«Табан жарыс» ойыны көгалды тегіс алаңда, спорт залда ойналатын ойын. Бұл ойынды екі топқа бөлініп ойнайды.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
Екі топ қатарға тұрып ең бірінші тұрған ойыншының қолына ұлтарақ беріледі. Төреші белгі бергенде ұлтарақпен 15-20 м жердегі белгіні айналып келіп, келесі ойыншыға ұлтарақты беруі керек. Ойын осылай жалғасын табады.
Қуып жет Ойын көгалды алаңдарда ойналады. Барлығы 10-20 ойыншы қатысатын жігіттердің ат ойыны. Ойынға әр ойыншы өз атымен қатысады.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойын жүргізуші арасы 1-2 шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, оның басына тұмақ кигізеді. Екінші көмбеде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу немесе орамал береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбеге қарай шабады. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей қуып жетіп ұруы керек те, көмбеге жеткен соң белбеуді тымақтың үстіне тастап, қайта қашады. Екінші ойыншы белбеуді алып, қарсыласын көмбеге жеткенше қуып жетіп ұруы керек. Қай топтың ойыншысы қарсыласын көп ұстаса, сол топ жеңген болып есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |