ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана


 б. 2 Артықбаев Ж.О. Қазақ этнографиясы. ХVIII ғасырдағы этнос және қоғам. – Қарағанды: ҚарМУ,  1995



Pdf көрінісі
бет92/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

 
48 б.
2
Артықбаев Ж.О.
Қазақ этнографиясы. ХVIII ғасырдағы этнос және қоғам. – Қарағанды: ҚарМУ, 
1995.
 
226 б. 


295 
III. ҚАЗАҚ ЭСТЕТИКАСЫ 
 
Бәтеш Қазыханова
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ 
1. Көшпелі қазақ қоғамының эстетикасы 
Адамдардың сырт келбетінде, олардың қарым-қатынастарында, 
киімінде, үйлерінде, олар жасап шығаратын заттарда, олардың тілі 
мен өнер туындыларында – осының барлығында олардың эстетикалық 
мәдениетінің ерекшеліктері, негіздері көрініс табады. 
Ұлттардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік-саяси 
қатынастардың даму деңгейі мен сипаттамасына, географиялық және 
басқа да жағдайларға байланысты әр түрлі қалыптасады. Міне, 
сондықтан әр халық өз ерекшеліктеріне ие және соған байланысты 
әлемдік мәдениеттің алтын қазынасына қолынан келгенінше үлесін 
қосады. Алға қарай сенімді жылжу үшін өткен ұрпақтардың нәтижелі 
тәжірибесін жақсы білу әрі дұрыс пайдалану қажет. Тағы бір маңызды 
нәрсеге эстетикалық ойлар, талғамдар мен түсініктердің қалай 
қалыптасып, қалай таратылатынына зер салып ұғыну жатады. 
Бұл жұмыстың мазмұнын қазақ халқының эстетикалық 
мәдениетінің қалыптасуы мәселелері құрайды. Шын болмысты 
эстетикалық бейнелеу қабілеті қай халықтың болса да дамуының ең 
алғашқы сатыларында пайда болады, оның дәлеліне өткен 
мәдениеттің 
құндылықтарын 
зерттейтін 
тарих, 
археология, 
этнография ғылымдарының көптеген мәліметтері жатады. 
Қазіргі заман халықтарының эстетикалық мәдениеті өз құрамына 
өткен ұрпақтардың көркемдік шығармашылығында жинақталған 
эстетикалық сезімдер мен түсініктерді қамтиды. 
Барлық халықтар сияқты, қазақтардың да бай тарихы бар. Қазақ 
өнерінің тамыры тереңде. Ол халықтың рухани шығармашылығының 
құнды нәтижелерін қамтиды және бұл жағдай қазіргі ұрпақты уақыт 
озған ата-баба мәдениетімен жалғастырады.
Адамзаттың рухани мәдениетінің шексіз сан түрлілігінен қазіргі 
заманның ешбір адамы оқшаулана алмайды. Сондықтан салт, дәстүр, 
өткен заманның жинақтаған білімі сияқты, өнер туындыларын да 
оларға деген жаңа қызығушылықты арттыру және содан олардың 
шынайы құндылығын айқындау үшін, әрбір ұрпақ өзінің әлеуметтік-
тарихи контекстіне енгізеді. 
Адамның қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасы оның 
өміршең практикалық қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде пайда 


296 
болады. Қоршаған табиғатты игеру үрдісінде адамдар түске, дыбысқа 
және т.б. немқұрайлы қараған жоқ. Мысалы, музыканың пайда 
болуының қайнар көзі адамның сөйлеуімен қатар дауысқа 
еліктеушілік те болды. Өнер дегеніміз табиғатқа, ғарышқа және 
адамдардың іс-әрекетіне еліктеу болып табылады деген ойды, 
музыканы «сфералар үйлесімділігіне» еліктеу деп таныған, 
пифагоршылдар айтқан болатын. Демокриттің пікірі бойынша, барлық 
өнер түрлері мен қолөнер кәсібі жануарлардың іс-әрекетіне еліктеу 
болып табылады: ән салуда біз құстарға еліктейміз, үй салуда – 
қарлығаштарға және т.с.с.
1
Алғашқы қауым өнерінің тарихындағы ең маңыздысы, ол өзінің 
алғашқы қадамдарынан бастап, негізінен қоршаған әлемді шыншыл 
жеткізу жолына түсуі болып табылады. Мысалы, жоғарғы палеолит 
өнері, оның ең жақсы үлгілерін алғанда, табиғатқа деген таң қаларлық 
белгілерді дәлдікпен жеткізуімен ерекшеленеді
2

Көшпелі халықтар мәдениетіне қатысты революцияға дейінгі 
орыс ғылыми әдебиетінде әр түрлі пікірлер айтылды. 
Кейбір авторлар, мысалы, Д. Хвольсон, В. Васильев, В.Д. Тропов 
және кейбір басқалары, көшпелілерді жасампаздыққа емес, тек 
қиратуға ғана қабілетті деп санап, көшпелі халықтарда қандай да бір 
мәдениеттің болуын мүлде мойындамады. А. Левшин, Г. Ядринцев, 
О.И. Сенковский, Н. Васильев, В.В. Григорьев, Н .Остроумов және 
басқалары басқа көзқарасты ұстанады. Алайда, аталған екінші топтың 
ішінде тек прогрессивті ойлаушы зиялылар ғана емес, В.В. Григорьев 
сияқты, мемлекеттік чиновниктер және мақсаты христиан діні 
негізінде орыс мәдениетін тарату болған адамдар да (Н. Ильминский, 
Н. Остроумов) болған, олар бұл жағдайда да адал ниетті ғалымдар 
болғысы келгенімен, көшпелі халықтардың белгілі бір артта 
қалушылығын олардың туа біткен табиғи қасиеттерімен түсіндіруге 
тырысты. 
Мысалы, Н. Остроумов: «Орталық Азия көшпелілері, тарихи 
себептердің салдарынан алғашқы қауымдық дерлік жағдайда қалып 
отыр... Ежелгі халықтар тарихы, олардың көбісі өз өмірлерінің 
алғашқы даму кезеңінде ақыл-ой мен өнегеліктің дамуы бойынша 
төменгі сатыда тұрғандығын, бірақ та ақырында ағартушылық пен 
мәдениеттің жоғары сатысына жеткендігін дәлелдейді», – деп жазды.
Шығыс тарихына терең қызығушылық танытқан, профессор В.В. 
Григорьев, көшпелі халықтардың жалпы дамудағы басқа халықтардан 
артта қалуын тарихи себептермен түсіндірумен шектелмей, ерекше 
назар аударарлық пікірлер айтты. «Көшпелі тұрмысты әдетте қандай 
1
Қар.: История эстетики. Памятники мировой эстетической мысли. Т. 1. - М. С.64. 
2
Қар.: Всемирная история. М., 1956. С. 63. 


297 
да бір экономикалық немесе едәуір интеллектуальдық дамумен 
сыйыспайды деп есептейді, бірақ бұл солай бола қоюуы негізді ма 
екен. Ойдың жаттығуы үшін екі жағдайдың қажеттілігі шүбәсіз: бос 
уақыт және қарым-қатынаста болу, көшпелі, егіншіге қарағанда, 
осында қолайлырақ жағдайда тұрады... көшпелі қиялдау, жігерлілік 
пен ақындық шығармашылыққа қатысты барлық жерде басқалардан 
анағұрлым асып түседі: суырып салып айту – далада тіптен кәдімгі 
көрініс... қолөнер кәсібі: былғары, тері илеу, токарьлық, темір соғу 
және 
басқалары 
әдетте 
отырықшы 
ауыл 
тұрғындарында 
көретінімізбен бірдей немесе одан да жоғары сатыда болады. Сөйтіп, 
тіпті таза көшпелілерде де, оларға әдетте білмей берілетін, азаматтық 
пен 
мәдениеттіліктің 
айтарлықтай 
төменгі 
сатысында 
орналаспағандығы танылады»
1
, – деп қорытады профессор В.В. 
Григорьев.
Әйтсе де, көшпелі халықтардың тұрмысы мен рухани өмірін 
зерттеу барысында революцияға дейін орыс және кейбір батыс 
еуропалық ғалымдар талай әрекет жасаса да, бірақ та көбісі оларға 
мәлімсіз қалды, басқалары олармен жаңылыс түсінілді, олардың Азия 
халықтары туралы айтқандарындағы қайшылықтары, шамасы, осымен 
түсіндіріледі. Реакцияшыл ғалымдар, тарихи шындықты бұрмалауға 
алып келетін жалған негіздерді әдейі біле тұра басшылыққа алды. 
Көшпелі халықтардың рухани өмірін шынтуайттап ашу үшін, 
алдымен мәдениет жемісі болып табылатын, олардың экономикалық, 
тұрмыстық жағдайларын зерттеу қажет. Жалпы көшпелі халықтарда
соның ішінде қазақ халқында, өзінің көпғасырлық тәжірбиесі, болмыс 
туралы өз мағлұматы, әсемдікке деген және т.б. өз көзқарастары бар. 
Кейбір авторлар тарих, археология, этнография және әдебиет пен өнер 
тарихының аса бай мәліметтерімен таныстығы жеткіліксіздігінен ғана 
көшпелілердің рухани мәдениетінің маңыздылығын төмендетеді. 
Әйтсе де, бұл халықтардың рухани өмірінің ерте кездегі даму сатысы 
әлі толық зерттелмеген. 
Соңғы онжылдықта ғалымдар өз назарын Орта Азия мен 
Қазақстан тарихының феодалдыққа дейінгі кезеңіне аударды. 
«Эллинистік Шығыс» пен Иранның көркемдік шет аймағы ретінде 
көрсетілген көне Түркістан туралы қалыптасқан көзқарасты күрт 
өзгертетін, өнер мен мәдениеттің тамаша ескерткіштері ашылды
2
. Бұл 
жаңалықтар, бізге, Орта Азия мен Қазақстан халықтарында алғашқы 
қауымдық қоғам сатысында көркем шығармашылықтың дамуын 
мойындамайтын кейбір қазіргі заман ғалымдарының пікірлерімен 
келісуге мүмкіндік бермейді, өйткені әлдеқашан өткен жылдардағы 
1
Туркестанский сборник. 1886. С. 395, 127-128, 129. 
2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет