ҚазақТҰтынуодағЫ


І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2



бет78/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

    Бұл бет үшін навигация:
  • ТҮЙІН
І W1+ Q1= Ү1; ІІ W2+ Q2 = Ү2; W1= Q2
Жинақтардың заңдылықтарын анықтау үшін Робинсон абстракцияға сүйеніп мынандай идеяларды ұсынды:

  • экономикаға мемлекеттің араласуының жоқтығы;

  • тек қана екі таптың болуы – жұмысшы және кәсіпкерлердің;

  • тұтастай капиталды жинақтауға жұмсалатын пайдалардан түсетін тұтынудың жоқтығы.

Оның жүйесіндегі еңбек ақы – тәуелсіз өзгермелі, бұл еңбекке ақы төлеуде, физикалық өзгермелі минимум. Ол жоғарыда келтірілген теңдіктерден бірінші тұжырым жасады: жұмыспен қамту қоры мен І бөлімшедегі жұмыспен қамтылушылық ІІ бөлімшедегі квазирентаның шамасымен анықталады. Инвестициялауды өсіру үшін, І сектордағы өндіріс пен жұмыспен қамтылушылықты көбейту қажет. Яғни нақты еңбек ақыны төмендету, яғни соған сәйкес ІІ бөлімшедегі (сектордегі) (Q2) квазирентарды өсіру, соның шарты болып саналады. Бұл жинақтау, жұмыспен қамту және тұтыну арасындағы қатынастарды дамытудың басты жағдайы.
Біріншіден, пайданың көлемінен яғный капиталдық тауарлардың жылдық өндірілген өнімнен (І бөлім) тозұ (ҰІ- R) құнын алып тастағанда, немесе жалпы квазирентадан амортизацияны (Q1+Q2-А) алып тастағанда қалған құнға тең: Екіншіден инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпкерлердің тілегіне байланысты (олар пайданы басқа бағытқа жұмсауы мүмкін). Сонымен пайда нормаларымен жинақтау қарқының теңдігі осы екі жағдайға жауап беруі тиіс.
Жетілмеген бәсекеден, Робинсон бәсекелес шаруашылық жүйесінің тең жағдайының бұзылу мен жалдамалы еңбекті қанауды көрді. Ол бағаның сұранысқа тигізетін әсерін, тауар сатуды бақылауды, және мемлекеттін баға мен сатуды реттеу мүмкіндігін анықтады.
Робинсонның жетілдірілмеген бәсекелестік теориясы нарық механизміне талдау жасу бағыттарының бір тетігі болып саналады. Барлық өзгерістердің арқасында өндіріс пен капитал шоғырландырып, монополияларға жоғары бағалар белгілеуге және табыстарды өздерінің пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік береді, яғни баға монополиялық пайданың көзіне айналады. Робинсон мемлекеттік реттеуді күшейтудің қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
Д. Робинсон теориясын дамытушы Н. Калдор (1908-1986) компенсациялар өлшемдерінің идеясын айтып, экономикалық әл – ауқат теориясына үлес қосып, табыстарды бөлудің неоклассикалық теориясын, техникалық прогресті сынады. Неоклассикалық теориялар ережесін, Дж. Кейнс, Д. Рикардо, К. Маркс және П. Сраффа теориялары негізінде құрылған үлгілерімен өзгертті. Оның басты еңбектері: “Шығындарға салықтар” (1955), “Экономикалық тұрақтылық және экономикалық өсу туралы очерктер” (1960), “Капиталды жинақтау және экономикалық өсу” (1961), “5 томдық экономикалық шығармалар жинағы” (1978).т. б.
Салық мәселелері бойынша канцлердің Қазнашы кеңесшісі ретінде, ол салықтарды қайта бөлу мақсатында, капиталдың нарықтық құнынан асырылған өсімге салық салу және өндірістік секторға қарай еңбекті қайта бөлуде, жұмыскерлерді жалдағаны үшін кәсіпкерлерге салықты салуды ұсынды.
Кембридж мектебі өзінің экономикалық саяси дамуында. Қалдар алдында көп қарыздар. Оның тиімді сұраныс пен сырттан және іштен экономиканы тұрақтандыру, экономикалық өсуді ынталандыру, мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігі туралы еңбектерінің аса үлкен маңызы болды, және ғылымның маңызың, оның рөлін жеке көтерді

ТҮЙІН


ХХ ғасырда экономикалық теорияны дамытуда Дж. Кейнстің жұмыстары терең із қалдырды. Ол А. Смит, Д. Рикардо және К. Маркспен қатар, экономикалық ойлардың дамуына шешуші әсер еткен, ұлы зерттеушілердің бірі болып саналады.
Экономика теориясын дамытудағы Кейнстің сіңірген еңбегіне жататындар: баға талдауын нақты өнімге ауыстыру; процент нормасына жаңа келіс (көзқарас); инвестициялық мультипликатор идеясы; қазіргі капиталистік экономиканы өздігінен реттеудің мүмкін еместігі туралы ереже; “тұтынуға бейімділік” және “өтімділікте ликвидке артықшылық беру” түсіндіктерін енгізу және т.б.
Тиімді сұраныстың тапшылығы, оны қоректендірудің (бюджет үшің шығыс есебін қолдау, мемлекеттің белсенді несие-ақша саясаты) қажеттілігінің неден шығарылатындығын кейнсиандықтар капиталистік экономиканың негізгі проблемалары деп санады.
50-60-шы жылдардағы кейнсиандықтың бөлінуі, Кейнстің макроэкономиасы мен неоклассиктердің микротеориясын біріктіруге ұмтылыс, ортодоксалды кейнсиандықтардың (Э. Хансен, Р. Харрод, Дж. Хинс, П. Самуэльсон және басқалар) пайда болуына әкелді. Мұндай ыдыраудың нәтижесінде “неоклассикалық синтез” – тұжырымдамасы микро деңгейіндегі ең жоғары көлемдегі жеке меншік инвестицияларының дамуымен мемлекеттің экономиканы қолдау тұжырымдамасы қалыптасты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет