Жиынтық аграгирленген (бір тұтас көрсеткішке бірігу) экономикалық параметрлерді талдау негізінде, Кейнс экономикалық ғылымға жаңа ынталардың бастауын ұсынды. Сұранысты, ұсынысты, бағаны жекелеген фирмалармен тұтынушылардың деңгейінде, яғни микродеңгейінде қараған Маршаллмен салыстырғанда, Кейнс макроденгейінде функционалдық байланысты құру қажеттілігінің тұжырымдасын ұсынды. Ол бүкіл рыноктың өзара байланысты екендігін, сол себепті оларды біртұтас бөлінбейтін жүйе ретінде зертеудің қажеттігін көрсетіп берді.
Кейнс тағы да былай деді, сұраныс моделі өз - өзінен ұсыныстың соңынан жүрмейді. Сұраныс, табыстардың деңгейімен анықталып, табыстар динамикасынан артта қалып отырды. Егер сұраныс өндірілетін өнімнен (ұсыныстан) төмен болатын болса, онда өнімдердің бір бөлігі өткізілмей қалады. Ортақ өндіру төмендейді.
Неокласиктерден Кейнстің өзгешелігі, бағалардың нарықтық шаруашылықтарда икемді реттеуші болып саналмайтындығында, қайта олардың керітарпашыл (консервативный) болатындығын бекіту болып табылады. Рыноктағы жағдайды бағалар динамикасы бойынша емес, тауар қорларының болушылығы, тұтыну сұранысының динамикасы бойынша түсіндірді. Енбек рыногында бағалар (нақты еңбек ақы) жұмыс күші сұранысы мен ұсынысын реттеуші рөлін мүлде нашар атқарады деді.
Кейнстің пікірі бойынша жинақтардың өсуі инвестициялардың өсуіне мүлде тең емес, тіпті белгілі бір жағдайларда, жинақтардың өсуі инвестициялардың көлемін көбейтуге емес, азайтуға әкелуі мүмкін. Осының нәтижесінде, рынок “автоматизмі”, А. Смиттін “көрінбейтін қолдың” жұмыс істемейтіндігін, тепе – теңдік қалпына келтірмейтіндігін анықтады. Осыдан шығарған оның басты тұжырымы: рыноктың негізгі параметрлері арасындағы сәйкестікке қол жеткізу үшін сыртқы факторлардың қатысуы яғни мемлекеттің араласуы қажет деді. Ол жұмыспен қамту мен өндірісті реттеудің жаңа теориясын жасады, мемлекеттік макрореттеудің көмегімен рыноктық механизімді түзеудің тәсілдерін болжап берді.
Ұлттық табыс пен жұмыспен қамтудың деңгейі өзара тәуелді өзгермелі екендігі Кейнстің ілімінен туындайды. Ұлттық табыстың өсуі жұмыспен қамтудың өсе түсуіне және керісінше әсерін тигізеді. Көзделгендей, ұлттық табыс тұтынушылықтың өсу факторы ретінде қатысады және өз кезегінде, ұлттық табыстың өсуі инвестицияларға тәуелді болады. Ол бүкіл тұтыну және инвестициялық шығындардың жиынып қалыптасуының бүкіл қоғамдық (жиынтық) сұраныс – тұтынуын және инвестициялық тауарларға сұраныстың дамуын анықтау әдістерін – жасады.
Кейнсиандық теорияда “сұраныс тимділігі” деп аталған тұтыну шығындары мен инвестициялар саласы, маңызды орын алады. Яғни ұлттық табыс өндіру динамикасы мен жұмыспен қамту деңгейі, өз ресурстарын өсіруді қамтамасыз етуші сұраныс факторларымен анықталады. Тұтынудың, инвестициялар мен мемлекеттік шығындардан тұратын жиынтық сұраныстарын дамытып және жетілдірілдіре отырып, тұтынушылық бейімділігін, капитал жұмсаудаң күтілетің кіріс келтірілушілікті, және өтімділікті (ликвидтілікті) арттырады, бұл жайлар 1- үлгіден анық көрінеді.