(Б.Кенжебаев «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері»4-14б) «Қай тіл болмасын, ол адам қоғамы тәрізді ұзақ өмір сүреді, оның өзіндік тарихы, басып өткен жолы, даму сатылары болады. Бірақ бірде-бір тілдің жасын тап басып, ашып айту кімге болса да қиын. Өйткені, бұл тарихи сүрлем – мыңдаған-миллиондаған жылдардың қойнау-қырқаларында жатқан сыры мол, ғаламат дүние. Дегенмен, кейбір жазба, қазба ескерткіштерге қарап, туған өлкенің жер-су атаулары мен сөздік қорымызда сақталған көненің көзі іспеттес деректерге сүйене отыра, көз жетпесе де ой жететін тілдің тарихи даму белестерін елестетуге болатын сияқты. Мәселен, қазақ тілінің халық тілі болып қалыптасу дәуірін XIV–XV ғасырлар десек, оны тарихымыздағы белгілі саяси-әлеуметтік жағдайға, бытырап жатқан ру тайпалардың бірлесіп бір тұтас халыққа айналуына байланысты айтамыз. Бірақ бұл халқымыздың этнолингвистикалық тарихының ұшар басы емес, белгілі бір кезеңі ғана. Ал оның көзі әріден басталып, тарихи соқпақ бізді сонау орхон-енисей дәуіріне жетелейді». (Қайдар Әбдуәли. Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы – Алматы: «Сардар» баспа үйі 512– бет, 2014 жыл, 172бет)
«Қазақтардың көне тарихын жазу келешектің ісі болып отыр. Бірақ көне түріктердің тарихын жазған ғалымдардың пікірлері қазақтарғада тиісті екендігі анық. Себебі, қазақтардың этникалық құрамына енген ру-тайпалар басқа түркі халықтарының құрамындада бар.»
Түркітануға кіріспе 247 бет Ә.Қайдар, М.Оразов Әдеби тілдің тарих көшін анықтауда және оның өмір сүру барысын кезеңдерге бөлуде көркем әдебиеттің даму кезеңдері жайындағы пікірлер көңіл аудартады. Сондықтан әдебиеттанушылары тарапынан қазақ әдебиетінің кезеңдерін тану (зерттеу) туралы мынадай белгілер пікірлер мен тұжырымдарды көреміз. Филология факультеттерінің студенттеріне арналған «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырушылар (Б. Кенжебаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, Х, М. Мағауин, 1967) қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге беледі:
1. Көне дәуір (V-XIV ғ.)- қазақ қауымының рулық-ұлыстық дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар көптеген түркі халықтарына ортақ мұра.
2. Хандық дәуірдегі әдебиет (XV-XVIII ғ.) - қазақтың төл әдебиетінің басталу шағы, алғашқы дәуірі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет.
4. XX ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.
5. Социалистік дәуір әдебиеті.