С.Аманжолов: Қазіргі қазақ әдеби тіліне солтүстік-шығыс диалектісі негіз болды. Оған себеп болған, автордың пікірінше, біріншіден, орыстың озық мәдениетіне бір табан болса да бұл территориядағы қазақтардың жақындығы болса, екіншіден, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты оқыған ғалымдар мен көркем сөз шеберлерінің тарих сахнасына келуі еді. Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннен бұрын әдеби тіл өрнегінің үлгісі боларлықтай жазба әдебиет өкілі болған жоқ еді. Бұл екі қайраткер үлкен іс атқарды, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін калады. Бұлай болудың себебі, біріншіден, Абай да, Ыбырай да Қазақстанда капитализмнің туу дәуіріндегі жаңа мәдени ерлеудің жаршысы болды, екіншіден, олар өз творчествосында көп жағдайда орыс әдебиетінің классиктерін үлгі тұтып, соларға еліктей білді, халықтың тілдік байлығына калай карау керек, олардан өте кажетті, айқын, айшық сөз үлгілерін, тіл құралдарын қалай ала білу керектігі жөнінде үйрене білді. Абай халықтың тіл қазынасынан жеке сөздерді, фразаларды құрылыс материалы сияқты таңдап, өнерлі шебер, үлкен суреткер, құрылысшы архитектор ретінде олардан көрікті сөз күмбездерін орната білді.
Міне осындай ерекшеліктердің негізінде XIX ғасырдың екінші жартысында жалпы қазақтың ұлттық тілінің калыптасу кезеңінде шешуші диалект солтүстік-шығыс облыстарындағы қазақтардың диалектісі болды да, ол қазіргі қазақ әдеби тіліне негіз болды деп қорытады автор.
М.Балақаев «Жазу тілдің әдеби болып оқшаулануының шартты белгісі ғана емес, сонымен қатар әдеби тілге тән қасиеттерді тудыруға, соларды баянды етуге керекті мықты тірек» («Әдеби тіл және көркем әдебиет», 18-бет) деген сияқты әдеби тілдің ең негізгі белгісі туралы жалғыз ғана критерий ұсынып (ол - тек жазу, әдеби тілдің тек жазба формада ғана өмір сүре алуы), сол арқылы ауыз әдебиетінің батырлар жыры мен лиро-эпостық поэмалары сияқты сымбатталған тілде, қалыпты әдеби дәстүрде жырланатын түрлері де, тіпті хандық дәуірде өмір сүріп, шығарма- лары ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен ақын-жыраулар туындылары да әдеби тілдің көрсеткіші бола алмайтындығын баса айта келіп: «Сөйлеу тілінің әдебиеттік сапада жұмсалуы жазба әдеби тілдің ілгері даму барысында пайда болады. Соған қарап қазір әдеби тілдің жазбаша және ауызша формасы бар деп есептейміз»,- деген («Қазақ әдеби тілі және оның нормалары, 65- бет) екіұшты пікір айтады.