ҚазақТҰтынуодағЫ


Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы



бет74/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

8.1 Кейнсиандықтың пайда болуының тарихи жағдайы.


1929-1933 жылдары болған экономикалық дағдырыстан және одан кейін ұзақ жылдарға созылған экономикалық тоқырауды зерттеп отырып, Дж. М. Кейнс, өзінің “Қамтылу, процен және ақшаның жалпы теориясы” кітабында статистикалық үлгіні (моделді) жасап шығарды (1936). Ол бүкіл экономикалық процестердің, негізгі параметрлерін (бәрінен бұрын өндіріс көлемін) уақытпен өзгермеген, қысқа мерзім шеңберінде қарастырды. Бұл кезде экономиканың ұзақ мерзімді өсу мәселері оқымыстының алдында тұрмаған. Дж. Кейнс одан неғұрлым маңызды сұрақтарға “Толық емес жұмыспен қамтудан толық жұмыспен қамтушылыққа қалай көшуге болады?”, “Жаппай жұмыссыздықты қалай жоюға болады?”. “Өндіріс қуаттарының толық өспе қосымшалығын қалай пайдаланып тауарларды артық өндіруге болады?” деген өзекті сұрақтарға жауап беруді маңызды көрді.
Кейнс ұлттық табыстар, жинақтар, инвестициялар мен сұраныстар арасындағы экономикалық пропорцияларға қол жеткізу міндеттерін алға қойды.
Кейнсиандықтың басты экономикалық идеясы инвестициялар мен жинақтар арақатынасын талдаумен, “Тиімді сұраныс” (кейнсиандықтардың негізгі категориясы) сияқты макроэкономикалық категорияларды зерттеумен байланысты.
Дж. Кейнс, Бреттон – Вуд конференциясында қабылданған, соғыстан кейінгі қаржы қатынастарының негізі және Халықаралық Валюта қоры (ХВҚ) мен Халықаралық қайта құру және Даму Банкісін (ХҚДБ) құруға себеп болды. Оның бастамасы бойынша бір елдің тауарларын өткізуден түскен ақшаны, кез - келген басқа елдің тауарларын сатып алу үшін пайдалануды қамтамасыз ететін, мемлекетаралық клирынгелікті одақ құрылды. Бұл халықаралық квазивалюта құру идеясы, өзінің сыртқы тапшылығын жою үшін, одақтас - елдердің барлық Орталық банкілеріне есеп- шоттар ашуды қамтамасыз етті.
Дж. М. Кейнс теориясының мағынасы, дәстүрлі келістердің экономикалық даму процестерін жайғана қарастыру емес ол, агрегирленген (агрегированный) категориялар ретінде, нақты экономикалық дамудың өзара байланыстары мен функционалдарының тәуелділіктерін зерттеудің жалпы теориялық негіздерін қалап, олардың экономикалық даму тенденцияларына тиетін әсерін көрсетті.
Кейнсиан теориясы мемлекеттің белсенді экономикалық саясаты жағдайындағы әлеуметтік, психологиялық, ұйымдастыру факторларының есебін жүргізуді болжады. Сондықтан қазіргі экономикалық теория Дж. М. Кейнстің экономикалық дүние таныуы және методологиясымен тікелей байланысты. Ол экономикалық даму процестеріне әсер еткен алуан түрлі жағдайлар мен факторларды кең түрде түсіндіріп, ғылыми пәнінде пайдаланды.
Кейнс жаңа экономикалық категория – “инвестициялар мультипликаторларын” ұсынды. Кез келген саладағы инвестициялардың мәні өндірістің дамуына және осы салаларда көптеген адамдарды жұмыспен қамтушылықты тұдырады, ал ол, тұтыну заттарына деген сұраныстың қосымша көбейуне әкеледі. Бұл салалар өндіріс құралдарына деген қосымша сұранысты білдіреді. Сөйтіп, инвестиция арқасында, жиынтық сұранысты, жұмыспен қамтуды және табыстың көбеюін тұдырады.
Сонымен Кейнстің зерттеу методологиясының ерекшеліктері мыналар:

  • қысқа мерзімдік макроэкономикалық талдаудың негізгі өлшемінің екі бірлігі – ақша бірлігі мен еңбек бірлігін құру;

  • экономикалық ғылымдар теориясына өзгермелі (переменных) басым көпшілік санымен өзара байланыста негізделген, математикалық үлгілерін (модельдерін) енгізу.

  • экономикалық теорияның жаңа тілін құру – агрегатты шамалар уақытының қысқа мерзім аралығында аса аз өзгеретін санының тілі, содан соң осының көмегімен бүкіл экономикада өзара байланысты төрт рыноктардың (тауарлар мен қызметтер рыногы, енбек рыногы, ақша рыногы және бағалы қағаздар рыногы) қызметіне келіп тоғысуы;

  • экономикалық процесте ұсыныстың негізгі ролін анықтау яғни бағаның көтерілуін күткен кезде, шаруашылық өмірі соған бейімделеді, ал содан соң бағаның одан да жоғары көтеруілін мүлде сезбейді;

  • капиталдың шекті тиімділігі түсіндігін енгізу – ол қалпына кетірілетін қайыра өндіріске енгізілетін негізгі капиталдың бірлігіне шаққанда келетін пайда қатынасының түсініктерін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет