Асафьев Б.
Қазақтың халық музыкасы туралы //Қазақстанның музыка мәдениеті. – Алматы, 1955,
9-б.
397
А.В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500
әні мен күйлері» атты атақты жинақтарында ХХ ғасырдың басындағы
музыка мәдениетінің болмысы қамтылған. Олардағы нұсқалардың
үштен бір бөлігінің авторлары бар. Оған қарағанда, қазақтың көшпелі
өмірінде халықтың кәсіби тұлғалары - ақындар, өлеңші, жырау,
жыршы, күйші, қобызшы, бақсы және т.б. әр түрлі қоғамдық
шараларға қатысып, ауыл аралап, халықта кең танылатын болған.
Тарихта қалыптасқан кәсіби типтердің әр қайсысының мектептері
мен стильдері болатын. Әр мектеп өз талаптарын сақтап, кәсіби
деңгейін белгілейтін. Ұстаздарының ең жақсы жетістіктерін сақтап
келесі ұрпақтарға жеткізу талпынысы халықтың есінде бұл
шығармалар көпке дейін сақталатынын түсіндіреді. ХІХ ғасырда өмір
сүрген көрнекті композиторлардың (Құрманғазы, Дәулеткерей, Ақан
сері, Біржан және т.б.) шығармаларымен қатар, қазіргі уақытқа дейін
халықтың арасында көптеген ғасырлар бұрын өмір сүрген
авторлардың (Қорқыт, Асан қайғы, Қазтуған жырау, т.б.)
шығармалары да сақталған.
Қазақтың қоғамында сан алуан музыкалық мектептердің
қалыптасуы музыкалық диалекттермен де байланысты болған.
Мысалы, Батыс Қазақстанның әндері мен күйлерінің формасы,
интонациялық
элементтерінің
Шығыс
Қазақстанның
кәсіби
шығармаларынан өзгешелігі бар. Өйткені кәсіби шығармашылықтың
өзі халықтан шығып, жергілікті және аймақтық ерекшеліктерді
қамтиды.
Музыкалық фольклор мен кәсіби мектептердің аймақтық
ерекшеліктеріне көпке дейін ғалымдар назар аудармаған. Ал қазақтың
музыкалық тілінің локальдық ерекшеліктерінің үрдістерін зерттеуде
жалпы музыка мәдениетінің тарихи қалыптасу процесстерін
анықтауға болады. Қазақтың музыка тілінің локальдық ерекшеліктері
әр түрлі жолдармен қалыптасқан. Біріншіден, әр түрлі тайпалар бірге
қосылғанда, олардың әр қайсысының өзіндік белгілері сақталған.
Екіншіден, музыка тілінің локальдық ерекшеліктері әр түрлі тарихи
себептердің салдарынан бір халықтың ішінде қалыптасуы да мүмкін
болған. Осы тұрғыдан үйсіндерді, адайлардың, наймандардың және
т.б. музыкалық белгілерін тауып, олардың бір бірімен тарихи қарым-
қатынасын қарастырсақ, қазақтың көптеген өзгешеліктерін түсінуге
болады, олар қоғамның ішіндегі рухани құндылықтарының дамуын
көрсетеді.
Музыка тілінің генезис мәселелерін қарастыру халықтың
этногенезисі мәселелерімен тығыз байланыста қарастыру қажет,
өйткені музыка тілі – сөйлейтін немесе поэтикалық тілден де ерте
шыққан фольклордың көне қабатына қарайды. Оның өзгеруі өте жай
398
болады, сондықтан, оның орны фольклор мен этнографияның
байырғы қабаттарын зерттеуге өте маңызды.
Әлеуметтік-тарихи процесстер мен эстетикалық ортаны зерттеу
барысында ұлттық музыка ойлану жүйесінің өзгешелігін анықтауға
арналған мәселе көтеріледі. ХХ ғасырдың 20-жылдарында атақты
музыкалық этнограф А.В. Затаевич қазақ музыкасында кездесетін
көркемдік құралдар туралы былай жазған: «Мен мына ретте осы әнге
арнайы тоқтағанымның себебі, поэтикалық мазмұнның музыкалық
иллюстрациясында
қазақтардың
психологиясы
орыстардың
психологиясына мүлдем ұқсамайтындығы көрінеді, мысалы, екі
қарама-қарсы көңіл-күйді білдіретін мажор мен минор сияқты»
1
.
Тағы бір кең танымал қазақтың әніне А. Затаевич келесі
түсініктеме береді: «Әрине, еуропа музыкасының көз қарасынан әннің
бір келкі, көңілді мажор мен көтеріңкі шабыс ырғағы ашаршылықтың
ауыртпалығы мен қиындықты суреттеуге сәйкес келмейтін сияқты»
2
.
Осындай «сәйкес келмеушіліктер» қазақтың дәстүрлі музыка
мәдениетінде көп кездеседі. Олардың барлығы қазақтың ұлттық
музыка тілінің ерекше музыкалық жүйесінің белгілерін көрсетіп,
поэтикалық пен музыкалық, ладтық интонациялық және ырғақтық
құрылымдардың арасында өзгеше қарым-қатынастарын сипаттайды.
Әр түрлі халықтардың музыка тілдерін салыстырғанда сырттай
ұқсас құбылыстар шынында параллель болып шығуы мүмкін, ал әр
элемент басқа музыка тілінің құрылымына кіргенде сол құрылымның
қасиеттерін бойына сіңіреді. Кеңес кезіндегі этномузыкологияның
негізін қалаушы К. Квитканың пікірінше, «Байырғы кезеңдерде
халықтың музыка шығармашылығында өзінің бай қабілеттері болған.
Олардың кейбіреулері қазіргі кезде мағынасы жоқ белгілер болып
көрінуі мүмкін, бірақ олар сол кезеңнің өнеріне аса мағыналы болған,
өйткені соның ішінде қалыптасып, қолданылатын, соған типтес
болатын. Қарастырып отырған дүниенің эстетикалық белгілерін ашу –
болашақ ғалымдарының еңбегі деп санаймын»
3
.
Дәстүрлі музыка мәдениетінің өткен кезеңдері туралы біз әлі
күнге дейін толық білмейміз. Бірақ қазіргі кезде осы зерттеу кезеңінде
қазақ халқының музыка өнері ұзақ және күрделі тарихи даму
жолының нәтижесінде пайда болғанын айтуға болады. Бұл жолда
музыка тілінің ішкі даму заңдылықтарымен қатар этникалық
тайпалардың бұрынғылары ыдырап, жаңалары құрылып, Орта
Азияның мәдени орталықтары өркендеп, сосын жойлып, т.б. тарихи
оқиғаларды көшірген күрделі үрдістер маңызды роль атқарған.
1
Қырғыз халқының 1000 әні. Орынбор, 1925, 334-б.
2
Сонда
, 371-б.
3
Квитка К.
Таңдамалы еңбектер. М., 1971, т. 1, 99-б.
399
Сондықтан қазіргі зерттеуші тек музыкалық мәселелерді терең
игерімен қатар археология, этнография ғылымдарының жетістіктерін
біліп, музыкалық және жалпы тарихи ғылымдардың мәліметтерін
бірге қарастырып, қазіргі эстетикалық ойдың жетістіктеріне сүйеніп,
әр түрлі құбылыстарды зерттеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |