Бұл ойынды да тек асығы бар балалар ғана ойнайды. Асық ойнаушылардың саны 4-8 балаға дейін жетеді. Әрине, асықты қыз балалар ойнамайды. Бұл ойынның түпкі мақсаты-асық ұтып алу.
ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
Көнге барлық ойыншы бір-бірден асық тігеді. Содан соң, бір бала ойыншылардың кезектерін анықтау үшін басқалардың сақасын жинап алып, иіреді. Яғни, кімнің кімнен кейін асық ататынын анықтайды. Иірген кезде алшы түскен сақаның иесі - бірінші, тәйке түскеннің иесі – екінші, бүк түскендікі –үшінші , шік түскендікі – төртінші атады. Атқан кезде, атылған асық пен сақа бір жақты алшы немесе тәйке, бүк, шік түссе асықты алып ары қарай ата береді. Яғни, атқан кезде –сақа алшы түсіп, асық кез келген түрде жатса, егер сақа тәйке түсіп – асық та тәйке түссе, егер сақа да, асық та бүк, немесе шік түссе, мұндай жағдайда асықты алып, ары қарай ата береді. Қалған басқа жағдайда ешкім де асықты алмайды. Асықты атқан кезде де ойыннан шығып қалатын жағдай болады. Егер асықты атқан кезде, сақа атылады да, әлгі бала ойыннан шығып қалады. Тәйке түскен сақаны өзінен кейінгі кезекте тұрған бала атады. Бұл жерде мына бір жағдайды ескерте кеткен жөн. Көндегі асықты сақаның жатқан жерінде тұрып ату керек, ал тәйке түскен сақаны көнде тұрып ату керек, ал тәйкеге тигізе алмай қалса, онда атқан ойыншы ойыннан шығып қалады, демек көнге тіккен бір асығынан ұтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |