Бала: Судың түсі бояу қосқанда өзгерді.
Тәрбиеші: Балалар бүгін біз суға қантты, тұзды, майды, бояуды қосып зерттегенде сумен не болғаның көрдік.
Енді су туралы жұмбақ білесіңдер ме? Білсеңдер бір-біріне жұмбақ жасырып көріңдерші.
Балалар: Сұп – сұйық,
Сұп – суық,
Тап – таза,
Тұп – тынық. Ол не?
(Су)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ,
Пайдаланбас кісі жоқ. Ол не?
(Су)
Ыдыспенен ішесің,
Шайнамайсын, жұтасын. Ол не?
(Су)
Жыл жүреді, ай жүреді,
Тез жүреді, жай жүреді.
Сыңғырлайды, күнгірлейді,
Былдырлайды, міңгірлейді. Ол не? (Су)
Тәрбиеші: Ал балалар су туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
Балалар: Судың да сұрауы бар.
Сумен жайық әдемі,
Ескегімен қайық әдемі.
Судың басы – бұлақ,
Сөздің басы – құлақ.
Сулы жер – нұрлы жер,
Бұлақты жер – тұрақты жер.
Тәрбиеші: Өте жақсы. Балалар «кім тез айтады» деген ойын ойнайық мына суретке қараңдар, сұрағыма толық жауап беріп отырыңдар. Адамға су қалай қажет екенің айтып беріңдер.
Балалардың жауабы.
Тәрбиеші: Сонымен балалар сусыз адам өмір сүре алмайды екен. Су адамға өте қажетті зат екен.
Балалар сабақ сендерге ұнады ма?
Сендер зерттегенде қиналмай, сұраққа жауап бере алдым дегендер, «раушан» гүлін алыңдар, ал егер қиналып, жауап бере алмадым дегендер «жапырақ» алыңдар. Енді карточкаларыңды алып шеңберге тұрыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |