392
табиғатқа қарсы шығатын пафостың
керек еместігі көшпелі өмір
салтында табиғат пен адамның тепе-теңдігін жырлайды.
Мусикалық өнерлердің (музыка және поэзия) қазақтың жалпы
ұлттық мәдениетінің жүйесінде ерекше әлеуметтік-тарихи орны
туралы сөз қозғасақ, халық үнемі қозғалыста болып, көптеген
шақырым жерлерге көшіп жүргенде мүмкіндігінше өзінің қоғами
өмірін ұйымдастыруға тырысатын.
Көшпелі өмір салтының
жағдайында рулық, тайпалық және одан да ірі ұйымдар құрылып, олар
дұрыс тіршіліктің басты шарты ретінде ұйымдастырушылық пен
жалпы мақсаттылықты ұстанатын. Ғасырлар бойы қазақ қоғамында
тәрбиелі функцияны атқаратын белгілі салттар мен ғұрыптар жүйесі
қалыптасқан. Ұрпақтардың арасындағы сабақтастықты орнататын
құрал ретінде музыкалық-поэтикалық өнердің ішінде эстетикалық
құндылықтар қалыптасқан.
Қазақ даласын А.В. Затаевич «ән теңізі» деп атаған. Шынымен,
ұзатылып бара жатқан қыз әдетте өз «сыңсуын» өзі шығарып,
айтатын. Еш бір жас жігіт өзінің сүйгеніне махаббатын қарапайым
күнделікті әңгімелесетін жай
ғана прозалық формада айтпай, арнайы
сұлу ән шығаратын. Үйлену салтының тойларында ғұрыптық әндердің
орындалуы музыкалық-поэтикалық спектакльдерге айналатын. Адам
қайтыс болғанда да ән айтылатын. Егер қартайған кісі өзінің артынан
ән шығаруға қабілеті жететін адамды көрмесе, өз «жоқтауын» өзі
шығарып, жақындарына оны айтуға өсиет қалдыратын.
Музыкалық-көркемдік
шығармашылықтың
сүйемелдеуімен
өтетін индивид пен коллективтің өміріндегі барлық кезеңдерді
атаудың керегі жоқ, өйткені музыкалық-поэтикалық өнер адам
өмірінің тіршілігіне қатысты негіздерінен биік идеологиялық ой-
толғауларына дейін барлық салаларында орын алатын.
Музыкалық-
поэтикалық шығармашылықтың функциялары өнер мағынасын
өзгеше түрде білдіретін. Музыкалық-поэтикалық өнерде көркемдік
образдар түсінікті, анық форма түрінде болғандықтан еңбекке үйрету,
өнегелі заңдылықтарды ұстану сияқты тәрбиелік мәні бар ақылдар
өнер арқылы әр адамға жететін. Музыкалық-поэтикалық өнер арқылы
ұрпақтан ұрпаққа діни ұғымдар, адам мен табиғатқа қатысты
көзқарастар, экологиялық, космогониялық және басқа дүниетанымдар
жалғасатын. Адамның туғанынан бастап өмірінің соңына дейін
музыка бірге жүретін.
Қоғамдық сананың формасы ретінде музыкалық және поэтикалық
өнер уақыт өткен сайын өз бетімен жеке түрге айналды. Әр түрлі
факторлардың әсерінен олардың ішкі жүйелік
және құрылымдық
өлшемдері құрылып, олардың ерекшеліктері, бағыттары мен даму
жолдары қалыптасты. Бұл ерекшеліктер музыка мен поэзияның ішкі
393
даму заңдылықтарының формасын игеріп, шынайылықты көрсетуге
қомақты үлес қосады.
Әр мәдениетте заңдылықты түрде болатын өркендеу және
ыдырау кезеңдерін қоса қазақтың ауызекі
музыкалық мәдениетінің
нұсқалары оның анық тарихи эволюциясы туралы мәліметтер бере
алмайды. Жазуы болмаған музыкалық мәдениетінің құрамында
байырғы көне қабаттарын зерттеп, олардың қалдықтарын да табуға
болады, бірақ жалпы алғанда музыкалық және музыкалық-поэтикалық
тілдің эволюциясы көбінесе бірте-бірте жоюлуға және ұмтылуға
жақын болған.
Қазақтың ұлттық музыкасының өркендеу және ыдырау кезеңдері
туралы объективті түрде археологиялық және этнографиялық
деректер мәлімдейді.
Олардың мәліметтері бойынша, ХІХ ғасырға
дейін қазақ қоғамында әр түрлі ысқышты, плекторлық, үрлемелі,
ұрмалы аспаптар кең таралған. Олардың жоғалуының себебі осы
уақытта дәстүрлі музыка мәдениетінің ыдырауымен байланысты
болған. Бұрынғы әлеуметтік институттардың бұзылуына және
олардың бағыттарының өзгеруіне апаратын жаңа тарихи ықпалдардың
әсерінен номадизм капиталистік мемлекеттердің бұрын болмаған
экономикалық өсуіне қарсы тұра алмайтын болды. Күшті өнеркәсіптік
елдермен жан-жақты
қарым-қатынастарды құрып, көшпелі даланың
негізгі өмір салты көптеген ғасырлар бойы қазақ қоғамының негізгі
экономикалық түпнегізі болған көшпелі мал шаруашылығы ыдырай
бастайды. Өзінің функционалдығын жоғалта бастаған әлеуметтік
институттармен
қатар
ғұрыптардың
музыкалық-эстетикалық
формалары азайып, қазақтардың музыкалық тұрмысының құрамдас
элементтері қолданыстан шыға береді.
Бірақ жалпы халықтың рухани талпыныстарымен пайда болған
мәдени мұра тарихи сахнада өзінің қайталанбас түрінде
сақталып
қалады. Номадтардың музыкасы да өшпейді, өйткені халық музыка
өнерінің керемет өнегелі-этикалық күшіне сенетін. «Қазақтардың
музыкасы жоғары деңгейде дамыған ғажайып бай және әр
түрлілігімен сипатталады, оның кейбір белгілері жаңа батыс-
еуропаның кәсіби музыкасына (батыс еуропа қалаларының кәсіби
музыкасына – Б.Қ.) ұқсас болса да, тікелей пайдалану кездеспейді.
Қазақ музыкасының мәселелерін зерттеу келешек ғалымдардың еңбегі
деп ойлаймын», - деп ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы
қазақ музыкасы туралы К. Квитка жазған
1
. Осындай беделі жоғары
салыстырмалы музыкатану саласының маманының бағасы сол
1
Достарыңызбен бөлісу: