ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет42/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Уразбеков А.
Этическая мысль в Казахстане. Алматы, 1992. 
2
Қар.: Проблемы казахского обычного права. Алматы, 1989. 


170 
пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру, қапасқа қамау сияқты 
репрессиялық шаралардың жоқтығы
1

Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен 
конформизмге негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дәстүрлерді, 
демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде 
көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие 
индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне 
жауапкерлікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге 
өз пікірін жеткізу және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын 
заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да 
осылай болды. 
Дәстүрлі қоғамдағы кәдімгі құқықтың қуатын Ш.Ш. Уәлиханов 
әлеуметтік-мәдени тамырланумен түсіндіреді, себебі «ол көбірек 
белгілі болғандай, оның бұл заңы қаншама жетілмеген болып 
көрінгенімен, ол бүкіл бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, 
түсініктілеу және айқындау болып көрінуге міндетті, төлтума заң 
болғандықтан халық үшін ол жақсы»
2

Айтпақшы, 
Гегельдің 
құқық 
философиясында, 
шынайы 
адамгершілік абстрактылы және объективті құқықтың, абстрактылы 
және субъективті моральдың қосындысы емес деп, аталып өтеді. Егер 
балықтарды алтын аквариумға орналастырғаннан, олар алтын болып 
кетпейтіні сияқты, адамдар да, оларға заңдар сыртқы түрімен, өзінің 
жеке руханилығындай емес түрде ендірілген, сол заңдардан әдепті 
болып кетпейді. 
Гегель бойынша, «Мемлекет азаматы» болу заңмен рухани 
қосылуды білдіреді. Алайда заңды орындау ғана азамат болып 
қалыптасу үшін жеткіліксіз, заңдардың рухани, мәдени құбылыс, 
игілік ретінде қабылдануы маңызды. 
Қазақтың кәдімгі құқығының әсерлілігі, әлеуметтік-мәдени 
процестермен тұтасуымен бірге, «ар-ұят мәдениетінің», яғни бүкіл 
рудың алдында бетсіз болып қалудан қауіптенудің, ру алдындағы 
жауапкершілік пен өзіндік жетілуді себептеген, төлтума мәдени-
психологиялық тетіктің өмір сүруімен түсіндіріледі. 
Бүгінгі күн шындықтарына қайтып келейік. Қалыптасып келе 
жатқан плюралистік қоғамның этикасы тұлға автономдығының өсуші 
дәрежесінен қашан индивид тек мемлекет жағынан әсерді 
қабылдаушы объект болуды қойып, әлеуметтік өзара қатынастардың 
субъектісі 
бола 
бастайтын, 
үлкен 
еркіндік 
пен 
1
Қар.: Проблемы казахского обычного права. Алматы, 1989; 
Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в 5 т. 
Алма-Ата, 1985. Т.4. С. 94. 
2
Валиханов Ч.Ч.
Собр. соч. в 5 т. Алма-Ата, 1985. Т.4. С. 94. 


171 
индивидуалдандырылған көп өлшемділікке ие болатын, адамның көп 
өлшемділігінен шығуы керек. 
Қазіргі индивид тұлғалық бірегейлікке жету үшін сакральды 
бірлікке енді ұмтылмайды. Ол көпті немесе азды қоршағандардан, 
қоғам 
жағынан 
бақылаудан 
азат. 
Индивидтің 
моральдық 
құндылықтарының қайнарлары да өзгерді – олар енді тек сенім 
бойынша қабылданбайды, қоғамдық бақылау формалары өзіндік 
тәртіппен ауыстырылады, дәстүрлі институциональдық моральдан 
тұлғалық этикаға өту жүріп жатыр. Мифологиялық сананың, 
бейрационализмнің бұғауларынан босай келе, түсініктер мен 
қылықтар да рационалдандырылып келеді. 
Қазіргі азаматтық қоғамды талдау оның қажетті әлеуметтік-
мәдени және бір уақытта нарықтық модустары рационализм, теңдік, 
прагматизм, дербестілік, жауаптылық, ашықтық және т.б. болып 
табылатындығын көрсете алады. Өркениеттік сипаттағы бірқатар 
себептер 
бойынша 
аталған 
модустар 
қазақстандық 
қоғам 
шындығында 
ұлттық 
ділді, 
дәстүрлі 
этиканы 
қайсыбір 
трансформациялаусыз бұтақтана алмайды. Терең әлеуметтік-мәдени 
түп-негіздерде ұялаңған, көрінбейтін кедергілерді әлеуметтік-
орталықтық үлгілер кездестіре бастайды. Солай, рационализм 
тұрғындардың мұсылмандық бөлігіне жат емес. Бірақ ол батыстық 
рационализмнен мәнді ерекшеленеді, себебі рационализмнің бұл типі 
өзінде көбірек тұйықталған, өз мақсаты ретінде рас білім мен ақиқатқа 
жетуді қоймайды, ал, керісінше, интуициялық-мистикалық танымға 
қызығушылық байқатады, интуицияға, субъективтік сезімталдыққа 
артықшылық танытады. Осыдан міндетті түрде болып жатқанның 
ақиқаттығы субъективті түрде көрінеді. Тек құдайылық белгімен 
таңбаланған, білім ғана абсолютті ақиқат ретінде мойындалады. 
Сондықтан еуропалықтардың көзге анықты ұстануы мұсылмандармен 
күйбең тіршілік, болып жатқанда құдайылықты көре алмау ретінде 
бағаланды. Және «рационалды еңбек» ұғымы мұсылман мәдениетіне 
жат еді. 
Ұлттық ділдегі рулық бастамалардың басымдылығы еркін 
индивидуалдық әрекет жолында тежеуіш болып шықты. Дегенмен 
көшпелі өмір салты өз жеткіліктігін дамытуға себебін тигізгенімен, 
бірақ әрбір көшпелі өз өмірінің мағынасын қасиеттіге қызмет етуден 
көрді, осымен оның өз еркімен руға қызмет етуі түсіндіріледі. Рудан 
қуылу ғарыштан, Құдайдан аластатылумен бірдей деп бағаланды, 
масқара болып есептелді. Көшпелі-малшының еңбегі белгілі бір 
кәсіппен шектелген еңбек емес еді, өйткені бұл өмір салты кәсіби іс 
ретінде қабылданбады. Құрметте еңбектің өзі емес, ал олар оның 
иесіне беретін, мал және сол артықшылықтар болды. Байлыққа ие 


172 
болу дұрыс қылығы үшін берілетін Аруақтардың қамқорлығы ретінде 
бағаланды.
Бүгін «жаңа қазақтар» да, рационалды еңбек пен еңбек этикасына 
қарағанда, байлық рәміздерін жоғары бағалайды. Арғы тектердің 
жебеуші қамқорлығына сенеді, «өлі риза болмай, тірі байымайды» 
деген дәстүрлі нақыл сөздерді ұстанады. 
Жалпы мейрамшыл көңіл-күй қазақ ділінің ерекшелігі болып 
табылады. Соңғы еңбек ету, әскери күндерден және мейрамдардан 
жинақталады. Тойлар бар әлем тәртібін қасиеттендірді, өмір сүріп 
тұрған құрылысты бекітті, иерархиялық қатынастардан (ақсүйек - 
қарасүйек) және тәуелділіктерден, тыйымдар мен нормалардан 
уақытша еркіндік енгізді. Бұл тойлар ахуалынсыз тіршілік толымсыз 
болды және жалпылықтың, азаттықтық, теңдіктің және молшылықтың 
утопиялық патшалығы халықтық мейрамдау күндері салтанат құрмас 
еді
1
. Еңбектің әлсіз мамандануы және бөлінуі, соңғысын өмір 
салтымен теңестіру еңбек этикасының пайда болуына кедергі 
қызметін атқарды. 
Еңбек этикасының маңызды элементі ынтымақтастық болып 
табылады. 
Дәстүрлі қазақ қоғамында хан бір өзінде демеуші, жұмыс беруші, 
әкім, сот төресі, әскери басшы тұлғаларын біріктірді. Оған деген 
сенімділік, іскерлік әріптестік немесе ынтымақтастық қатынастарында 
емес, ал туысқандық немесе харизмаға негізделген, жеке тәуелділік 
қатынастарында құрылды. Ынтымақтасу формасы тәуелділік 
сипатына ие және нақтылы болды, яғни белгілі бір дәстүрлер мен 
жағдаяттарға байланыстырылды. 
Кеңес Одағы кезеңінде бірдейлендіру мен абстрактылы 
субъектілердің жалған субъектившілдігі орын алды. Тең құқылы 
субъектілердің ынтымақтасуы ретіндегі шынайы коллектившілдік 
іскерлік әріптестікке, жауапты әрі мүдделі өзара қарым-қатынасқа 
жол ашады. Демократияшылдық, әділдік, теңдік сияқты басқа 
әлеуметтік-мәдени модустарға келсек, онда олар этикалық 
категориялардың мазмұнын қиып өтеді, бірақ тағы да еркіндіктің 
батыстық түсінігінен өз айырмашылықтарына ие болады. 
Дәстүршіл түсінікте еркіндік ережесіз ойын, стихия, ретсіздік, 
жігер іспеттес болып келеді. Онда бір-біріне және әлеуметтік 
ұжымдарға, әлеуметтік тәртіптің ұстап тұрушы негізі ретінде, 
қалыпты қылық туралы түсінік жоқ. Батыстық түсінікте еркіндік 
әлеуметтік 
ұжымдардың 
сапасымен, 
әлеуметтік 
тәртіпті 
ұйымдастырудың ұстынымен, әлеуметке қатысты құқықпен, 
жауаптылық және міндеттілікпен т.т. теңестіріледі. 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет