Сабақтың мақсаты: Балалардың іс - тәжірибе жүргізу арқылы судың қасиетімен түсі, дәмі, иісі туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу. Олардың зерттеуге деген қызығушылықтарын ояту. Тыйым сөздер, жұмбақтар арқылы бала тілін дамыту, суды қастерлеуге тәрбиелеу. Туған табиғатқа сүйіспеншілікпен, мақтаныш сезіммен қарауға баулу.
Тәрбиеші: Су сергітер денеңді,
Онымен дос болғайсын,
Судан кейін сен енді,
Ісіңді оңай жалғайсын.
Тәрбиеші: Бұл өлең шумағында не туралы айтылған?
Бала: Су туралы
Тәрбиеші:Судың қажеті не?
Балалар: Шөлдегенде судан сусынымызды қандырамыз,
Сумен өсеміз.
Сумен жуынамыз.
Сумен тамақ ішеміз.
Тәрбиеші: Су туралы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Балалар: Суға дәрет сындыруға болмайды
Суға түкіруге болмайды.
Суды үнемдеп жұмсау керек.
Сусыз тіршілік жоқ.
Суды бей берекет жұмсама.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Су тазалық пен денсаулық кепілі. Атам қазақ судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ» деп атаған, бұл сөзге қарағанда су – киелі.
Енді зерттеу жұмысын жүргіземіз.
Судың түсі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |