ҚазақТҰтынуодағЫ


Сақтаған Бәйішев (1909-1988 жж)



бет67/94
Дата07.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#82097
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
Байланысты:
учебное пособие каз ИСТЭК.

Сақтаған Бәйішев (1909-1988 жж), көрнекті экономист, тарихшы, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА акдемигі, Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер.
Ақтөбе облысының Байғани ауданындағы Ақжар ауылында туған. 1927 жылы Темір орыс – қазақ жетіжылдық мектебін бітіріп, Қарсақпайда жас пионерлер аудандық бюросының төрағасы, ал 1930 жылы Түркістан қаласында БЛКЖО аудандық комитетінің хатшысы болып істейді. Осы жұмыстарда жүргенде-ақ Сақтаған Бәйішев экономикалық зерттеулермен шұғылдана бастайды. Журналистикаға деген құштарлық жас жігітті республикалық жастар газеті – “Лениншіл жасқа” алып келеді. Мұнда ол алғашқыда бөлім менгерушісі, сосын редактордың орынбасары қызметтерін атқарады. Содан кейін Қызыл Армия қатарына шақырылады, одан оралған соң Алматыдағы Марксизм – ленинизм институтына оқуға түседі.
С. Бәйішев 1937-1941 жылдары бірқатар жоғары оқу орындарында сабақ берді, Қазақтың Марксизм-ленинизм ғылыми – зерттеу институтының директоры (1937-1938), “Социалистік Қазақстан” газетінің жауапты редакторы (1938-1941), ал 1941-1945 жылдары Совет Армиясы қатарында - әскери құраманың комиссары, саяси бөлім бастығы, Совет Армиясының Саяси Басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды. 1946-1956 жж. КПСС ОК жанындағы Марксиз-ленинизм институты Қазақ филиалының, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры, 1956-1968 жж. Қазақ КСР ҒА-ның вице-призиденті болды. Ол алпысқа жуық кандидаттар мен докторларына ғылыми жетекші болды.
С. Бәйішев Карл Маркс “Капиталының” І – томының тарауларын, В.И. Лениннің “Рессейде капитализмнің дамуы”, “Империализм – капитализмнің жоғары сатысы” деген күрделі еңбектерді тұңғыш рет қазақ тіліне аударды. Ғалым 1959 жылы Республиканың Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды. Ғылыми және қоғамдық қызметі кезінде 300-ден астам зерделі зерттеулер, соның ішінде 7 монография жариялады.
Өмірінің соңғы жылдарын академик Сақтаған Бәйішев оқутышылық жұмысқа арнап, ғылыми кадрлар мен экономистердің жаңа ұрпағын даярлау саласында ұланғайыр іс тындырды.
1988 жылы дүние салғаннан кейін, Қазақ КСР ҒА академигі С. Бәйішевті мәңгі есте қалдыру жөнінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қаулы қабылдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет