ҚазақТҰтынуодағЫ



бет45/94
Дата05.02.2022
өлшемі2,72 Mb.
#1920
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
В.Рошер (1817-1894 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі. Оның басты еңбегі – “Тарихи әдіс көзқарасы тұрғысынан негізгі экономия курсының сыны”. Оның экономикалық көзқарасынша, саяси экономия – бұл әлеуметтік шаруашылық туралы ғылым. Саяси экономияны оқып үйренуге ол тілді, дінді, өнерді, ұлттық құқықты, мемлекет құрылысын және өндірістің дамуы саясатының әртүрлі қорларын кең білу керек деп санады.
В.Рошер өндіріс процесіндегі адам факторын жоғары санап және ол қоғамның салты мен дәстүрлеріне сүйене отырып, адамның әділдікке ұмтылатындығын атап өтті.
Бұл бағыттың екінші тармағы – ХІХ ғасырдың 80-ші жылдары Германияда пайда болған “жас” тарихи мектеп (тез арада ол басқа елдерде кең тарау алды). Оның өкілдері – Г.Шмоллер, Л.Брентано, В.Зомбарт, М.Вебер және тағы басқалар. Бұлар жаңа жағдайларда “ескі” тарихи мектеп әдістерін дамытты. Германия осы кезде біртұтас ұлттық мемлекет болды, алайда ұлтшылдық мотивтері мен мемлекетке табынушылық (культ государства). Германияның сыртқы экономикалық басқыншылығына дем беретін дәстүрлі белгілер болып қалды. Марксизм мен пікір таластырудың идеологиялық қажеттілігі аса маңызды роль атқарды.
“Жаңа” тарихи мектеп өкілдерінің еңбектерінде эмпиризм аналогиясы (ұқсастығы) марксистік теорияға тікелей қарсы көзқарастармен үйлесті. Шмоллердің берген бағаларына сәйкес, К.Маркс “дәл эмпирикалық зерттеулердің осы заманға талаптарынан бәрінен көбірек кейін шегініс жасай отырып, әлемдік және адамды білусіз спекулятивтік классикалық оқымысты типін білдірді”. Осындай мінездемені өзінің шығармасы “Монблан факторларында” жазған Шмоллердің ойы бойынша, шындығында К.Маркстің қорытындылары “абстрактылы ұғым мен жалпы тарихи – философиялық бейнелер”, адамзаттың революциялық тәжірибесімен расталады дейді.
Жаңа тарихи мектеп өкілдерінің еңбектерінде капитализмнің теориялық проблемалары – құн, қосымша құн, капиталдың негізі, капиталистік жинақтаудын тарихи дәстүрлері нақтысында алынып тасталды, экономикалық заң идеясының өзі қалай болса солай үшінші есепке шығарылады.
“Жаңа” кезенде экономист – тарихшылардың еңбектерінде жаңа сюжеттер пайда болады. Еуропаның барлық елдерінде жаңа әлеуметтік және таптық қақтығыстар мен егестер туындады. Әлеуметтік тұрғыдағы солшыл ұйымдар проблемаларды революциялық әдіспен шешуге ұмтылды. Либералдық буржуазия, революциялық қарсы тұрулардың жеміс бермейтіндігін көре отырып, және олардың жолын куушылар қақтығыстық ахуалдардан шығудың реформаторлық жолдарын іздеді. Еріксіз бірсыпыра елдерде, ең алдымен Германияның өзінде, мемлекет, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға ұмтылды (Бисмарктың жүзеге асырғанындай). Ендігі жерде ғалымдардың өздері әлеуметтік процестер мен құқықты – яғни жұмысшылар мәселелерімен шұғылданды. Мәселен, егер оңшыл Т.Шмоллер жұмыс күнін заңды тұрғыда шектеуге, кәсіподақ қозғалысының заңдылығын тануға қарсы шығып, кәсіпкерлер одақтарының ұйымын құруға, локауттар мен “қара тізімдерді” қолдануға шақырса, Бретоно либералдық буржуазия мүдделерін қорғай отырып, пролетариаты революцияландыруға қарсы пәрменді құрал ретінде реформаторлық саясатты қолдады.
Брентано “экономикалық процестер мен құбылыстар әрқашанда ұлттық қатынастар және олармен байланысты салттар және құқықтық негіздер мен реттеледі” деп санады. Немесе, оның ойын одан да нақтырақ айтсақ, кәсіподақтар, кооперация, фабрика заңдары, әлеуметтік сақтандыру шаралары, жұмысшы табының жағдайын түбегейлі түрде жақсарта отырып, осы негізде қоғамдық таптық татулықты қамтамасыз ете алады деді. “Әлеуметтік – экономикалық реформаларды” тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін ол “жаңа” тарихи мектептің өкілдерімен бірге 1872 жылы “Әлеуметтік саяси одағын” құрды. 1873 жылы осы одақтың қатысуымен жұмысшыларды кәсіпкерлердің қысымынан қорғау және “мемлекеттік социализм идеясын дамыту мақсатында бірнеше заңдар қабылданғанына қарамастан, саяси одақтың сынаушылары, оны тек қана саяси жоба, қатедер - социализмі (кафедралық социализм) деп, оның Германияда үлкен болашағы жоқ деп түсіндірді.
Бретано экономикалық процестерге математикалық зерттеулер жүргізуді, мойындамады, өйткені “экономикаға қатысты адам психикасы аса күрделі, есепке келмейді” деді.
Тарихи зерттеу мектебінде В.Зомберттің (1863-1941 жж) орны айрықша. Зомберт марксизмнен фашизмге дейін өтті. Ол өзінің ғылыми карьерасын “Неміс социализм” деген кітабымен аяқтап, герман тоталитаризмінің ерлік рухын еврейлердің “Капиталистік” рухына қарсы қоюды насихаттады.
Тарихи және әлеуметтік мектептерді қалай сынамаса да, мынаны мойындау қажет. Тура осы мектептің өкілдері толық экономикалық өмірді көрсете отырып, “таза микроэкономистер”, әсіресе саяси экономияда математикалық бағыттың “институционализм” деп аталушы жақтастарына қарағанда қондырма мен базистік қатынастар арасындағы кері байланыстарға алғашқы рет талдау жасады. Бұл үлкен ғылыми жетістік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет