Ф.Лист (1789-1846 жж) “ескі” тарихи мектептің өкілі және оның негізін қалаушы болып саналады. Оның негізгі еңбегі – “Саяси экономияның ұлттық жүйесі” (1841). Оның экономикалық көзқарастарынша: “Әрбір елге өзіндік ұлттық саяси экономия тән, сондықтан да жекелеген елдердің экономиясы өзіндік заңдары бойынша дамиды” деген. Сондықтан да Лист: “Герман мемлекеті, біртұтас жалпы ұлттық нарық құру және ұлттық экономиканы шетелдіктер тарапынан, ең алдымен ағылшын кәсіпкерлері тарапынан болатын бәсекелестіктен қорғау мақсатымен, экономикаға белсенді араласуы тиіс” – деп бекітті.
Экономист – тарихшылар бірте-бірте саяси экономияны экономикалық тарих пен экономикалық саясатпен алмастыра отырып, өз тұжырымдамаларын осы рухта әзірледі. Саяси экономияны, ұлттық ғылым ретінде ғана емес, сонымен бірге, табиғи даму ерекшеліктерімен, халықтың сипатымен, оның мекемелері мен институттары арқылы айқындалатын, ұлттық шаруашылықты зерттеп-үйренуге шақыратын ғылымға тән болды.
Лист ұлттық саяси экономиканың міндеті, ұлттық өндіргіш күштерінің дамуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды айқындаудан тұрады деп санады. Оның түсінігі бойынша ұлттық байлық оның өндіргіш күштерінен тұрады.
Өндіргіш күштердің дамуына талдау жасау негізінде ол өндіріс дамуының үш сатысын: егіншілік, егіншілік - өнеркәсіптік және өнеркәсіп сатыларын бөліп көрсетті. Классикалық және неоклассикалық бағыттарға қарсы ара салмақ ретінде ол протекционистік мемлекет саясатын қорғады.
Әлемдік сауданың маңызын қарастыра отырып, ол әлемдік нарықта, бәсекеге қабілеті жетпейтін экономика салаларын дамыту қажет деп санады.