2.3.Домбыра құрылымы Домбыра аспабында да үш құрылым бар: бас, мойын, шанақ болып келеді. Шанақ жер қойнауына ұқсас. Ол өмірден өткен бабалар үні мен сөзінің қоймасы. Мойын арқылы белгілі бір сазға түседі. Бас ішек бұрауының сақшысы. Музыкалық әуендер мойыннан құралады, шанақтан шығады.
Домбыраның басы - Аспан,
Домбыраның мойны - Бәйтерек,
Домбыраның шанағы - Жер. Үш әлем домбыра бойында да бар екен. Демек
«біз ортада, жер бетінде тұрамыз» деуінде негіз бар. Домбыраның мойны арқылы әуендер шашылады. Бәйтеректің бұтақтары жайылып, өнімін шашады. Жер құнарын беріп тұрады. Шанақ әуенін шашып тұрады. Домбыраның басы ретінде қарап тұрады, аспан да өмір ретін қарап тұрады.
Үш әлемді байланыстырған «Бәйтерек», одан пайда болған «Домбыра», адам қажетіне жарап, байланысу арқылы тәрбие мен білім көзін ашуға ықпал еткен. Үш әлеммен байланысқан құдірет иесі - домбыра өнері ұлттық идеологияны дамыту үшін де керек. Ұлттық идеологияда домбыра әуенін ұстанбай, ұлттық құндылықтарды сақтап жалғастыру қиын болмақ.
Жерден өскен ағаш адамға пайдасын ( жеміс, жапырақ ) береді. Ал домбыра қоңыр әуен арқылы құлаққа еніп, ықпал етеді. Жерден өнген өнімдер адам қорегіне қажет болса, домбырадан шыққан күй – адамның рухани жан азығы. Демек, айналаны қоршап тұрған дыбыс екен, ал оны жағымды әуендерге айналдырып жеткізетін – домбыра аспабы. Егер, қоршаған айналаның дыбыстары түгел жойылатын болса, онда адамдардың өмір сүру қабілетіне нұқсан келген болар еді. Мысалы, қазіргі үлкен қалаларда құстардың табиғи сайрауының жоқтығы үлк1 шілдеде Қазақстан тұңғыш рет Ұлттық домбыра күнін атап өтеді Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады. Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес
2.4.Домбыра туралы қызықты 5 дерек 1.Домбыраның прототипінің тамыры көне замандарға кетеді. Алматы облысында билеп жүрген адамдардың тасқа қашалып салынған суреті және қазіргі домбыраға ұқсайтын аспаптың суреті табылған. Суреттер неолит дәуіріне жатады. Яғни, домбыраның 4 мыңжылдық тарихы бар!
2.. Белгілі ғалым әл-Фараби музыканың тек қана сауық үшін еместігін, сонымен қоса, музыканың бала жастан бастап, жанды тәрбиелеуге арналған құрал екендігін атап айтады. Әл-Фарабидің өзі де бірнеше аспапта ойнаған, солардың ішінде домбырада да ойнай алған.
3. Биыл белгілі қазақ және совет әншісі, музыкант Әміре Қашаубаев туралы фильм жарыққа шықты. Ол өз даусымен, табиғи дарынымен және де экзотикалық аспап – домбыраның үнімен Еуропаның талғампаз жұртшылығын баурап алды.
4. Қадыр Мырза-Әлидің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөздері домбыраның қазақ халқы үшін маңыздылығын көрсетеді.
5. Домбыра Гиннестің рекордтар кітабына енген. Рекорд қоюға он мыңнан астам адам қатысқан. Олардың бәрі бірге «Кеңес» күйін орындаған. Бұл оқиғаның Қытайда орын алғанын айта кету керек. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі шетелде осылайша сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа таратылып келеді. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін осынау аспап бір сәт тыңдаушысының жүрегіне қуаныш ұялатып, дархан даланы еске салса, енді бір сәтте көзіңе жас үйіртіп, көкірегіңе мұң ұялататын әуен шығара алады.
Әр қазақстандық қазақ домбырасының төңірегіндегі аңыз-әңгімелерді естімеуі мүмкін емес.