339
Абайға Маркстың «Музыка ғана адам бойында музыкалық сезім
тудырады; музыкалық емес құлақ үшін
ең ғажайып музыка да
мәнсіз»
1
, – деген сөздері таныс емес еді. Бірақ ол Сократ пен
Аристотельдің, сезім ағзаларының көмегімен қоршаған болмыс
танылады, атап айтқанда, заттар мен өнердегі әсемдік деген ойларын
дұрыс түсінді. Абай өзінің жиырма жетінші қара сөзінде Сократ пен
Аристотельдің мынадай пайымдауларын келтіреді: «Әуелі көзді
көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің
көркінен қайтіп ләззат алар едік? ...
Құлақ болмаса, не қаңғыр, не
күңгір, дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззат ала алмас едік»
2
.
Бұл ойын өрбіте келіп, Абай өзінің қырық үшінші сөзінде: «Ол
хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпымен, ұнамсызы ұнамсыз
қалпымен, әрнешік өз суретімен көңілге түседі... жан қуатыменен
адам хасил қылған өнерлі күнде тексерсең, күнде асады.
Көп заман
тексермесең, тауып алған өнерінің жоғалғандығын және өзіңнің ол
мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді білмей қаласың»
3
, – деп
жазды.
Байқағанымыздай, Абай адамның эстетикалық сезімдері оның
көркем шығармашылығының негізі болатынын түсінген. Сезім
ағзаларының көмегімен адам қоршаған болмысты таниды және
солардың көмегімен өзінің көркем шығармашылығын да әрқашан
байытып отыруы керек.
Абайдың 125
жасқа толуына арналған, салтанатты мәжілісте
жасаған баяндамасында Ғ. Мүсірепов: «Халық ойын жеткізетін, нағыз
ақын әрқашан бүгінгі күнде болашақтың нышандарын көреді. Ол үшін
өткені, бүгінгісі және болашағы тұтас бүтінді құрайды, қоғам дамуы
мен тұлғаның қалыптасуының жалпы тізбегінің буындары болады. Ол
өз міндетін, өз заманындағы қоғам санасын уландырғанның барлығын
үзілді-кесілді жоққа шығару деп түсінеді, ең кең мағынадағы күрескер
болады»
4
.
Өткен заманның көркемдік мұрасын игерудегі маңызды
міндеттердің бірі қазақтың ағартушы-демократтарының эстетикалық
көзқарастарындағы, болашақпен байланыстысын,
өткенге қатысынан
ажырату болып табылады. Осы тұрғыдан біз қазақтың ағартушы-
демократтарынан көптеген құнды және жаңа ұрпақтар үшін де
маңыздыны табамыз. Абайдың табиғат құбылыстары мен заттарға,
сондай-ақ адамның сезімдері мен күйзелістеріне эстетикалық
қатынасының байлығы мен табиғилығы соншалық, біз бүгінгі күнде
1
Маркс К. и Энгельс Ф.
Об искусстве, т.1. С.141.
2
Абай
. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1961, 460 б.
3
Сонда
, 486 б.
4
Казахстанская правда, 1971, 30 мая.
340
де оны өзінің қарапайымдылығы мен адалдығы үшін, құндылық
ретінде қабылдаймыз.
Абай поэзиясының басты тақырыбы
Қазақстан табиғаты мен
халық өмірі болды. Өз шығармаларында ол бұл өмірдің ең мәнді
жақтарын шынайы көрсете білді. Абай дәстүрлі халықтық
шығармашылық элементтерін кең пайдаланды, тілді дамытуы мен
байытуы, оның шығармаларын түсінікті әрі жеңіл етті. Абай
шығармаларында, халық әншілері әлі айтпаған, бірақ халық арасында
өмірге деген наразылық толқуы мен басқа жақсы өмірді көмескі аңсау
түрінде болған ойлар көрініс тапты. «Халықтың стихиялы, жете
түсінбеген талаптарын саналы түрде көрсетіп, бұл үшін оның өзі, сол
кездегі орыс
білімінің шыңына талпынған, Абай, жинағанын
пайдаланып, ақын жалпы мәдениеттік, жалпы тарихи маңызы бар,
жалпыұлттық құндылықтарды жасады»,
1
– деп жазды М. О. Әуезов.
Cондықтан Абайдың өнердің халықтығы туралы көзқарастары
біздің заманымызда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Өнердің халықтығы принципін Абай қазақ тіліне аудару үшін
орыс классиктерінің шығармаларын таңдауда ұстанды. Сондықтан
аударма үшін ол
ең алдымен Крылов, Пушкин, Лермонтов
шығармаларын алды. Өз аудармалары арқылы ол қазақтарды озық,
халықтық идеялармен таныстыруға тырысты. «Абай өз халқының
рухани көзі болды, және халқы үшін ойланып әрі сезініп,
оған оның
тарихи болашағын көрсетуімен халықтық»
2
, – деп жазды М.О. Әуезов.
Абайдың өлеңдері ұлттық, жоғары патриотизм рухында
жазылған. Оның патриотизм сезімі күрделі: ақын халқының ауыр
жағдайын көріп күйзеледі, бірақ оның дарындылығын, мейірімділігі
мен жанының жомарттығын мақтан тұтады;
Ол - өз халқын ғасырлық
көнгіштік ұйқысынан оянуға, өз
назарын озық мәдениетке, ол арқылы – жарқын болашаққа салуға
шақырады. Төменде келтірілген өлеңінде Абай халықтың ауыр
тағдарына өзінің күйінішін суреттейді және оны жақсарту үшін
күреске батыл шақырады:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқпа елдің сиқын?
Өздеріңді түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
… … …
Оңалмай бойда жүрсе осы қырқың,
Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың?
Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,
1
Достарыңызбен бөлісу: