Аристотель
Мен, Бұғыбай Алия 7- сынып оқушысымын және де мен әр –дайым өз тарихымды зерттеуден жалықпаймын. Зерттеу арқылы адамда түрлі ойлар пайда болады, сұрақтар туындайды. Қоршаған ортаны, әсем ғимараттарды,ұлттық аспаптарды тамашалағанды ұнатамын. Маған бәрі қызық болып көрінеді. Құпиясы көп, ерекше әдемі заттарды қызықтап, жасалуын, құпия-сырын білгім келіп тұрады. Кітаптардан, теледидардан көріп жүрген керемет ғажайыптарға таңдана отырып, сырын зерттеп, тереңірек білгім келді. Әлемнің әйгілі жеті кереметі бар екенін білдім және қазақтың да жеті кереметі туралы тереңірек зерттегім келді. Біздің елімізде де тамаша кереметтерге жататын дүниелеріміз бар. Тарих тереңінен бастап, қазіргі монументтерге дейін оқып таныстым. Менің өмір сүріп жатқан кезімдегі ең ғажайып музыкалық аспап – домбыра туралы көп сырды ашып, білгім келді. Сондықтан «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» деген тақырыпты таңдап, жоба әзірледім. Жобаның негізі – мәдени мұраларымызды аша отырып, жаңа кереметке тоқталу. Бұл еңбегімді орындауға ата -анам, ұстазым Ажар Көмекқызы жетекшілік жасады.
1.2. Жұмысымның мақсаты:
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен этникалық ерекшеліктерін қолдау ерекше орын алғандығы белгілі. Олай болса, халқымыздың мәдени мұраларының біріне айналған қара «Домбыра» құпиясын зерттеп, сырына қанығу.
1.3. Жұмысымның міндеттері:
1. Әлемнің жеті кереметі және қазақтың кереметтері туралы әдебиеттермен танысу.
1. Қазақтың жеті кереметі саналатын заттардың тарихын зерттеп, терең оқып-білу.
2. Домбыраның шығу тарихы құрылысы, ішкі және сыртқы көрінісі туралы мағлұмат жинау.
3. «Киелі домбыра» макетін жасау және осы негізде өзімнің арман-жобамды құру.
1.4. Жұмыстың кезеңдері.
1. Әдебиеттермен және ақпаратпен жұмыс жасау.
2. Материалды өңдеу, дайындау.
3. Макет әзірлеу.
4. Жобаны қорғау.
5. «Қазақтың жеті кереметінің бірі – Киелі домбыра» тақырыбына презентация дайындау.
1.5. Қажетті ресурстар:
1. Анықтамалық әдебиеттер, энциклопедиялар.
2. Ақпараттық-компьютерлік техника.
3. Интернет-ресурстар.
4. Макет жасау үшін материал.
5. Жобаны жинақтау папкасы.
Достарыңызбен бөлісу: |