Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 37 б.
2
Аймауытов Ж.
Журнал туралы (Абай. 1918. №).
251
жату керек еді, ол мүмкін болмаса, бұлардың ортасынан көшіп кету
керек еді. Бұларды жөндеймін деуге, жөнделер, үйренер деген үмітім
де жоқ. Бұлардың бірі де жоқ. Бұл қалай? Бұл айтқанның бірін тұтпас
болмас еді.
Мен өзім тірі болсам да анық тірі де емеспін. Әншейін
осылардың ызасынан ба, өзіме-өзім ыза болғанымнан ба, яки бөтен
себептен бе, - білмеймін. Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты.
Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем қуана алмаймын, сөйлегенім
өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі»
1
.
Осыған байланысты ол жатыпішерлік пен надандықты,
дүрдараздық пен жалқаулықты, мағынасыз мақтаншақтықты жоюға,
адам тіршілігінің негізгі формаларына деген сүйіспеншілікті қалпына
келтіруге шақырды. Осыған байланысты ол ерік-жігерге, қайратқа
үлкен мән берді:
«Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп,
ғылымға жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нәрсе
менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі өзіңді білуге, ерінбей,
жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат
қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге
лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға
болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза
сақтайтұғын,
күнәкәрліктен,
көрсеқызар
жеңілдіктен,
нәфсі
шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан
бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай
таласады? - депті»
2
.
Нағыз адамның қайраты, ол жиі ретте алдау, қитұрқылық,
опасыздық жолымен жүзеге асатын, билікке деген жігерде ғана емес,
оның үстіне оған беріле табынатындықтан, ол ең алдымен өз ісінде
жүзеге асуы қажет. Жігердің күші жұмысқа, кәсіпке, сауда, халық
үшін пайдалы әрекетке деген қатынаста айқындалады. Ол былай деп
жазды: «...адамдар белгісіз кәсіпке үйрену үшін туған жерін тастап
сапарға шықпады, алқаптарды өңдемеді, саудадан пайда алуға
тырыспады. Бірде бұл, бірде басқа партияға қосыла отырып, тек
өздерін саудаға салды»
3
.
Масылдық пен енжарлықты жек көре келе, ақын өз ойларын
өткір жеткізеді: «Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының,
бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғының, рас сөзі аз болатұғынының,
1
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 25 б.
2
Сонда, 38 б.
3
Кунанбаев А.
Избранное. М., 1945. С. 194.
252
қызметке
таласқыш
болатұғынының,
өздерінің
жалқау
болатұғынының себебі не?
Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір
жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ,
мақтанғыш келеді; әрбір мақтаншақ – қорқақ ақылсыз, надан келеді;
әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ,
өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар
шығады.
Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының
жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса,
бұлай болмас еді»
1
.
Абайдың рухани әлемінде Шығыс пен Батыс құндылықтары
өзінше үйлеседі. Бірақ осында олар, ол қазақ мәдениетіне тән, сол
төлтумалықта айрықша түйінделеді. Оның бүкіл рухын өзінде
қондырған, қазақ ретінде ол бүкіл өмір бойы өз халқы болмысының
адамгершілігінің мағынасын іздеумен болды және оның ұлылығын
дүниежүзілік деңгейге көтере білді.
Қазақтың өзіндік санасының ішкі даму қисынын іздеу Абайға
адамның моральдық дүниесінің терең қабаттарын көтеруге мүмкіндік
берді, бұл оны адамгершілік ілімінің негізін қалаушылардың қатарына
қосты. Абай ілімінде әдептік сана өз тұтастығында алға шығады,
өйткені халықтың рухани төлтумалығын түсінудің негізі адамдықтың
өзінің имманентті формалары, яғни моральдылық болып табылады.
Моральдылық халық төлтумалығының мазмұнын құрастырады, онда
оның барлық мүшелерінің өмірлік басымдылықтарының ортақтығы
мен ерекшелігіне негізделген, адамның дербестілігі, сапалық
айқындылығы білдіріледі. Адамгершілікте, халық руханилығымен
себептелген, адам тіршілігінің түрлі жақтары ерекше байқалады.
Сондықтан адамгершіліктің өзі жиі салт-дәстүрлер, моральдық
құндылықтар және қылық формаларында қолданылады. Бұл ұғым,
жалпы алғанда ол қазақтар үшін өмірдің құндылық-әдептік
жақтарының қоғамның басқа нақтылықтарымен салыстырғанда үлкен
маңыздылығын бекітуге келіп тірелетін, қоғамның сапалық
ерекшелігін білдіруде белсенді түрде қолданылады. Бұл тағы да, қазақ
қоғамында рухани-әдептік құндылықтардың күнделікті өмірмен нақты
практиканың ішіне сіңісіп кеткенін көрсетеді. Абай әдебінің
тіршіліктің адамгершілік бастауларымен үйлеспей қалуының
болмайтынын және сондықтан оның адамдық мәнін адекватты
білдіретінін, бәлкім, осымен түсіндіруге де болады. Қоғам үшін,
соның ішінде қазіргі де қоғам үшін «адамгершілік» пен «моральдың»
арасында қайшылық тән, себебі адамгершілікпен әрекет ету үшін (өз
1
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 11 б.
253
арының талабы бойынша, өз сенімдері мен мұраттарына сай), қайта-
қайта ресми қабылданған моральдық нормаларды бұзу керек болады,
ал соңғылары бойынша әрекет ету өз ар-ұятын сатып жібергенмен
бірдей болып шығады. Абай үшін ізгілікті білу мен адамгершілік
әрекет ажырамайды, ал өз қылығында ақылды болу – қоғамдық
қылыққа бару. Адамдар іс-әрекетінің жалпы әлеуметтік реттеушісі
ретінде моральдың қажеттілігін түсіне отырып, Абай қоғам мен тұлға
арасындағы қақтығыстың (өз тағдырының мысалында) мүмкіндігін
және нақтылығын алдын ала көре білді. Және оның мораль
философиясының логикасы мынадай қорытындыға жеткізеді: адам
өзінің ішкі дүниесіне үңілуі қажет және сонда қылық бағытын таңдау
үшін негіз іздеуі керек. Ал бұл іс жүзінде, адамның саналы және
жауапты әрекетін ұйғаратын, әдепті өмірлік әрекеттің тұлғалық
бастамасын
мойындау
болып
табылады.
Жоғары
дамыған
адамгершілік санасына ие адам, тек сыртқы талаптарды бұлжытпай
орындап қоймай, бірақ өзінде қоғамдық императивтерді дербес
меңгеруге, өзі үшін белгілі бір адамгершілік бағдарламасын жасап
шығаруға, түрлі факторлардың ықпалынан тәуелсіз қоғамда әрекет
етіп тұрған ережелердің мағынасын ұғынуға және бағалауға қабілетті.
Әдеп тұғырынан адамның тұлғалық дамуының белгісіне оның әр
түрлі күрделі өмірлік жағдаяттарда ішкі сенімділігі бойынша іс-
әрекетке баруға, жауапкершілікті басқаға аударып тастамауға, көзсіз
түрде жағдайларға беріліп кетпей және тек оларды «ескерумен»
шектелмей, сонымен бірге оларға қарап тұра білу, өз жігерін, өз
қайратын, мінезін көрсете отырып, оқиғалар барысына араласа алу
қабілеттілігі жатады. Өмірдің бүкіл жағдайларына жарайтын, «дайын
ережелер» жинағы сияқты, мораль туралы түсініктің қаншама жеңіл-
желпі және өнімсіз екендігін түсіндіріп жату қажет пе? Оған кез
келген жағдайда әдебі бойынша, «ар-ұяты бойынша» іске баруға
міндеттей отырып, мәнді әлдене адамның өзімен жауапталады.
Ар-ұят адамгершілік және сондықтан әлеуметтік категория
болып табылады, ол адамға туа біте тиесілі емес және оның
генотипінде мүлгіп жатқан жоқ, дегенмен оның табиғаты мен көрініс
тәсілдері тым күрделі. Сонда да ар-ұят тұлғаның қоғамдық және
индивидуалдық даму процесінде оянады және қалыптасады. Өзінің
жеке-дара мұқтаждықтарын, тілектерін, армандарын парыз сезімімен
танылатынмен мөлшерлей отырып, арлы өмір сүру – бұл жауапты,
саналы, мотивацияланған, яғни бұл сөздің ең кең мағынасындағы
тұлғалық әрекетке бару.
Адамдардың әдепке сай тіршілігінің бұл маңызды қыры туралы
пайымдарды біз Абай ғақлияларында кездестіре аламыз, оларда бізді
254
қызықтыратын тұлғаның моральдық потенциялы туралы мәселе өткір
және қоғамдық маңыздылығымен қойылған.
Белгілі бір жағдаяттарға байланысты, ақын онда әрекет еткен,
өткір «шекаралық» жағдай оның алдына іс-әрекет бағдарын таңдау
мәселесін қояды, яғни терең психологиялық сезімталдық деңгейінде
экзистанциалдық мәселе туындайды. Өмірді өзінше түсіну негізінде
ол шешім қабылдайды, оның мағынасы «Қара сөздердің» бірінші
сөзінде түсіндіріледі: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман
өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық,
айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы
жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің
баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал,
енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай
өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген
кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе,
бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше
өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын,
ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана
өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам
жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып
отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі
болмаған соң, ғылым өзі – бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да
тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ,
осы елде, осы жерде не қылған софылық!
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша
бағудың мәсінін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын,
қай харакетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің
пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не
қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек
қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза
берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір
жұмысым жоқ»
1
.
1
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 7-8 бб.
255
Бұл таңқаларлық қызықты, терең, шын көңілмен айтылған ойлар,
қайда мәре - өмір болатын, таңдау сипатын анықтайды. Ал мәнісінде
олар көпшілік үшін танымал болып келеді, өйткені әдеп қуатын
сынақтан өткізу – азды-көпті рухани кернеулі өмір сүретін кез келген
адам үшін бұл күнделікті, үйреншікті құбылыс. Қашан адам өзімен-өзі
жалғыз қалатын, көмекті ешкімнен және ешқайдан күтпеуге тура
келетін, моральдық тіректі сырттан емес, ал өзінде іздеу қажет
болатын, жағдайлар жиі туындайды. Және егер бұл тірек болмаса,
немесе басқаша айтқанда, тұлғаның әдептік көрсеткіштері «нөлдің»
маңайында болса, онда ешқандай жанқиярлықтың, ерліктің кереметті
немесе жай ғана таза адамгершілік қылық жүзеге аспайды, себебі олар
қашанда тұлға санасының, қайраты мен мінез-құлқының көрінісі
болып табылады.
Міне осындай жағдайларда адамның әдептік қуаты түбіне дейін
ашылады, өйткені моральдық ұстын, тек қашан ол белсенді, ар, ішкі
сенім және тұлғаның адамгершілік сезімі бола бастағанда ғана, жүзеге
асады. Басқаша айтқанда, қашан «міндетті» деген сырттан танылған
бірдеме емес, ал өз таңдауыңның нәтижесі болғанда, және одан бас
тарту немесе елемеу өзіңнен, өз индивидуалдығынан бас тартумен
бірдей. Ал шынайы индивидуалдық (Гегель дәл айтқандай, жалған
және «ақылсыз» емес) өз «ерекшелігінде» ретсіз ұсына беру немесе
болмашы нәрсемен «көзге түсе беру» емес, ал өз тіршілігіндегі әрбір
сәтте ар-ұятпен әрекетке баруға үйрену болып табылады. Ар-ұятпен іс
істеу, өз қылығының басқа адамдардың мүдделері және игіліктерімен
тығыз байланысын өткір сезінетін, өзіне-өзі шынайы қоғамдық жан
ретінде қарайтын қатынаста бүкіл өмірінен сабақ сияқты алып
шыққан, әрекет болып табылады. Егер адам өзінің адамгершілік
тәжірибесінде тиістінің емес, ал жалпы қабылданған мен дұрыс
пайымдаудың қисыны бойынша ғана әрекетке барса, онда оның
моральдан тыс тұрғанын, айрықша атап өту керек.
Ол тек, оларды таңдау сәті жоқ, әрекет етіп тұрған салт-дәстүрлер
шегінде ғана әдепті. Міне осыда моральдың «қитұрқылығы» тұр,
себебі ол жай жалпы қабылданған әдеп нормаларын орындап жүруді
ғана емес, сонымен бірге адамда өзіне және қоршаған ортаға сыни
көзқараста болуды ол талап етеді. Нақтылы жағдайлармен әбден
санаса отырып, Абай, әрине, өзінің ішкі, рухани, адамгершілік
еркіндігімен қуатты еді, қашан оған сыртқы жағдайлардың
қысымымен тәуелді әрекетке баруға тура келгенде, ол олардан адами,
тұлғалық түрде көтеріле алу қабілеттілігімен, соны дәлелдеді. Осы
жөнінде ақынның өзі былай дейді:
«...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты бар. Сол
мінез бұзылмасын! Көрсе қызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің
256
орынсыз сөзіне, я бір кел келген қызыққа шайқалып қала берсең,
мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ.
Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін
қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық, мінезде азғырылмайтын
ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын? Бұл бір ақыл
үшін, ар үшін болсын»
1
.
Адамгершілік санасы қозғалысындағы ең қарапайым жағдай,
қашан ол дұрыс ақыл мен кең таралған мораль ұйғарымдарымен
қанағаттанбаған түрде, туындайтын сияқты болып көрінеді. Бірақ бұл,
олар кейін жоғарылау, адамдар санасында қалыптасып қалған
үйреншікті түсініктерді өзгертуге қабілетті «айрықша» қылықтарға
барудың қозғаушы себептері тап осындай, өйткені жеке адамдардың
адамгершілік әрекеттері басқалар үшін жағымды үлгі бола алады.
Әдепті жан ретінде, адам тұрақты түрде «пайдалылықтың жалпылама
жүйесінің» шегінен шығуға ұмтылады және іске басшылық ретінде,
өзімен өзі расталған, яғни әрекеттің риясыз, көтеріңкі мотивтерін
қабылдайды.
Абай өмірінің мысалында, әрбір жеке-дара тағдырдағы қоғаммен
берілген және қабылданған құндылықтар, қасиеттер, сапалар,
сипаттамалар адамның өз «бойынан» өтетіндігін, көруге болады. Жеке
тұлға үшін олар алдын ала берілмеген, әлдебір «дайын үлгі» емес, ал
оның өзімен қоғамдық және индивидуалдық даму барысында жасалып
шығарылады.
Абайдың адамгершілік ілімі туралы толғамдар, ол бүгін бізді
қобалжытпай қоймайтын, сол құбылыспен байланысты бүгін
көкейкесті болған, соның бір қырынан тоқталуға ниеттендіреді.
Абай кез келген материалды молшылыққа немқұрайлы болды.
Замандастарын тек қажеттіге ұмтылуға шақыра отырып, Абай
қоғамдық емес, ал тек қара басының қамымен шектелетін (сондықтан
бассызқдыпен жақын), жеке адамдардың қарадүрсін игілігі
мұратымен күреседі.
«Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер?
Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың.
Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты
халал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол
қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны
оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда
жібергеніңді кім біледі? Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын
тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі –
біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап
1
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 70 б.
257
алсаң болғаны, іздегенің – сол. Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл –
абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.
Хош, сөйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып
қылып, ғылым табу керек. Өзіңе табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз
ахирет те, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан руза, қылған
қаж ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды
иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады,
иттікпенен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы – сол үшеуінен басқа еш
нәрсе бойында қалмайды.
Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал
бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа
түседі»
1
.
Сол, не қазіргі тілде «тұтынушылық», «баю», «затшылдық» деп
аталатын, іс жүзінде этикалық принципсіздікті туындатады және
қолдайды, өйткені осындай психологияның қармауына түскен адам, өз
өміріндегі мақсат пен құралдарды шатастырады, олардың орнын
ауыстырып жібереді, құралды мақсатқа айналдырады немесе жалғыз
құралдармен өмір сүреді. Абай мұны жақсы түсінген: « Бұл күндегіде
байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу,
алдай білу – мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау
қамшылы кедей да болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы
етке қолы жетеді. Желөкпелеу, мақтаншақ байларды: «сіз айтсаңыз,
отқа түсуге бармын» деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ,
малын бақпай-ақ содан киімін бүтейтіп киіп, тәуір атын мініп алып,
қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ал бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да
ескермейді. Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы
антұрғанмен ақылдасады. Ол сиырдың жорғасы секілденіп,
қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен және де
ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп «Ой, тәңір-ай, соны
білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой, бұл мына
қулық қой деп, оған бүйдей салсаң болмай ма!» деп бар оңбаған
жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын қылады. Және байдың өзіне
де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай
тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, әлгі антұрған байға, «мен айтпап па
едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?» деп, екіншіде тырп
етпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де,
харекеті де – осы»
2
.
Адам «өзін базарға салып, өз атына мақтау есту немесе біреудің
қызғанышын тудыру үшін» тамақтанбайды, су ішпейді, киім кимейді.
1
Абай
. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 27-28 бб.
2
Сонда, 113 б.
258
Бірақ біреудің оның киген киімдеріне қызғана қарағанында, не тұр?
Өмір тек жеке пайданы көздеу – бұл шектелген адам болу. Дүниенің
барлық игіліктерін алуға ұмтылу үшін көп ақылдың керегі жоқ»
1
. Тек
соның өзі үшін, байлыққа ұмтылу, қазіргі тілмен айтқанда,
тұтынушылық болып табылады, себебі, Абайдың түсінігіне сай,
байлық тағдырлық мақсат емес, ал өмірді сақтап тұру құралы болып
табылады. Адамға бақыт әкелмейтін тойымсыздық сезімі, қалыпты
өмір сүру үшін қажеттінің бәріне, тіпті одан да артыққа ие болудан
емес, ал осыдан басқа оның мақсаты болмаудан туындайды. Тек осы
және басқа емес себеппен тойымсыздық жиі ретте жалығумен,
түңілумен, пессимизммен және рухани бос, шекті өмір сүрудің басқа
атрибуттарымен ілесіп жүреді.
Әрине, Абай мүлдем аскетизмді дәріптемейді, біз оның жеке
өмірі туралы білеміз, оған «бүкіл адамдық жат емес». Байлыққа
қатысты оның айтқандарының бәрі – сұраныстарының аздығын
көрсету емес, мұқтаждықтарының тапшылығы немесе тілектерінің
кедейлігін байқату емес. Мұқтаждықтардың сан алуан түрлеріне ие
бола отырып, Абай заттар мен ләззаттардың бағасын білді деп айтуға,
барлық негіз бар. Бірақ ақылға сай таңдау жасау үшін, Абай логикасы
бойынша, адам неден әбден бас тарта алатындығын толық білуі керек.
«Оған көп нәрсе жетпейтіндіктен, бірдемеге аз мұқтаждық
көрсететінмен және көп нәрсесіз-ақ жүре беретіндіктен, аз мұқтаждық
көрсетіннің арасында айырмашылық бар»
2
, - деп классикалық неміс
философиясының белгілі өкілі И. Кант жазған. Осыған ұқсас ойды
Абай да айтады: «Күшті көп нәрсені қалағанымен, азбен риза болады,
мардымсыз адам аз сұрайды, бірақ көбірек алғанда да, риза емес»
3
.
Мәселе, әрине, заттардың өзінде емес, ал адамның оларға
қатынасында тұр, яғни оларды «жамандықтың себепшілер» және
моральдық реттегі бишаралықтың пайда болуының факторлары деп
көрсетпеу керек. Ал осының бәрінің орнына материалды игіліктер мен
құндылықтар дүниесімен «адамша» өз қатынастарын ретке қоюға
адамның әдептік, рухани дайындығы туралы байыпты ойластыру
қажет. Бұл, кез келген, тіпті ең шатастырылған және сенің бүкіл
тілектеріңді қызықтыратын жағдайда, ақылға сай таңдауға дайын,
тұлғаның моральдығы және мәдениеттілігі туралы мәселе. Берік
жалпылама негіздерге сүйенетін, Абай моралі өзінің нақтылы күшін,
қашан ол қылық, әрекет, яғни адамның индивидуалдық жігерінің
туындысы бола бастағанда көрсетеді. Сондықтан ол, ұстындарды
өмірден жоғары қоятын, ешқандай ригорист емес. Ол шынайы дана,
1
Достарыңызбен бөлісу: |