243
көшпелі өркениеттің әлеуметтік және рухани ахуалы кейінірек түзеле
бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни Ағартушылық
дәуірі деп аталған кезеңде Ш.Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ы.
Алтынсарин және басқа да қазақтың қайраткерлері, ағартушылары
қазақ халқын орыс, ал ол арқылы Еуропа және әлем мәдениетінің
қазыналарынан сусындауға шақырды.
Олар қазақ ойшылдары, жыраулары рухани мұрасының мәні мен
мазмұнын толық сақтай отырып, қазақ мәдениетінің гуманистік
бағытталушылығын жалғастырды. Олардың дүниетанымында адам
барлық қарым-қатынастарда бұрынғыдан да зор маңызға ие болды.
Дегенмен, олардың басты жетістігі олардың орыс және Еуропа
мәдениетімен бір-біріне сенушіліктің және жақындасудың мәдени
негізін дайындауы болды. Олар ойшылдардың көптеген ұрпақтары
мен қазақ халқы мәдени кеңістігінің өзге өкілдері өмірге келтірген ең
жақсылар мен шынайылардың барлығы сақталатындығынан және
одан әрі дамитынына үміттенді деп есептеген жөн. Сол уақыт үшін
бұл Ресей жағынан әскери, экономикалық және саяси қорғаушылық
жөніндегі келісім-шарттан өндірістік және өндірістік деңгейі
жоғарырақ өркениетпен, орыс және әлем мәдениетімен жақындасу
процесіне көшуді білдірді.
Қазіргі замандағы философия ғылымының алдындағы келелі
міндеттердің бірі – мәдениеттер мен халықтардың терең деңгейлерде
мәдени-тарихи жақындасуын, олардың психоментальдылығын,
мәдени және мінез-құлықтық архетиптерін, діни дүниетанымының
және білімдерінің философиялық негіздерін талдай отырып, зерттеу
және шешу. Бұл бағытта әлем мен адамның бірлігі мәселелеріне
қатысты проблемаларды түсінуге кедергі келтіретін ақтаңдақтар бар.
Философия ғылымы, барлық жағынан алып қарағанда, өзінің
іргелі мүдделерімен қоса қазіргі кезеңде ол үшін үйреншікті әлемдік
ағартушының рөлін атқаруға тиіс. Бұл үшін одан осы күнгі дейін
өздерінің болмыстары жағынан мүлдем өзгеше Батыс және Шығыс
дүниетанымдарының тереңде жатқан негіздерін тағы және тағы да,
бұрынғыдан да егжей-тегжейлі және дұрыс талқылау талап етіледі.
Қазіргі
заман
философтарының
алдында
Әлемге,
адам
интеракцияларына, қарым-қатынастарға бүтіндік және толықтық
сипат бере түсу, эзотериялық кеңістіктің түпкі қабаттарын тану
міндеті тұр.
Достарыңызбен бөлісу: