Қазақтың төл әдеби тілінің қалыптасу даму тарихы. Ол жайындағы ғылыми көзқарастар



бет6/6
Дата28.04.2023
өлшемі51,87 Kb.
#175692
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
қазақ әдеби тілінің тарихы (1)

Кеңестік дәуір
Т. Қордабаевтың әдеби тіл жөніндегі пікірі С. Аманжоловтың пікіріне жақын, бірақ онша айқын емес, екіұшты мағынада қалып қойған. «Қазақ тілінің әдеби тіл болып қалыптасуына келетін болсақ, -- дейді Т. Қордабаев, -- оның негізі өткен XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай қалана бастағанымен, шын мағынасындағы әдеби тіл дәрежесіне, тағы да, тек Совет өкіметі тұсында ғана жеткенін көреміз» (Қордабаев Т. Қазақтың әдеби тілі - Октябрьдің жемісі //Қазақстан мұғалімі 1957. 24 октябрь.)
Бірақ Н. Сауранбаев қазақ әдеби тіл тарихы қай дәуірден басталатынын айтпайды. Бірақ, оның бірінші дәуірін сөз ете келіп, әңгімені ауыз әдебиетінің нұсқаларынан, сондай-ақ «Алпамыс», «Ер-Тарғын», «Қозы-Қөрпеш - Баян сұлу» эпостарынан бастауы, одан кейін кітаби тіл нұсқаларын, «Орта Азия түрік әдебиеті тілін» сөз етуі, оның үстіне «қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды» деуіне қарағанда, ол әдеби тілді әріден бастап, бұл ұғымды кең мағынада түсінгенге ұқсайды. Енді бір еңбегінде автор «әдеби тіл деген жазумен байланысты болады» (сол еңбек 71 бет), -- дейді. Ал келесі бір еңбегінде Н. Т. Сауранбаев қазақтың жазба әдеби тілінің XIX ғ. екінші жартысының соңында пайда болғанын, оның жалпы ұлттық дәрежеге Октябрь революциясынан кейін көтерілгенін айтады (222-223 беттер, сол еңбек).

Түрлі пікір ұстанғандар:
М.Балақаев: «Қазақтың әдеби тілінің тарихын біз XIX ғ. екінші жартысынан емес, XVIII ғасырдан бастаймыз. Өйткені, халық тілінің жазба әдебиет ыңғайында нормаға түсе бастаған шағы және бірді-екілі стильдік құбылыстардың көрініс бере бастаған кезі, дәлірек айтқанда, әдеби тіл белгілерінің айқындала бастаған мезгілі - осы XVIII ғасыр және авторларының аты-жөні сақталған дәуір XVIII ғасырдан басталады» (Балақаев, Сыздықова, Жанпейісов Қазақ әдеби тілінің тарихы, Алматы, 1968ж, 10 бет).
М.Балақаев: «Жазу тілдің әдеби болып оқшаулануының шартты белгісі ғана емес, сонымен қатар әдеби тілге тән қасиеттерді тудыруға, соларды баянды етуге керекті мықты тірек» («Әдеби тіл және көркем әдебиет», 18-бет)
Н. Сауранбаев: «К истории казахского литературного языка» атты мақаласында қазақ әдеби тілі Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана пайда болды деген пікірдің дұрыс еместігін, мұндай көзқарас тарихи фактілерді талдау негізінде емес, жай долбармен айтыла салынған пікір екендігін сынай келіп, революциядан бұрын да әдеби тілдің болғандығын көрсетеді. Өйткені революциядан бұрын да белгілі территорияны мекендеген, экономикалық өмірінде біркелкі кұрылысы, ортақ мәдениеті мен тілі бар қазақ халкы тарихи жағынан алғанда ұзақ жылдар бойы және өзара әр кез үзбей карым-катынас жасаудың, бірлесіп өмір кешудің нәтижесінде ХѴ гасырдан бастап калыптаса бастайды. Бірақ автор бұл еңбегінде әдеби тіл деген ұғымды жазба тіл дегенмен бара-бар карайды да, қазақтың жазба әдеби тілінің ерекше ұлттық негізі XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында калана бастады, бірақ қазақ халкының өз алдына жеке мемлекеті болмағандықтан, қазақ әдеби тілі халық арасына кең түрде тарай алмай қалды, тек, негізінен, XIX ғасырдын екінші жартысындағы қазақтың ағартушылары мен жазба әдебиеті өкілдерінің поэтикалық шығармалары, бірлі-жарым газет-журнал мен басылып шыққан кітаптар тілінің шенберінде калып койды деп корытады.
Н.Сауранбаев: «Әдеби тілді тек жазумен ғана байланыстырып, оны тек кітаби жазба тіл деп анықтаушылық орта ғасырлардағы әдебиетпен байланысты шыққан. Мұндай түсінік, әрине, ескірген, теріс түсінік. Ол қазіргі әдеби тілдердің негізгі белгілерін, оның әр алуан көрінісін, оның қоғамдық рөлін камти алмайды. Казіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана карап анықтау дұрыстыққа жатпайды» («Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» мақаласы)
«қазіргі заманда әдеби тілді жазу тұрғысынан ғана қарап анықтау дұрыстыққа жатпайды» (Проблемы казахского языкознания Аманжолов С, Алма-Ата, 1982, 113бет)
«әдеби тіл деген жазумен байланысты болады» (сол еңбек 71 бет), -- дейді. Ал келесі бір еңбегінде Н. Т. Сауранбаев қазақтың жазба әдеби тілінің XIX ғ. екінші жартысының соңында пайда болғанын, оның жалпы ұлттық дәрежеге Октябрь революциясынан кейін көтерілгенін айтады (222-223 беттер, сол еңбек).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет