ҚазақТҰтынуодағЫ


Әлихан Бөкейханұлы (1866-1937 жж)



бет66/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

Әлихан Бөкейханұлы (1866-1937 жж), көрнекті қазақ оқымыстысы және қоғам қайраткері. Ол толымды, сапалы білім алды: Омбы техникалық училищесін және Санкт-Петербург орман техникалық институтының экономикалық факультетің бітіріп, Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушы болып қызмет істеді, ғылыми жұмыстарымен айналысты. Ол кең көлемді 18 томдық “Ресей. Біздің Отанымыздың жалпы жағрапиалық жазбасы” атты еңбектің авторларының бірі болды. Бөкейханұлы Ресей шаруаларын Қазақстанға жаппай көшіруге әзірлік жұмыстарымен айналысқан Ф.А. Щербинин экспедициясына қатысты (1904 ж.).
Бөкейханұлы Қарқаралыдағы отаршылдыққа қарсы бұқаралық қозғалысқа белсене қатысты және саяси талаптар қойған петицияны (14500 адам қол қойған) құрастырушылардың бірі болды. Отаршылыққа қарсы әрекеті үшін ол Семейде және Павлодарда түрмеге де жабылды.
1905 жылы Семей облысының қазақ тұрғындарынан
І Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Ол Мемлекеттік Думаны тарату туралы патша жарлығына қарсы бағытталған Выборг шақыруын құрастырды.
1905-1907 жж. Ә. Бөкейханұлы кадет партиясының Омбы губерниялық комитетінің мүшесі бола жүріп “Ертіс” (Иртыш), “Омбылық” (“Омич”), “Дала үні” (Голос степи”) газеттеріне редактор болды.
Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлына қосылып “Қазақ” газетін шығарып оның беттерінде халыққа білім беру, ұлттық сана-сезімді ояту, хақына көптеген құнды дүниелер туралы еңбектер жарық көрді.
1916 жылы Бөкейханұлы Бүкілресейлік Жер одағының (Всеросийский Земский союз) жұмысына қатысты. 1917 жылдың 7 көкегінде Уақытша үкімет құрған Түркістан комитетінің мүшесі ретінде Ә. Бөкейханұлы Торғай облыстық комиссары болып тағайындалды. Осы жылдың шілде айында кадет партиясынан шығып “Алаш” партиясының атқару комитетіне кіріп “Алаш” партиясының бағдарламасының авторларының бірі болды. “Алаш” партиясының екінші съезінде Бөкейханұлы “Алашорда” үкіметінің төрағасы болып сайланып аумақтық автономия жариялап, Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрес бастады. Бірақ бұл әрекет екі жылдан кейін “Алашорда” үкіметін таратуы мен түйінделді.
Бұрынғы алашордашыларды Кеңес үкіметі органдарының жұмысына тарту туралы БОАК қаулысынан кейін Ә. Бөкейханұлы 1920 жылы Халықтық жер комитетінің (Наркомзем) құрамына кірді. 1922 және 1926 жж. Бөкейханұлы контрреволюциялық іс- әрекеттері үшін айыпаталды, бірақ дәлел болмағандықтан, қамаудан босатылды. 1937 жылы ол тағы да қамауға алынды, осы жылдың қырқүйек айында ату жазасына кесілді Ә.Бөкейханұлы 1989 жылы ақталды.
Аса көрнекті саяси және қоғам қайраткері бүкіл өмірін өз халқын отаршылдықтың құлдық қамытынан босатуға, ел жұрттына білім беруге, оны гүлдендіруге арнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет