ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


Мухамбетова А. Некоторые эстетические проблемы



Pdf көрінісі
бет129/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Мухамбетова А. Некоторые эстетические проблемы 
казахской инструментальной культуры //Кочевники. Эстетика: 
Познание мира традиционным казахским искусством.
Алматы: Ғылым, 1993. С. 160-188.


390 
Болат Қарақұлов 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Белгілі болғандай, кез келген ұлттық мәдениетті дамыту үшін 
оның өткен кезеңдеріндегі формаларын түсіндіретін аналитикалық 
ойлану әдістері қалыптасу қажет, өйткені бүгінгі мәдениетте өткен 
ғасырлардың әсері мен оның көпғасырлық мұрасы көрініс табады. 
Келешектегі қазақтың музыка өнеріне қазіргі музыкалық мәдениеттің 
қай формалары кіретінін болжау қиын, бірақ сонда да келешекте көне 
дәстүрлер маңызды рөл атқаратыны белгілі, өйткені олар уақыт 
шыңынан өткен рухани құндылықтар болып танылады.
Музыка өнерінің хронологиялық ауқымы туралы археологиялық 
мәліметтер хабар береді, олардың деректері бойынша Орта Азия мен 
Қазақстан жерлеріндегі музыка мәдениетінің тамырлары көне 
кезеңдерде бастау алады. Қазақстанның жерінде 20-25 ғасыр бұрын 
салынған петроглифтер табылған. Оларда бірнеше музыкалық 
аспаптарда ойнап және билеп тұрған адамдардың мүсіндері салынған. 
Б.д.д. дейін І ғасырда көне Хорезм, Соғда, Бактрия және Парфия 
мемлекеттері кезінде сол уақытта кең тараған музыка аспаптарының 
суреттері табылған. Осыған қарағанда қазіргі кезде Орта Азия мен 
Қазақстандағы көптеген ұлттық музыка аспаптары түрікмен, қырғыз, 
өзбек, қазақ және т.б. халықтардың қалыптасуына дейін пайда болған 
екен. «Археологиялық ескерткіштердің арасында (қабырғаға салынған 
суреттер, жазулар, терракота) екі мың жыл бұрын қолданылған шертіп 
ойнайтын екі ішекті аспаптың суреті ерекше назар аудартады. 
Археологиялық екі ішекті аспаптар – қазақтың домбырасы мен 
қырғыздардың комуз аспаптарына өте ұқсас болып келеді» 
1
, - деген 
ойды В.Виноградов жазған. Кейбір музыка зерттеушілердің пікірінше, 
ішекті аспаптар Орта Азия жерінде пайда болып, осы жерден басқа 
халықтарға жайылған. Қазақтың қобызына ұқсас аспаптар қазіргі 
виолончель, скрипка мен альт аспаптарының «ата-бабасы» болғаны 
мүмкін
2
.
Музыка мәдениетінің өркендеу кезеңі Орта Азияда орта 
ғасырларда көрініс тапқан. Ол кезде орындаушылық өнермен қатар 
сол кездегі батыс еуропалық теориясының деңгейінен аса дамыған 
орта 
азиялық 
ғалымдардың 
музыкалық-теориялық 
ғылыми 
трактаттары пайда болған. Бұл дәуірде әл-Фараби (870-950 жж.), Ибн 
Сина (980 ж. қайтыс болған), Сафиэд-Дин (1414-1452) музыка 
теортиктері өмір сүрген. Олар грек философиясының негіздерін 
1
Виноградов В.
Музыкалық археология туралы //Кеңес музыкасы, 1971, № 5 , 89-б.
2
Сонда



391 
меңгеріп, музыканы математикалық әдістермен зерттейтін. «Музыка 
дегеніміз – цифрлық қарым-қатынасы бар әр түрлі дыбыстар мен 
интервалдардың байланысы»
1
, - деп әл-Фараби өзінің музыка туралы 
трактатында жазған.
Жалпы Орта Азия музыка мәдениетінің бір бөлігі ретінде 
қазақтың музыка мәдениетін қарастыра отырып, оның басты өмір 
салты көшпелі түрінде өткенін ескеру қажет. Өйткені қазақтарға дейін 
өмір сүрген тайпалар да көшпелі шаруашылық түрін ұстанатын. 
Сондықтан қазақ музыкасын зерттеу үшін номадизмнің әлеуметтік-
тарихи белгілерін талдап, оның ерекше эстетикалық белгілеріне және 
өнердің дамуындағы ерекше заңдылықтарына назар аудару керек.
Қазақстан жерінде номадизм тарихы VIII-V ғасырларда 
басталады, бұл кезде алғашқы этномәдени типтегі тайпалар 
қалыптасып, көшпелі өмір салтын ұстана бастайды
2
. Адамзаттың 
тарихында номадизмнің қалыптасуы прогрессивтік қадам болды, 
өйткені оның бірқатар жағымды және қолайлы жағдайлары шекаралас 
жерлерде тұратын, жер шаруашылығымен айналысатын елдердің 
және қала мәдениетінің элементтерін тартатын.
Заңды түрде маңызды мәселе көтеріліп тұр: номадизм осы 
жерлерге келгенде осында бұрын болған көркемдік әрекеттердің 
түрлерін сақтап қалды ма, әлде керісінше, өзімен бірге осы жерлерге 
көркемдік мәдениеттің жаңа формалары мен құралдарын әкелді ме? 
Адам болмысының негізін құрайтын еңбектің формалары мен 
түрлері өзгерсе, оның қоғамдық сана мен қоғамның идеологиясы да 
өзгеретіні мәлім. Көшпелілердің өнері жаңа әлеуметтік дүниенің 
нәтижесінде пайда болғандықтан оның жаңа өмірлік қажеттіліктеріне 
сай қасиеттері қалыптасу керек еді. Көшпелілердің сапасы жағынан 
жаңа қоғамдық жүйесінде өнердің түрлері олардың көшпелі өмірге 
сай жағынан таңдалады. Сондықтан номадтардың эстетикалық 
дүниесінде негізінде өнердің идеалды және затқа байланбаған түрлері 
дамыған. Қазақтар мен олардың аталарында ол поэзия мен музыка 
болды.
Музыка мен поэзияға қоғамның қойған мақсаттары көп 
функционалды болғаны соншама, халықтың рухани күштері осы 
аталған өнердің түрлерінің дамуына мақсат қойды. Поэзия мен 
музыканың мазмұны философиялық өмірді жырлау мен адам мен 
табиғаттың 
біртұтастығынан 
туындайды. 
Отырықшы 
жер 
шаруашылығымен айналысатын халықтардың коллективизміне сай 
1
«Араб музыкасы» атты Ж. Рауненің орысша аудармасынан келтірілген сілтеме. Қолжазба 
Ташкенттің мемлекеттік консерваториясының кітапханасынан алынған. 45-б. 
2
Қара: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет