Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған



бет35/87
Дата05.02.2022
өлшемі3,86 Mb.
#15325
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87
АқсерекКөксерек

Бөлінейік екіге,


Тұрайық жолдың шетіне.
Қол ұстасып алайық,
Ажырамастай бекіне.


Бірінші топ:
Ойынға бала көп керек,
Қалмасын ешкім өкпелеп.
Ақсерек – Көксерек,
Сіздерге бізден кім керек?


Екінші топ:
Мықты біздің шебіміз,
Бұздырмаймыз, тегі, біз.
Болса сынап көріңіз,
Күшіңіз бен ебіңіз.
Біздің берік араны, -
Екпінмен соғып қалады.
Бұзса олжа алады,
Бұзбаса тұтқын болады.
Шақырамыз сынаққа,
...... – деген баланы.


Сөз сайыс

Сөзді А-дан басталар


Ортаға біреу тастайды.
Сөз тауып сондай басқалар,
Кезекпен дереу қостайды.

Қайталамай айтқанды,


Жаңа сөз әркім табады
Кім А-дан сөз білмесе,
Ойыннан шығып қалады.

А-дан сөз кім бөгелмей


Туып бірін алайық.
Сөйткен пайда табады,
Сөздік қоры молайып.

Кім көп есім біледі?


Ұл айтып қыздың есімін,


Қыз айтып ұлдың есімін,
Мәреге қарай жүреді,
Тоқталса жоқ кешірім.

Екі-үш аттан аса алмай,


Екі-үш аттап баса алмай,
Бәрі де жатты жеңіліп,
Ду күлкіден қаша алмай.

Жаңыл қыз шықты, саспады,


Жеті атадан бастады.
Жаңылмай айтып көп атты,
Қол соқты құптап жас-кәрі.

Жеті ата үшін біразы,


Болып еді наразы.
Тапқырлық, - деп төреші,
Жаңылға ел болады разы.


Тақия тастамақ

Ойым бар бір ойын бастамақ,


Аты оның «Тақия тастамақ».
Шеңберді айнала бастаймын.
Бірінің тұсыңа жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.

Ақырын, аспаймын, саспаймын,


Шеңберді айнала бастаймын.
Бірінің тұсыңа жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.

Қайтадан келгенше оралып,


Түк сезбей отырсаң омалып.
Тақиямен төмпештеп қуамы,
Маубасқа керегі сол анық.

Сездірсем ебімнің жоқтығы


Іске жан болғаным жоқ қыры.
Орныңа жеткенше жүгіріп,
Өзіңнен аламын соққыны.

Шығасың тақия тастауға,


Ойынды басынан бастауға.
Сезімтал балаға күлкі боп,
Тағы кім сұрар деп бас сауға.
Бұғынбақ

Бұғын, бұғын, бұғынбақ,


Тамаша екен бүгін бақ.
Жасырын деп тасама,
Ағаштар тұр сыбырлап.

Бұғын, бұғын, бұғынбақ,


Кімдер қайда тығылмақ.
Көрсем қайда тығылмақ.
Көрсем айтып қоям деп,
Торғайлар жүр шырылдап.

Бұғын, бұғын, бұғынбақ,


Болсаң мені ұғынбақ,
Болсаң мені ұғынбақ,
Кімге келсе сөз соңы,
Көз жұмын артқа бұрылмақ.


Алтыбақан

Алтыбақан тебеміз,


Жеткенше көкке төбеміз.
Көтеріліп биікке,
Алыстарды көреміз.

Кім қызықса «кел» - дейміз,


Кезектесіп тербейміз.
Бірімізге-біріміз,
Көмектесіп өрлейміз.

Көкке жетіп төбеміз,


Алтыбақан тебеміз.
Бірімізге-біріміз,
Түсіп орын береміз.


Бес саусақ

Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек,


Бұларды ұмытпайсың болсаң зерек.
Шылдыр шүмек, кішкене бөбенк мынау,
Әрнені бес саусақтай білу керек.

Кешікпе іздеп қалар,


Сен қызметке бар,
Сен басқа елге бар,
Сен әскерге бар.
Сен оқуға бар,
Сен осында қал.

Әзірлеп тәтті тамақ,


Күтесің келсе қонақ.

Мына жерде шай бар,


Мына жерде май бар,
Мына жерде ет бар,
Мына жерде сүт бар.
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар.

Қытық, қытық....




Соқыртеке

Ортамыздан біреуімізді сайлаймыз,


Орамалмен көзін мықтап байлаймыз.

Қалғанымыз оны түртіп қашамыз,


Тым қырағы, сақ боламыз аса біз.

Ұмтылады іздеп оң мен солына


Тырысамыз түспеуге оның қолына.

Кім ұсталса соның көзі байланар,


Бейғамды іздеп енді ол маңды айналар.


Ақсүйек

Аты ойын болса да,


Бұл да баба мұрасы
Лақтырады бір бала
Жеткенінше құлашы.

Жүгіреді сол жаққа,


Ақсүйек тауып алмаққа.
Кім алдымен табар, деп,
Қой маңайды барлап та.
Көріп қалсаң, білдірмей,
Жақындай түс бір-бірлей,
Тез жет-тағы ала қаш
Өзгелер қалсын үлгірмей.

Бұл бәріңе ұнайды,


Бастарыңды құрайды.
Қырғысың ба, қағылез,
Жүйріксің бе сынайды.


Етек-етек

Ал, ұстаңдар етектен,


Айрылмаңдар жетектен,
Біз балапан боламыз,
Алдымызда анамыз.

Келе жатыр қарақұс,


Қорғайды одан анамыз.
Анамыз қалай бұрылса,
Біз сол жаққа барамыз.

Кім айрылса етектен,


Шығып қалса жетектен.
Соны ұстайды қарақұс,
Сол болады құсқа жем.

Ал, ұстаңдар етектен,


Айрылмаңдар жетектен.
Ұрынады қатерге,
Ана сөзін екі еткен.


Тепкеншек

Жасалған қылдан тепкішек,


Атамақты аяқ ойыны.
Демейді: - болды, жетті шек,
Үйренгеннің жоқ тойымы.

Ойнаудың бар сан түрі,


Кезектесіп тебеді.
Екі аяқ арқылы
Қозғайды бүкіл денені.
Еріксіз белі бұраңдап,
Екі қолы ербеңдер.
Мойыны, басы қиқандап,
Қозғалар кез келген жер.

Тебудің сан түрі бар,


Аяқтың алды, артымен.
Тіземен теуіп тұрып ал,
Теп секірген қалпыңмен.

Бірі ойнап, көбі дем алса,


Бақылап оны көреді.
Түсірмей кім көп тебе алса,
Бұл ойынды сол жеңеді.


Тоғызқұмалақ

Ойлы ойын тоғызқұмалақ,


Ойнағандарға ұнамақ.
Бір ұядан тарайды
Ұяларға құмалақ домалап.
Өзге ойындарды кетеді
Тоғызқұмалақ мың орап.
Ол үшін айтсақ жетеді
Өзгесін қойып мынаны-ақ.
Қандай деп ойы, есебі
Ойыншыны ол сынамақ.
Әр ұяға жұп етіп,
Құмалақты құрамақ.
Салғандары тақ болса,
Ұтылар оңбай тұралап.
Үлесін кім тез қамтылса,
Сол жеңер түбі уралап.


Дойбы

Ежелгі ойын дойбы,


Кеңітер қиял-ойды,
Балалардың ғана емес,
Үлкендердің де ойын.

Жасайды бақайшықтан


Қолының барлар ебі.
О баста бізден шыққан
Ол шахматтың тегі.


Тобық жасыру

Туған күн, тойда, қонақта


Тобық болса табақта.
Бір бала мұжып, тазалап,
Жар саладыалапқа:

Жасырады кім тобық,


Көніп келісім-шартына?
Жататын ойын бұл толық
Ата-баба салтына.

Сұрағанда тобықты,


Мә, - деп берсе табанда.
Жеңеді болып ол мықты,
Жеңілемін мен ал онда.

Сұрағанда тобықты,


Таба алмаса табанда.
Боламын онда мен мықты,
Жеңіледі ол ал онда.

Шарт бойынша жеңгенге,


Жеңілген сыйлық береді.
Ойнайды екеу енді өңге,
Бәріңе кезек келеді.


Доп

Жуас түйені шөктіріп,


Жүндейміз жүнін көп қылып.
Шиыршықтап әбден қолменен
Жасаймыз шағын доп қылып.

Ойынның тобын құрамыз,


Көп бала қатар тұрамыз.
Бірімз допты лақтырып,
Қалақпен біріміз ұрамыз.

Біріміз дереу қашамыз,


Біріміз допты қуамыз.
Допты тез алып, үлгіріп,
Қашқанда доппен ұрамыз.
Сөреге жетпей тигізсек,
Біз жеңімпаз боп шығамыз,
Алмасақ допты тигізе
Қашуға біз бет бұрамыз.

Тигізсе, бізді ол жеңеді.


Мүлт кетсе егер біз ұтып,
Айыпқа оны жығамыз.
Өзге істің бәрін ұмытып,
Күн ұзын сауық құрамыз.
Айыптың түрі сондай көп,
Ұшады кейде шалғай доп,
Допты алып келер жеңілген
Дем алмай «үлі,уәлләй» деп.
Зырылдауық

Жасайды қатты ағаштан


Үшкірлеп жонып бір жағын.
Арнаулы қамшы қолға алсаң,
Ұнайды оған ұрғаның.

Көргендер тіпті қалар таң,


Қарашы, - деп, зырлауын?!
Болады ермек бір қауым.

Үй ішінде ойналар,


Шағыны да болады.
Кімдікі көп айналар
Бәйгені сол алады.
Ұшты-ұшты...

Ұшатын нәрсе айтылса,


Ойыншылар қол көтерер.
Ұшпайтын нәрсе айтылса,
Келесіге, - дер,- өте бер.

Ұшт-ұшты кептер ұшты,


Ұшт-ұшты дәптер ұшты.
Ұшт-ұшты сызғыш ұшты,
Ұшт-ұшты қызғыш ұшты.
Ұшт-ұшты қарлығаш ұшты,
Ұшт-ұшты қарындаш ұшты.
Ұшт-ұшты тегене ұшты,
Ұшт-ұшты бөденеұшты.
Ұшт-ұшты тарғақ ұшты.
Ұшт-ұшты қармақ ұшты.


Көз қадасу

«Көзім, көзім, көз – айна,


Көзімде бар шоңайна.
Шоңайнасы кіреді,
Жұм көзіңді, абайла!»

Көзім өткір, келіскен,


Көзіме шықты теріскен.
Теріскені кіреді
Көп қадалып көріссең, -

Деп бір-бірін қорқытып,


Өз жанарын зор тұтып.
Көз қадаса қалады,
Сезімді іштей толқытып.

Көзің кетті қызарып,


Кірпігің кетті ұзарып,-
Деп бір-бірін қайрайды, -
Қасақана ыза қып.

Көзің кетті жасаурап,


Иыққа түмті бас аунап.
Көз жасыңды көрсетпей,
Оңашаға қаш аулақ.
Бір-бірін көзбен кеміріп,
Отырады емініп.
Кірпік қақса кім бұрын,
Сол қалады жеңіліп.


Қол күшін сынау

Төрешіге бағына,


Білектерін түрініп.
Столдың екі жағына
Отырады қарсы жүгініп.

Шынтақты тіреп столға,


Алақандары ұстасып.
Бірі оңға жықпақ, бірі солға,
Білектерінде күш тасып.

Бірі иісе, бірі қайырып,


Оңайлықпен беріспес.
Орындықтан дене айырып,
Көтерілуге келіспес.

Күші көрнеу басымы,


Қарсылас қолын жығады.
Алшы түсіп асыға
Жүлде алып көңілі тынады.


Арқан тарту

Бірі артық, бірі кем


Болмайтындай көрініп.
Ойыншылар тепе-тең
Тұралы екі бөлініп.

Ортаға сызық сызылып,


Ұзын арқан тасталды.
Екі жақ ұстап тізіліп,
Арқан тартубасталды.

Аяқтары жер тіреп,


Тартты арқанды қолдары.
Әр жақты әр ел тілеп,
«Беріспе» деп қолдады.

Таяп бір жақ шалқалап.


Батты ел-жұрт қызыққа
Өз жағын демеп әр тарап.

Ойын бұл еш залалсыз,


Күш басым жаққа тиді ерік.
Жеңіліп бір жақ амалсыз
Сызықтан өтті сүйреліп.


Күрес

Шықты да тең-теңімен


Екі бала күресті.
Ұстап белбеулерінен,
Алдымен иық тіресті.

Бірі еніп кетті ішке,


Енді еріксіз белдесті.
Күшене салып тек күшке,
Оңға, солға серместі.

Аспандатып біреуі


Көтермек болды бар күшпен.
Ал, анау жер тіреді,
Екіншісі шалды іштен.

Екеуі де етті гүрс,


Төрешілер байқаған:
Болды, - деп, - бұл ит жығыс,
Күрестірді қайтадан...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет