ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет86/145
Дата04.11.2023
өлшемі2,51 Mb.
#189323
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   145
Байланысты:
etika-i-estetika-kazahov

Айтматов Ш., Шаханов М.
Төрт ана немесе туған жерге табан тіреу // Егеменді Қазақстан. — 
1995.- б. 
2
Сейдімбеков А.
Күңгір-күңгір күмбездер. – Алматы: Өнер, 1984.
 
7 б. 


281 
Теңдес қайдан табарсың? 
Қарияларын жамандап, 
Кеңес қайдан табарсың? 
Қарындасын жамандап 
Өзіңе туған табылмас”
1

Егер тарихи арғы текке назар аударсақ, онда бұл түсінік “аталы” 
сөзімен айқын берілетіндігін байқауға болады: 
“Аталының баласы 
Жабыққанын білдірмес 
Жамандар мазақ қылар деп”. 
Текті адам деп құрметті ата-бабалары бар кісі айтылады. Бұл 
үшін “ата жұрты бұқара өз қолында болуы қажет”. Қазақы түсінікте 
тарихи арғы тек әруақ ретінде құрметтеледі. Алайда тектілік өзімен-
өзі кісілік құндылық бола алмайды. Өйткені: 
“Жаманнан туған жақсы бар, 
Адам айтса нанғысыз. 
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз”
2

Ақын-жырауларда тектілік бірнеше мағынада қолданылады. 
Оның бірі – қауымнан, қалың бұқарадан өзінің ерекше қасиеттерімен 
бөлініп шыққан текті кісі. Бұл, әсіресе, Темір би, Абылай хан және 
батырлар 
суреттемелерінде 
айшықтана 
түседі. 
Текті 
адам 
“көпшіліктен” өзгеше жаралған тұлға. Көпшілік, әдетте, өзінен 
суырылып шыққанды ұнатпайды. 
“Қоңқалаған көп жаман, 
Сол жақсыны көре алмас”
3

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы түсінік бойынша көпшілікті аталы 
(текті) кісі басқару қажет. Шал ақын жазғандай: 
“Атасыздан би қойсаң 
Алжастырар еліңді, 
Жолды сөзді айта алмай, 
Сындырар бір күн беліңді. 
Аталы елден би қойсаң, 
Бір бұтағы сенімді. 
Сылап-сипап құрметтер, 
Бетін бұрып оңға еліңді
4

Қазақ этикасының басты құндылықтарының бірі – төзімділік 
(толеранттылық) мұраты. Біз өткен құндылықтарды жаңа заманға 
1
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия /құр. Мағауин М. - Алматы: Ана тілі, 1993.
 
67 б. 
2
Сонда
, 61 б. 
3
Сонда
, 83 б. 
4
Сонда
, 150-151 бб. 


282 
әдейі таңып отырғанымыз жоқ. Бұл жерде құндылықтар сабақтастығы 
туралы айтуға болады. Мәселе тек терминде емес, ол осы терминмен 
белгіленетін ұғымның мағынасында. Қазіргі философияда “дискурс” 
деген термин бар. Түсініктемелері көп. Біз оны қысқаша 
“мәдениеттердің мағыналық деңгейінің сұхбаттық табиғаты” деп 
аударар едік. Егер төзімділікке келсек, онда С. Айдарбаев оған 
мынадай түсіндірме береді: “саяси төзімділік (толеранттық) деп 
өзгеше көзқарасқа жол беруден тайынбайтын белгілі бір саяси 
күштердің тұрғысын (позициясын) түсіну керек. Егер бұл күштер 
билік басында болса, саяси төзімділік барынша кең түсінілетін 
конституциялық шеңберде оппозицияның қызметіне жол беру 
саясатынан көрініс табады. Жеке тұлғаға келетін болсақ, саяси 
төзімділік терминін саяси қарсыластар пікіріне құлақ асуға дайын 
болуды, оларды логикалық дәлелдеу арқылы өз жағына тартуға 
тырысуды білдіреді”
1

Төзімділік тек саяси ұстаным ғана емес, оның діни, этикалық
мәдениеттанулық және тағы басқа қырлары бар. Қазіргі кезде кейбір 
саясаткерсымақтар ислам төзімділікке қарсы дін деп пікір айтады. 
Қазақ ақын-жырауларының исламдық дүниетаным шеңберінде 
болғаны белгілі. Көп талқылауға бармай-ақ қасиетті құрандағы 109-
шы сүреден бір үзінді келтірейік: “Мен сіздердің табынатындарыңа 
табынбаймын ғой, сіздерде менің табынатыныма табынбайсыздар. 
Сіздерге – өзіңіздің дініңіз, маған болса – өз дінім”. Бұл жолдарда 
төзімділіктің негізгі қағидасы анық әрі дәл тұжырымдалған. 
Оған қоса төзімділік адамгершіліктің “алтын ережесімен” де 
(өзіне не тілемесең, басқаға да оны тілеме!) тығыз байланысты. Қазақ 
халқына төзімділік ерекше тән болған. Оның негіздері ретінде қатал 
далада тіршілік етуге қажетті жоғары табиғи және моральдық 
төзімділік, меймандостық, іштесу мен сұхбатшылдық (Қ. Нұрланова) 
және тағы басқаларын атап өтуге болады. 
Қазақ халқына тән төзімділіктің көрінісін “таспен ұрғанды аспен 
ұр” деген мақал береді. Халық даналығының мағынасы төзімділік 
танытып, мәселелерді зорлық-зомбылықсыз шешуге шақыруда. 
Осыған ұқсас мағынаны “сабыр түбі – сары алтын” деген мақал 
береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзімділіктің 
негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу 
қажеттілігі көрсетіледі. Атап өткен және басқа да қазақтың мақал-
мәтелдері қазақтың халық философиясы негізінде төзімділік пен 
зорлық-зомбылықты болдырмау идеяларының жатқанын жарқын 
көрсетеді
2

1
Бейбіт мәдениет жолында / редактор Нұржанов Б.Ғ. – Алматы: ҚазҰУ — ЮНЕСКО, 2000.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет