағдайда 
Абайдың сөзіне қанағаттанып, оған қалжыңмен жауап беріп, 
жастардың көңілін көтеріп, Абайдың терең мағыналы сөздерінен 
кейін байсалды жағдайды бәсеңдетіп жіберді.
Қалжың немесе маңызды нәрсені күлкіліге айналдыру сияқты 
Базаралы Абайдың сөзінен кейін отырғандардың көңілдерін көтеріп, 
олардың назарын қонақ асы шеңберіне қайтарады. Кейде бұндай 
жағдайда күйші немесе үлкен кісілердің біреуі қорытындылайтын 
сөздер айтады. 
Көбінесе осындай қорытынды сөздер орындалып болған 
шығарманың тақырыбын жалғастырып, оның өмірлік мәнін ашады. 
Құрманғазы өзінің «Ақсақ киік» күйін орындау алдында аңшының 
оғынан жараланған киік туралы әңгімесін айтып беріп, сосын 
шығарманы орындап болғаннан өзі кейін шәкірті Динаға былай дейді: 
«Қызым, сен де өсіп ер жеткенде, өмірдің қаталдығын көресің. Мен де 
өмірдің ауыртпалығын көрдім. Мен өзім қазір жалғыз қалған киікке 
ұқсаймын, ол ақсақ болса да үйірден қалып қалмауға тырысады, ал 
мен жалғыз қалсам да халықпен бірге болуға тырысамын»
1
.
Сонымен, күйді орындаудың алдындағы әңгіменің мақсаты тек 
музыканың бағдарламасын түсіндіру ғана емес. Киіз үйде, яғни 
концерттік көңіл-күйге сәйкес келмейтін қонақ асы жағдайында 
әңгіме музыканы дұрыс тыңдап түсінуге мүмкіндік беретін. Әңгіменің 
осындай функциялары бағдарламалық мағынаға сай болмаса да, оның 
музыканы орындау салтына қосылуы міндетті болған.
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет