ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет70/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Нысанбаев Ә.
Адам және ашық қоғам. - Алматы: Қаз. энцикл., 1998. 69 б. 


221 
тек оппозицияның өкілдері ғана емес, сонымен бірге ресми билікті 
жақтаушылар да айтады. Қазақстан сияқты өтпелі қоғамда азаматтық 
құрылымдар бірден пісіп-жетіле салмайды. Мәселе, мемлекеттің 
бағыты туралы болып отыр. Айталық Қазақстан Президенті 
индивидуализмге негізделген қоғамды орнатуды елдің мақсаты дейді. 
2030 Стратегиясында: “Қоғамымыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз 
көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы 
өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне 
дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік, – қысқасы біз азаттық 
алдық. Мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес 
дүниетанымына ауысу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті”
1

Жоғарыда аталып өткендей, жекешіл дүниетанымды орнықты ету 
орасан зор талпыныс пен ерікті қажет етеді. Осы мәселенің мәдени 
жақтарына назар аударайық. 
Утопиялық коллективизм мен бұрмаланған жекешілдіктен басқа 
Мендік сезім өркениеттілік құндылықтарымен үйлесімді тоғысқан 
қоғамға өту күрделі үдеріске жатады. Мәселенің әлеуметтік-мәдени 
маңызды қырына өтпелі қоғамдағы таратылған (кейде жойылған) 
әлеуметтік құрылымдардың орнында қайтадан құрастырылған жаңа 
қоғамдастықтар мен адамдық бірлестіктерді сараптау жатады. Жаңа 
қоғамдастықтар адамның индивидуалдық табиғатына сәйкес 
ұйымдастырылуы қажет. Марксизмнің қоғамдық адам жобасының 
жүзеге аспау себебі осы ілімді дәйексіз жүргізуі емес. Мәселе 
индивидуализм мен коллектизмді бір-біріне қарсы қоюда да емес. 
Шын мәніндегі жекешілдік эгоизм мен альтруизмді де, сұхбат пен 
ынтымақтасты да, мораль мен құқықты да бекерге шығармайды. 
Индивидуализм 
тұлғасыздандырылған 
әлеуметтік 
жүйелермен 
үйлеспегенімен, мәдени архетиптерге (“коллективтік бейсанылық 
негіздер”), ұлттық діл мен рухқа, комплиментарлық бірегейленуге әр 
уақытта сүйенеді. Сол себепті әрбір жеке адамға ұлттық тарих пен 
мәдени мұра, мифтер мен аңыздар, батырлық жырлар т.т. ауадай 
қажет. 
Орталықсыздандыру (постмодерндік) мәдениетінде басқарушы 
және бақылаушы орталықтардың құрсауынан босаған индивид үшін 
таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Потенциалды трансформацияның 
нәтижесінде және бұрынғы мұраттардың жоғалуы жеке тұлғаны, бір 
жағынан, белсенділікке, алға ұмтылуға, жасампаздыққа жетелесе, 
екінші жағынан, өз мүмкіндіктерін дұрыс бағаламауы арқылы 
енжарлыққа, сенімсіздікке, түңілуге, қоғамға жат қылықтарға апаруы 
мүмкін. Өтпелі мәдениетке тән тұлға мен қоғамдастықтардың аралық 
жағдайын білдіретін қалыпты маргиналдану деп атайды. Бұл ұғым 
1
Нысанбаев Ә.
Адам және ашық қоғам. - Алматы: Қаз. энцикл., 1998.11-12 бб. 


222 
тікелей мәдениетке қатысты болғандықтан оған арнаулы тоқталайық. 
“Мәдениеттану сөздігінде” аталған феноменге мынандай анықтама 
беріледі: “Маргиналдық (лат. Margіnalі — шет, жиектегі, шекарадағы) 
– қоғамдағы әртүрлі процесстердің нәтижесінде (көші-қон, 
этномәдени 
әрекеттестіктер, 
қоғамдық 
жүйелердің 
модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. 
Маргинал — дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен 
мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр, 
аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, 
дәстүрлі нанымдары, бағдарлары және тұрмыс салттарының, басқа да 
элементтерінің конгломераты. “Маргиналды тұлға” ұғымын 1920 
жылдары өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімделуге 
мәжбүр жағдайға тап болған иммиграттардың мәдени статусы мен 
сана-сезімін белгілеу үшін Р.Парк ұсынды”
1

Сонымен, маргиналдық шекаралық әдептік-мәдени кеңістіктегі 
ауытқушы адамдарға жатады. Олар бұрынғы құндылық аймағынан 
шығып қалғанымен, жаңа топтың құрамына да ене алмай қалды. 
Әрине, 
маргиналдықтың 
жағымды 
жақтары 
да 
бар: 
инновацияшылдық, 
мобильдік, 
ашықтық, 
т.т. 
Алайда, 
марганиналдану, З.Фрейд тілімен айтқанда, Мен және Идеал-Меннің 
арасындағы үйлесімсіздіктен туындайды. Мысалы, Қазақстан 
жүргізілген реформалардың нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік 
меншікпен байланысты адамдар (инженерлер, жобалау институтының 
қызметкерлері, зоотехниктер мен агрономдар, т.т.) маргиналдану 
процесіне ұшыраған. Осы жөнінде ғалым-социологтар мынандай 
қорытындыға келеді: “Әлеуметтік маргиналдау адамның әлеуметтік 
тек не өзін бір топпен бірдей санауы туралы ойларын өзгерте отырып, 
әлеуметтік институттарының функцияларын шатастырды, ірі және 
шағын әлеуметтік топтардың әлеуметтік позициясын өзгертті, жаңа 
әлеуметтік топтарды дүниеге келтірді. Қазіргі қазақстандық қоғамда 
адамның өзін бір топпен бірдей санауы дағдарысқа ұшыратуда. Өзінің 
қай топқа жататыны туралы ойламайтын, не оған бейтарап қарайтын 
адамдар тобы көбеюде. Бұл мағынада дүние макро деңгейде ғана емес, 
микро байланыстар деңгейінен де топқа өзін мүше санау қатынасын
бұзды. Э. Гидденстің айтуынша, ”өзін сол топпен бірдей санау 
субъектінің әлеуметтік қатынастар мен байланыстарға қосылуының 
бірден-бір тәсілі болып саналады, ал бұл процестің күйреуі қазіргі 
қоғамның автономизациялануын сипаттайды”
2

1
Мәдениеттану сөздігі/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет