Қазақтың ұлттық ойындары. Алтыбақан Ақсүйек Бестас Арқан тарту Тоғыз құмалақ Мақсаты



Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#42678
  • Қазақтың ұлттық ойындар жинағы.

Қазақтың ұлттық ойындары.

  • Алтыбақан
  • Ақсүйек
  • Бестас
  • Арқан тарту
  • Тоғыз құмалақ

Мақсаты:

  • Бастауыш сынып балаларына халқымыздың салт-дәстүрі мен ойындарды таныту.
  • Ата-бабамыздан мұра ретінде қалған әдеп-ғұрыптарын біліп.үйренуге тәрбиелеу.
  • Сөздік қорын дамыту.
  • Шығармашылық қабілеттерін ашу,
  • Ізденімпаздылыққа шақыру.

Алтыбақан

  • Алтыбақанды қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы ,себебі тез жиналып,тез құрылады.Оны орнату үшін,атауына сай ,алты бақан \сырық\,бір керме және үш арқан керек.Бақандардың басын үш-үштен буып,аралығы 7-8 қадамдай жерге қадап орнатады.Олардың жоғарғы жағындағы ашаларға бақандардың басын біріктіріп тұратын келесі бір керме енгізіп,мықтап байлайды.Кермеге ұзынырақ бір,қысқалау екі арқанды бекітеді.Арқанның ұзындауы аяқты тіреуге,қысқасы отыруға ыңғайланған.Соңғы кездері үш арқанның орнына,ұзындығы бірдей екі арқан және жеңіл тақтай қолданылып жүр.Алтыбақан бірін-бірі ұнатқан жастардың көңілдерін білдіруге себеп болған.

Ақсүйек

  • Ақсүйек –жігіттер мен қыздар жиналып,жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны.Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп,арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе,сол сүйекті алысқа лақтырады.Қалған ойыншылар теріс айналып тұрады.Содан соң олар ақ сүйекті іздеуге кіріседі.Тапқан адам “Ақсүйек!” “Ақсүйек” деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі.Қарсыластары қуып жетіп,қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақсүйекті лақтырып үлгеруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті.Осылай ақ сүйекті бір-біріне лақтырып,қол жалғап,мәреге жеткізіген топ қажетті ұпайды алады да лақтыру кезегіне ие болады.

Бестас

  • Бестас – көбіне қыздар ойнайтын ұлттық ойын.Ол үшін домалақ ,ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек.Ойын бірнеше сатыдан тұрады.
  • 1.”бірлік”.Ойыншы бес тасты жерге шашады.Таңдап алынған қақпа тасты бір қолымен аспанға лақтырады да жердегі біреуін көтеріп қайта тосып алады.Қалғандарын да осылай бір-бірлеп көтереді.
  • 2.”екілік” Бұл жолы екі тастан көтереді.
  • 3.”үштік”.Үш тасты бірге бір рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді.
  • 4.”төрттік”.Төрт тасты бірге көтеру керек .
  • 5.”алақан”.Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды.
  • 6.”төртбұрыш”.Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып оларды тез жинап алады.
  • 7.”арттан тастау”.Бірліктегідей бір тасты жерден көтеріп алады.Қақпа тасты лақтырып екіншісін көтергенше алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды.Осылай бәрін тастап болғаннан кейін оларды түгел бірге көтеруге керек.

Арқан тарту

  • Арқан тарту-халық арасында ертеден келе жатқан танымал ойындардың бірі.Ойын көбіне мерекелерде, тойларда өткізіледі.Арқан тартудың екі түрі бар.
  • Біріншісі,ер адамдардың жекпе-жегі.Күштерін сынау үшін екі жігіт ортаға шығады.Олар бір-біріне қарама-қарсы жүрелеп отырады да,арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.Төрешінің белгі берумен әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады.Екеуінің қайсысы белгілі мәжеге бұрын тартып жеткізсе,сол ұтады.
  • Екіншісі топ болып ойнау.Оған қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді.Арқанның қақ ортасынан белгі үшін түйін түйіледі.Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады.Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе,солар жеңіп,жүлде алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет