ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет89/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Кенжалиев К.
Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. – Алматы: Жеті жарғы, 
1997.
 
47 б. 
2
Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап /ред. Нысанбаев Ә. – Алматы: ФСИ, 2001.164 б. 


288 
2. Көптеген қылмыс қатігездік емес, керісінше, ру аясындағы 
мәмлеге келумен шешілген. 
3. Өзгеше қылмыстар, тіпті кісі өліміне дейінгі айыпты мен 
жәбірленушіні татуластырып табыстыру, достастыру, құдандалар ету, 
бірінен бала асырап алу секілді ізгі ниетті шешім табатын. Кішігірім 
өкпе-араз, жанжал-ұрыс аяққа жығылу, ат мінгізіп шапан жабу, бас 
иіп тағзым ету, иіліп ас ұсыну секілді әдетке баулу, бірлікке, достыққа 
келтіру, кеңдік пен біліктілік таныту арқылу шешімін тапқан. 
Қазақы 
дүниетанымда 
әдептік, 
құқықтық 
және 
діни 
құндылықтардың синкретизмі жөнінде жоғарыда атап өткенбіз. Бұл 
мәселені басқа қырынан қарағанда мынадай тұжырымға келуге 
болады: дәстүрлі қазақ қоғамында әділеттілік пен еркіндік имандылық 
талаптарымен шектелген. Имандылық ұғымын біз бұл жерде арнаулы 
қарайық деп мақсат қоймадық. Имандылықтың шыққан тегі дінде 
болса, кейін бұл ұғым әдептілік пен кісілікті білдіретін басты 
құндылыққа айналды. 
Иман дегеніміз ардан аспау, ақылдан алжаспау. Иманның екі 
мағынасы бар. Бірі – тіл, сөз. Яғни тілмен жеткізіп, сөзбен сипаттау. 
Олар: көркем сөз, куәлік сөз, бірлеу сөз, тойтару сөз, тілеу сөз және 
ұлықтау сөз. Екіншісі – илану, шарттық, яғни болмыспен бетпе-бет 
кездесу. Алланың қасиеті мен сипатын арлау. Олар: оның барлығы, 
мәңгілігі, періштелері, пайғамбарлары, бірлігі, жекелігі, ақырет күні, 
тірлігі, білуі, есітуі, көруі, қалауы, күші жетуі, жаратуы, сөйлеуі. 
Осылардың арқасында иман пенделерде үш түрлі: тілмен айтып
жүрекпен бекітетін иман; шешімге келетін қорытынды иман; риясыз 
иланатын толық иман, не сенімсіз күй кешетін әлсіз иман өмір сүреді. 
Ал аталмыш иманның ақ-қарасын білу үшін адам мен хайуанды һәм 
жақсылық пен жамандықты айырып, ажалдың уақыт әмірі екендігін 
мойындап, зұлымдық пен өтіріктен сақтанып, мінез мінін кетіріп, 
адам өзін өзі таныса құдайын да ұмытпасы хақ. Сонда ғана адам іске 
икемді, мінезге бай болары анық. 
Адамнаң ең асылы –
Қиянатсыз, ақпейіл. 
Ең зиянкес жасығы – 
Тайғақ мінез, екі тіл. 
Сөз мінезі құбылса 
Ар, иманы жоқ деп біл. 
Аулақта жемтік сыдырса, 
Оны ойыңмен айуан қыл”
1
, — деп, Шәкәрім айтқандай шығары 
шындық. Демек, имандылық – ар өлшемі екендігі даусыз. 
1
Шәкәрім
. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988.
 
267 б. 


289 
Имандылық ұстанымы хандық дәуіріндегі ақын-жыраулардың 
тек шығармашылығында ғана емес, сонымен бірге олардың 
өмірбаянында да айшықты көрініс тапты. Ел шетіне жау тиіп, ер 
намысын қайраған сол қилы заманда тұлпар мініп, ту алған біртуар 
ұлдар, алдаспанын ата жауының қанына суарып, шөліне орман, 
жұртына қорған болумен қатар, суырып-салма ақын, жыраулық өнерді 
қатар алып жүріп, қанатты сөздерімен, ақиқат өткір жырларымен 
өздерінен кейінгі буынға үлкен үлгі-өнеге бола білді. 
Қазақы әдептік құндылықтар жөнінде сөз қозғағанда, отбасылық 
игіліктер туралы, айтпай кетуге болмас, өйткені әйелге деген көзқарас 
қоғамның жалпы мәдениеттілігі мен әдептілігінің деңгейін білдіреді. 
Әр түрлі әлемдік әдебиетте дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел 
жағдайы туралы сан алуан көзқарас бар, жүйелеп келгенде мынадай 
пікірлерді атап өтуге болады: 
1. Көшпелі қазақтарда патриархалдық қатынастар үстем болған, 
сол себепті әйелдер басыбайлық, кіріптарлық халде ұсталды. 
2. Ислам діні нығайғаннан кейін қазақ әйелдерінің жағдайы онан 
бетер қиындап кетті. 
3. Қазақ қоғамына тән полигамия, әмеңгерлік пен айттыру әйел 
еркіндігін шектеп тастады. 
4. Қалыптасқан ережелерді бұзған әйелдерге қатігез (варварлық) 
жазалар қолданылды. 
Енді жоғарыдағы “қағидаларды” дәстүрлі қазақ қоғамының 
айнасы–ақын-жыраулар толғауларындағы әйел суреттемелерімен 
және этнографиялық деректермен салыстырып көрелік. Бұл 
толғаулардан қазақ әйелінің әлеуметтік статусы төмен болды деген 
жорамалдың негізсіздігі анық көрінеді. Мысалы, ақындық дәстүрде 
әйел мен ақын айтысы кең орын алған. Ақын тек өзі сыйлайтын 
кісімен ғана айтыса алады. Шал ақын адам бақыты өзіңе тең 
құрбыңды тауып алу дейді. Ондай әйел “саясы мол бәйтерекпен, алла 
жаудырған нұрмен тең”. Керісінше “екі қатын алғанның дауы үйінде, 
жаман қатын алғанның жауы үйінде” дейді
1

Шал ақын әйелді тек елдің құты ғана емес, оған қоса дүниелік 
сұлулықтың бейнесі, рәмізі деп жырлайды: 
Дегдар қыз екенсің бір алма мойын, 
Ұжмақтан жаратылған жұпар қойнын, 
Жарқырап зуһрадай екі көзің 
Таранған әр тарапқа созып мойын. 
Сіздердің мен таң қалдым жамалыңа, 
Ақылға толықсыған кәмалыңа 
Елшіге елу теңге бермек мақұл, 
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет