ҚазақТЫҢ ЖҮз романы. Оқу құралы. Құрастырып, баспаға дайындаған академик Рымғали Нұрғали. –Астана: «Фолиант», 2004. 456 бет. «Қазақтың жүз романы»



бет6/45
Дата04.11.2016
өлшемі7,54 Mb.
#109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45


Ақ Жайық

Х.Есенжанов


Орал өңірі, жаңа өмірдің іргесін қалаған адамдардың ауыр да азапты тағдыры, олардың осы революцияға келу жолы жан-жақты бейнеленген ХЕсенжановтың “Ақ Жайық” трилогиясы сонау Азамат соғысының Батыс Қазақстандағы сұсты, сұрапыл жылдарының шындығын жеткізеді.

Жазушыға 1967 жылы Абай атындағы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығын алып берген бұл шығарма жаңа заманға бетбұрыс жасаған қиын-қыстау кезеңнің қатерлі бір оқиғасынан басталатын. Ызғырақ табы тарамаған көктемнің көңілсіз бір түні, 1918 жылдың 29 наурызы, ақ қазақтар мен арандатушылардың Оралдағы контреволюциялық бүлігі жаңа орнаған Совет үкіметін құлатып, революция жастарын, большевиктерді қанға бояйтын қаралы оқиғадан бастап, біз кітап бетінен еркіндік жорығындағы ерлердің елімен, жерімен, халық тағдырымен сабақтас біртұтас күресін көреміз.

Белгілі революционерлер Әбдірахман Әйтиев, Дмитриев, Меңдігерей Ипмағамбетов т.б. күрес туы қара қауымның көзін ашқан астыртын әркеттер халықтық характерлер құдіретімен үзеңгілес бейнеленіп трилогияда күні өтіп бара жатқан өмір мен жаңа дүниенің айшықты суреті берілген.

Войско қаруына, ақ қазақтар мен атамандардың қолдауына сүйенген “ұлтшылдық” Жымпиты үкіметінің ел ішіндегі зорлық-зомбылығы, бүкіл халықты ірі бір сілкіністерге дайындаған тарихи жағдай, дәуір шындығы шығармада мейлінше табиғи.

Трилогияның екінші кітабы сол 1918 жылдың желтоқсанында жергілікті халықпен тізе біріктіре қимылдап, Қызыл Армияның Орал өңірінің азат ету жорығына келіп тіркеледі.

Жазушы осы алғашқы кітаптарында (“Төңкеріс үстінде”, “Шыңдалу”) негізінен ауыл тіршілігін, ел ішіндегі астыртын әрекеттерді, дала қазақтарының ащылы-тұщылы тұрмысын бейнелейтін. Ал, “Тар кезең” романында Войско үкіметінің мықты тірегі, ұлтшылдық ұранның ұясы, қырық құранды хан жасақшыларының басындағы шындықты көрсетіп отыр. Бір ортадан екінші ортаға көшкені болмаса, бұлар – бір-бірінен кереғар, алшақ дүние, алшақ тірлік емес, өзара сабақтас өрбіп жатқан, ізгілік пен зұлымдық атмосфера қоян-қолтық көрінетін біртұтас өмір.

“Ақ Жайық” трилогиясында әлеуметтік таптар тастысы әр қилы мінез, көзқарас тартысы бірте-бірте қомданып, шығармаға бойлап енген сайын қоюлана береді. Жазушының бейнелеу жүйесінен өз мәнерін, қолтаңбасын айдай анық танытар талай-талай шеберлік үлгілерін аңғарамыз.

Тартыс таразысында – бір-бірімен кереғар екі өмір: Совет үкіметінің жолында қасық қанын қиюға дайын революционерлер (Әйтиев, Ипмағамбетов), жаңа өмірге бетбұрыс жасаған халық, қалың бұқара (Мәмбет, Қажымұхан), әділет жақтастары (Жүніс қажы) және олардың жолына тосқауыл, ескілік сойылын соғушы ақ қазақтар, генерал Михеев, революцияның қас жауларының бірі, қайырымсыз, қатігез Шұғыл бай.

Контрореволюциялық бүліктен кейін жасырын атпен, құпия ел аралай жүріп дала қазақтарына ауылдағы тап тартысының сырын түсіндіретін, адамдар санасында әлеуметтік үлкен өзгерістерді дайындаған Әбдірахман Әйтиевтің астыртын істері мен Шұғыл тұқымының озбырлығына қарсы бас көтеріп, әділет жолын құптайтын ақылды, ойлы Жүніс қажы, дүние жайлы түсінігі бірте-бірте қалыптасып, кейін революцияның мықты бір тірек, сүйенішіне айналып кететін Хакім Жүнісов характерлері арқылы жазушы адам мен қоғам қатынасының кейбір құбылыстарын оқушыға қаз қалпында жеткізген.

Қажы молын мүлтіксіз өткергенімен, өмірге көзқарасы, принципі, әрекет-қимылы жағынан Жүніс – кереғар характер. Күндерінің күнінде ата дәстүрінен аттап, дін ұясының өзінде, мешіт ішінде де Шұғыл баймен сілкілесіп қалады. Оның табынатын бір-ақ “тәңірі” бар: Ол - әділет жолы.

Автор Жүніс қажының көркемдік шешімін аяғына жеткізе алмай биологиялық, кәрілік заңы, табиғат заңымен ғана өз ажалынан өлтіріп асығыс қоштасқанымен, осынау тамаша халықтық характердің бар бітімімен бір жайсаң самал еседі. Ол ғылымның, білімнің болашағын таныған. Ата салтын сақтай отырып, бірақ баласы Хакімді орысша оқытады. Қален мұғаліммен бауыр етіндей біте қайнасып кеткен.

Жүністің төрт тіреу – төрт ұлы (Хакім, Нұрым Әлібек, Әділбек). Адамгершілік, адалдық үлгісі – атадан балаға жалғасып кете береді.

Жүніс қажының антиподы – Шұғыл болыс. Ол ескі тірлік, қара ниет қатыгездік қонысы, ізгілікке қарсы көтерілген сойылдың қолдаушысы, қорғанышы, ақ гвардиялар мен “ұлтшылдардың” ел ішіндегі таянышы. Өз ұрпағы - өз ұлы Ехлас докторға мұра қылып тартатын үлгісі де оның адамдарға деген қарау пиғылынан өрбіп жатыр.

Шаңырағы шайқалып, ошағы ортасына түскен бақытсыз семья – сыбызғышы Қайыпқожа, жазықсыз жетім Қали, зұлымдық есептің құрбаны аңқау, аңғал Кәрімғали – бәрі-бәрі өмірдің ащы сорын осы Шұғыл шөмішінен жұтқан.

Жарамсақ Жолды Шұғылдың старшина сайлауы тегін емес. Өйткені оған көңілін қалт жібермей бағып отыратын, Шұғыл мұратын қалтқысыз іске асыратын қолшоқпар керек.

Жол – сол ортаның туындысы. Ізгіліктің қатерлі бір жауы осы Жол тәрізді өз “мансабы” үшін ар-ұятын талақ қылып жүре беруге бар қосалқы тірі пенделерден шығады.

“Ақ Жайық” трилогиясы арқылы біз әр қилы көзқарастағы талай ондаған адамдар тағдырымен табысамыз: Бақытжан Қаратаев, Сұлтан Қаратаев, генерал Мартынов, Ғұбайдолла, жасақшы Мәмбет, Нұрым, Жолмұқан, офицер Абылаев, шабарман Маймақов т.б.

“Ақ Жайық” трилогиясында ізгілік атаулының әрдайым тілегіне болып, дегендері орындалып жатқан жоқ-ты. Шығармадан талай ауыр, қиыншылық суретін көргенбіз. Бір бет өліп-тіріліп, ақыры Абылаев айуандықпен айдалада атып кеткен, бетін бүркер бір уыс топырақ бұйырмаған Меңдігерейдің қайғылы қазасы, опасыздықпен сол суық қолдан қыршын қиылған Сәлмен мен Жанғожаның ажалы ұнамды кейіпкерлер алдынан ешқандай тосқауылдың кездеспегені емес-ті. Үкім орындалатын түні камерада у ішіп өлетін Дмитриев те тілегенім осы дей алмас еді. Тас қамауда Бақытжан Қаратаев бар еді, топ революционерлер “алланың” рақымымен кіріптарлық жұмыр қойқаның жиегін жастанбаған.

Адамдарды мінезі іс-әрекеті, арман-үміті, пиғыл-ниетіне қарай жіктеген меже уақыт. Халық санасындағы өзгерісті, халық мінезіндегі бар құбылысты қадағалағанда да біз осы заман тынысынан бағдарлаймыз.

Қоғамдық сілкініс тұсында, тарихтың сын сағатында бір-бірімен жарыса өрбитін қос желінің – жаңа туып келе жатқан азын-аулақ қазақ интеллигенті мен негізі халық өкілдерінің тоғысқан арнасынан Х.Есенжанов шығармаларының идеялық мәні ашылады. Бұл – мүдде мен мүдденің табысуы.

Өмір қозғалысы, өмірдің даму спиралы, тарихи өзгеріс “Ақ Жайық” трилогиясында кең көрінген. Көркем келісім келбеті, характер құбылысы – халқымыз тарихының асқар бір белесін әр қырынан көз алдымызға алып келеді.

“Төңкеріс үстінде”, “Шыңдалу”, “Тар кезең”, “Көп жыл өткен соң” романдарының табиғатын тану, ең алдымен, ондағы халықтық характерлер құбылысын саралап ел, жер, заман өзгерісінің адамдар санына әсерін жете түсінуден басталады. Біз халқымыздың әр қилы халықтық характерлердің даму логикасын “Ақ Жайық” романына көркемдік талдау арқылы ұғынуымыз керек.

Жасы үлкенді сыйлау, қонағының қасы-қабағын бағып, құрметі асқанды қадір тұту – шығыс салтында инабаттылық өлшемінің бірі. Бірақ ол әрдайым бұлжымас әдептілік шарты бола бермес-ті. Атадан балаға жетіп отырған сыпайыгершілік дәстүрі кейде сыйлы абыройдың алдында ғана ізеттілік етіп, қатардағы қарапайым ғажайып қасиетті аңдамай өтіп кететін кездер де аз емес.

“Ақ Жайық” романдарынан кемшілік-жетістікті жұрт назары көбіне әйгілі революционерлер төңірегінен іздеу де осыдан болуы керек.

“Соғыс пен бейбітшілік” тек Кутузов жайлы шығарма емес. Тарихи романдарда заман шындығын тек тарихи жеке тұлғалар ғана танытпайды. Өнер туындысы үшін адамдар алалығы жоқ. Бәрін тек зерттейді. Әрқайсысын өз тірлік-тынысымен, өз ортасымен, қайшылық-құбылысымен, іс-әрекетімен, арман-үмітімен заман биігінен қарамақ. Өмір өзгерісінде алатын әркімнің өз орнын, әлеуметтік шындығын салмақтап беретін көркемдік өлшем дейтініміз осы.

“Ақ Жайық” романдарында біздің көп әдебиетшілеріміз көрмей, ал көргендері онша мән бермей, сыншылдық пікірден қағыс қалған бір қызық характер бар. Қажымұхан! Қажымұхан құлағы естіп, көзімен бәрін зердесіне түйіп алуға бар. Өйткені, артында ертең елге оралғанда аузына қарайтын дүйім жұрты бар. Сапарының жауаптылығын сезеді Қажекең. Осыншама халықты біріктірген беделді маслихаттың төрағалары кімдер, көзін тізіп айтып шықшы деп қасындағы Хакім мен Оразды қолқалап қоймайды.

Аңқау адамның көңіл-күйін бергенде жазушының иі де жұмсақ. Жылы бір әзілқой әуенмен оның бар ықыласын жадыратып жеткізген.

Өмір бақи Қажымұханның көріп келе жатқаны – кімнің қолында билік болса сол білгенін істейді. Тұрмыс тәжірибеге немқұрайлы қарауға бола ма? Арқа сүйер өз хұқіметі тұрғанда Қажымұхан да өзіне тиесілі “құдайға” да, адамға да аян әділет правосын біржола басын ашып, қаттап қайтарып алғысы келеді. Жауы біреулерге қиянат жасау үшін заңға жүгірсе, Қажымұхан ел игілігін қиянаттан қорғау үшін заңға жүгінеді.

Бұл жерде сауаты жоғары болғанмен басы жас Ораздың өзіне ақыл үйретіп жібереді Қажымұхан. Шаруаның практикалық жағын ойлайды. Көрген қорлықтың, бастан кешкен азаптың сұсты ызғары көлденең тартып отыр.

“Қарағым, сен қызықсың, қызық болмасаң осыны ойламайсың ба? Егерде менің қолымда сол Макаровтың дәкіментіндей қағазым болса, Шалқардың үстінен көлденең құсты да ұшырмаймын, ау салу былай тұрсын”, - дейді қайратқа мініп. Шынында да оған жетпей тұрған бір қуат осы.

Қиыншылықты көп көрген қайыс қара сақтық жасап тұр. Қожайындар қапысын тауып қайтіп келіп, жарлы-жақыбайды тағы да қысып телмірте ме деп хауіптенеді.

Ел қамын ойлап Қажымұхан ата жауымен ғана емес, дос адамымен де айтысуға бар. Бірден өз ыңғайына көше қоймаған Орзаға да өкпелеп, тіксініп қалды. Қадалған жерінен қан алатын, айтқанын істетпей тынбайын, қолынан ұстап, тамырын баспаса, несие сөзге сенбейтін қазекеңнің қайсар мінезіне бой ұсынып, дегеніне көнбеске болмады.

Мөр де басылды, қол да қойылды. “Жер де, су да өзіміздікі” Шалқарыңды қайырып алғаныңды құттықтаймын. Енді ешкімге берме” – деді Парамонов Қажымұханның қолын қысып. Қарапайым диалогта қандай сыр жатыр. Өз жеріне, өз суына шаруа адамы осылай ие болса. Достық жүрек, жылы ықыласты түсіну үшін тілмаштың қажеті жоқ екен. “Қонаққа кел! Жайын құйрығын жегіземін” деді Қажымұханға ниетін ұсынып.

Қажымұхан Тереңсай түбегіне бет алғанда, жол басшысы жалғыз Бәйес қана емес, оның жанында өрімдей жас жігіт сыр алысып бірге келген. Қара шаруадан білім, парасаты озық жатқанымен, қоғамдық ұлы өзгерістің сыр-сипатын түсінуі тұрғысынан көп ұзап кете қоймаған, аршылмаған қазынадай, әлі де тұп-тұнық жүзіктей көзі – Жүніс қажының баласы Хакім еді бұл.

“Өзен бұлты” жайлы ойлану оған қандай таңсық болса, төте жүрегін жолдың өзін орап өтіп, із тастап, кездестірмек құпия қазағы жайында да алдын ала сыр алдырмайтын Петро сондай таңсық. Қиын-қыстау кездің астыртын жүріс-тұрысы, сақтық әрекет-қимылы – басынан кешіп көрмеген адамға осылай тосын көрінуі заңды. Бұл – Хакімнің қайта азды-кем өмір өткелін кешіп, ой өрісі енді-енді етек жайып келе жатқан шағы еді.

Оқушы ел ішіндегі революциялық оқиғаларға алғаш еш араласы жоқ, жастық қызуы, ғашықтық самалынан тыныс алып жүрген бейқам бозбаламен “Ақ Жайық” трилогиясының бірінші кітабында танысқан.

Хакім сырының шоқтығы – алдындағы оқуы мен сұлу Мүкәрәмға тірелетін. Туған дала төсінде жанымен жарылар бар жылуы осы ғана. Сапырылыс кезеңінде көп дүрмекпен қосақталып, абақты табалдырығын кездейсоқ бір аттап қалғаны бар. Жазықсыз жанның ол жерде онша керегі болмап еді. Бірақ түрмеден құтылғанда құдайдың құрығынан құтылғандай қуанғанымен, заман ағымы әлеумет мәселесінен алшақ жігіті бірте-бірте бауырына тарта берді.

Хакімнің “қулығы” Ахметшенің алдында түкке татымды. Ахметше көп ойланбай-ақ оқыған, ел адамы Әлібеков Хамидолланың бір әзілін тілінің ұшына суыртпақтап тартып жатыр: “менің бұл дүниеде құдайға күпіршілік келтіретін бұл күнәм бар, ол: адамның не ойлап тұрғанын ішіндегісін білетіндігім. Іштегіні білу – құдайдың ғана жұмысы. Міне, сол құдекеңнің үлесіне қол сұғамын деп ауыр күнәға батып жүргенім. Сондықтан ертеңді-кеш тілейтінім: я құдай, сенің білгеніңді білемін деп күнәгер болдым. Осынымды кешіре гөр деп сиынамын” дейді. Сол Хамидолланың күнәсі қазір жұрттың көбіне бар. Хакімжан, мұндай күнә әзір сенде жоқ па?..

“Өзің Жүніс қажының баласы бола тұрып, әй қайдам, сенің бұлай жұрттан ақыл сұрап тәубаға келетіндей не жөнің бар, әр жағында кімде-кімдермен”.

“Ақ Жайық” романында сәтті көркем бейнелердің ірісі де осы Хакім образы. Хамза Есенжанов оның сыртқы келбетін, түр-тұрпатынан бастап, ішкі жан дүниесінің ағым сырларына дейін суреттеп отырады. Сондықтан да бұл қаламгердің ірі табысы ретінде сыншылар мен зерттеуші ғалымдар тарапынан үнемі аталып келеді.



Ақсу – жер жаннаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет