Қазақтың төл әдеби тілінің қалыптасу даму тарихы. Ол жайындағы ғылыми көзқарастар



бет4/6
Дата28.04.2023
өлшемі51,87 Kb.
#175692
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ әдеби тілінің тарихы (1)

P Сыздықова өзінің «XVIII-XIX ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы» деп аталатын құнды еңбегінде әдеби тілдің барлық дәуірлерін сөз етпей, тек екі ғасырға, әдеби тіл тарихы үшін мәні де, маңызы да зор XVIII-XIX ғ. арнайы тоқталып, нақтылы материалдар негізінде әр дәуірдің әдеби тіліне тән сипатын, лексикалық, грамматикалық, стильдік ерекшеліктерін анықтауға көңіл бөледі. Әдеби тілді дәуірлеу мәселесіне байланысты автордың соны пікірлері көңіл аудартады. Автор XIX ғ. екінші жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның ауызша тараған әдеби тілі болды деген пікірді ортаға салады (Сыздықова Р. XVIII-XIX ғ. қазақ әдеби тілінің тарихы-Алматы, 1984. 14-б.). Р.Сыздықова бірқатар түркі халықтарына ортақ орта азиялық жазба әдеби тіл - «түркінің» локальдық (қазақтық) әдеби тілі болды дейді. Бұл атау Ә. Қайдаровтың еңбегінде де қолданылған. Бұған кезінде қазақ топырағында пайда болған «Қітаби тіл» жатқызылды. Бұл таза шағатай тілі емес, қазақ, татар, шағатай тілдерінің қоспасы, яғни шұбар тіл. Р. Сыздықова «Ашып алар жәйттар көп» деген мақаласында мынадай қорытындыға келеді: «Сөйтіп, қазақтың тілі: ауыз әдеби тілі, жазба алдындағы әдеби тілі, жазба әдеби тілі деген түрлерге бөлінеді» (Сыздықова Р. Ашып алар жәйттар көп //Қазақ әдебиеті. 1980).
Қазақ әдеби тілінің тарихын кезеңдерге бөлу мәселесіне байланысты ғалым Р.Сыздықова мынадай классификация ұсынады:
«І кезен XV-XVII ғасырлар;
II кезең XVIII ғасырдан XIX гасырдын II жартысына дейін;
III кезең ХІХ ғасырдың II жартысынан Октябрь революциясына дейін;
IV кезең - советтік дәуір».
Ал әдеби тіл тарихының нақ XV ғасырдан басталуының себебі мынау: «сайып келгенде, тарих сахнасынан қазақ деген этноним орын ала бастаған тұсы осы болды» (Қазақ әдеби тілінің тарихы 22 бет).

19 ғ. 2 жартысы
Н. Сауранбаев «К истории казахского литературного языка» атты мақаласында қазақ әдеби тілі Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана пайда болды деген пікірдің дұрыс еместігін, мұндай көзқарас тарихи фактілерді талдау негізінде емес, жай долбармен айтыла салынған пікір екендігін сынай келіп, революциядан бұрын да әдеби тілдің болғандығын көрсетеді. Өйткені революциядан бұрын да белгілі территорияны мекендеген, экономикалық өмірінде біркелкі кұрылысы, ортақ мәдениеті мен тілі бар қазақ халкы тарихи жағынан алғанда ұзақ жылдар бойы және өзара әр кез үзбей карым-катынас жасаудың, бірлесіп өмір кешудің нәтижесінде ХѴ гасырдан бастап калыптаса бастайды. Бірақ автор бұл еңбегінде әдеби тіл деген ұғымды жазба тіл дегенмен бара-бар карайды да, қазақтың жазба әдеби тілінің ерекше ұлттық негізі XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында калана бастады, бірақ қазақ халкының өз алдына жеке мемлекеті болмағандықтан, қазақ әдеби тілі халық арасына кең түрде тарай алмай қалды, тек, негізінен, XIX ғасырдын екінші жартысындағы қазақтың ағартушылары мен жазба әдебиеті өкілдерінің поэтикалық шығармалары, бірлі-жарым газет-журнал мен басылып шыққан кітаптар тілінің шенберінде калып койды деп корытады.
Автор келесі бір мақаласында («Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы») әдеби тіл деген ұғымды қалай түсіну керектігін талдай келіп: «Әдеби тілді тек жазумен ғана байланыстырып, оны тек кітаби жазба тіл деп анықтаушылық орта ғасырлардағы әдебиетпен байланысты шыққан. Мұндай түсінік, әрине, ескірген, теріс түсінік. Ол қазіргі әдеби тілдердің негізгі белгілерін, оның әр алуан көрінісін, оның қоғамдық рөлін камти алмайды. Казіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана карап анықтау дұрыстыққа жатпайды», - деп орынды пікір айтады. Міне осындай әдеби тіл деген ұғымды дұрыс түсінудің негізінде, бір жағынан, «ХІІ ғасырдан бастап жасалып, ХV ғасырда Орта Азия, Қазақстан халықтары арасына толық тараған... академик А. Н. Самойлович айтқандай, «Орта Азия түрки әдебиет тілі» деп аталатын жазба тілдің, кітаби тілдегі нұсқалар екінші жағынан, «ХVІІІ ғасырдан бұрын шыққан» «Халықтың ежелден келе жатқан бай ауыз әдебиетінің нұскаларының қазақ әдеби тіліне қатысы бар екенін, қазақ әдеби тілін калыптастырып, дамытуда белгілі рөл атқарғанын, манызы бар екенін орынды көрсетеді.
«Сонымен бірге, әдеби тілдің революциядан бұрын дүниеге келуіне ерекше еңбек сіңірген ақын, жазушылардың шығармалары дәл жазылған уақытта басылмай, кейінде ғана басылып шыққан» (Проблемы казахского языкознания Аманжолов С, Алма-Ата, 1982, 113бет) дейді. Оған мысал ретінде Абайдың шығармаларын келтіреді де, әдеби тілдің кейбір белгілеріне (жалпы халыққа ортақ болуы, түсінікті болуы, өзінің тұрақталған нормалары болуы) тоқталып, Н. Т. Сауранбаев қазақ әдеби тілін мынандай үш дәуірге бөледі:
1) XIX ғасырдың екінші жартысына дейінгі дәуір;
2) XIX ғасырдың екінші жартысынан XX ғасырдың 20-жылдарына дейінгі дәуір;
3) Советтік дәуір.
Қазак әдеби тілінің тарихы әлі толық зерттелмеген,•осыған сай оның тарихын дәуірлерге бөлуге болмайды.Сондықтан жоғарыда айтылып отырған пікір (үш дәуірге бөлу) кейбіреулерге түсініксіз я орынсыз болып көрінуі мүмкін. Сүйтсе де шешілмеген, шешілуге тиісті мәселе жөнінде пікір тудыру үшін өз ойымызды айтуды дұрыс көрдік. Мұндағы орынсыздау көрінетін әдеби тілдің, біріншідәуірі болуға тиіс. Шынында, мынадай тарихн фактілерді ескерсек, ол сенімсіздікке орын болмай қалады. XX ғасырдың басына дейін, әсіресе, совет дәуіріне дейін қазақ халқының әдебиеті болмаған ба? Әрине, болған. Бірак, ол әдебиет мазмүн жағынан да, түр жағынан да кейінгі дәуірлердегі, әсіресе, совет дәуіріндегі әдебиетпен бірдей емес еді. Қейінгі уақытқа дейін тарихи фактілерді, онын ішінде халықтың өткен ғасырлардан келе жаткан рухани мәдениетін, әдебиетін зерттеуде болған сыңаржақтылықтың салдарынан, ол әдебнеттер көп ауызға алынбады, алынса да оған үлкен сенімсіздікпен қаралды.
Бірақ Н. Сауранбаев қазақ әдеби тіл тарихы қай дәуірден басталатынын айтпайды. Бірақ, оның бірінші дәуірін сөз ете келіп, әңгімені ауыз әдебиетінің нұсқаларынан, сондай-ақ «Алпамыс», «Ер-Тарғын», «Қозы-Қөрпеш - Баян сұлу» эпостарынан бастауы, одан кейін кітаби тіл нұсқаларын, «Орта Азия түрік әдебиеті тілін» сөз етуі, оның үстіне «қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды» деуіне қарағанда, ол әдеби тілді әріден бастап, бұл ұғымды кең мағынада түсінгенге ұқсайды. Енді бір еңбегінде автор «әдеби тіл деген жазумен байланысты болады» (сол еңбек 71 бет), -- дейді. Ал келесі бір еңбегінде Н. Т. Сауранбаев қазақтың жазба әдеби тілінің XIX ғ. екінші жартысының соңында пайда болғанын, оның жалпы ұлттық дәрежеге Октябрь революциясынан кейін көтерілгенін айтады (222-223 беттер, сол еңбек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет