Азық-түлік және ақпараттық байланыс



Дата06.02.2022
өлшемі46,35 Kb.
#81601
Байланысты:
Азық түлік технологиясы



Азық-түлік және ақпараттық байланыс

Кіріспе 

Адам баласы жүз жыл болса да, ыстық-суыққа шыдайды, бірақ аштыққа шыдамайды. Күніне 1000 килокалориялық тағам рационы ағзаға жеткіліксіз және бұл аштық жағдайында деп есептеледі, ал әлемде 1,5 млрд адам осындай аш құрсақ жағдайда өмір сүріп жатыр. Халықтың әл-ауқаты әлеуметтік қана емес, саяси-стратегиялық мәнге ие. Саясаттанушылар халықтың кем дегенде 75 пайыздайын тойындырмайынша, саяси реформа жасауға болмайды дегенді айтады Қазір әлемде азық-түлікті тұтыну жағынан теңсіздік қалыптасып отыр. Мәселен, 1960 жылы 20 пайыз ең бай елдер мен 20 пайыз ең кедей елдердің арақатынасы 30:1 болса, 1990 жылы бұл арақатынас 64:1 болған. Бұл үрдіс әлемде әлеуметтік дүмпулерді туғызып отырғаны жасырын емес. Сондықтан кез келген ел үшін халықтың тоқ болуы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық қауіпсіздіктің маңызды парасы ретінде қарастырылады. 

Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси мәні зор болып отырғаны белгілі. 

Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес. 

БҰҰ-ның жанындағы «Халықтар қоры» жер тұрғындарының 2050 жылға қарай 7,8 млрд. адамға өсуіне орай, күрделенуі мүмкін азық-түлік мәселесіне қатысты 61,2 млрд. дол­ларға бағаланған арнайы бағдарлама ұсын­­ды. Оның ішіне ауыл шаруашылығы ғылымын дамытуға 5 млрд. доллар, егістік жерді сақ­тау­ға 24 млрд. доллар, ормандарды қалпына келтіруге 6,8 млрд. доллар бөлуді көздеп отыр. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәлі­мет­тері бойынша, Қазақстан 40 пайызға жуық сүтті, 29 пайыз етті және 43 пайыз кө­кө­ністі сырттан әкеледі. Азық-түлік қоры мол деген Ресейдің өзі тамақ өнімдерінің 40 па­йыздайын шетелдерден тасиды. Ауыл ша­руашылығының шикізаттық сипаты азық-тү­лік қауіпсіздігіне кедергі келтіреді. Елдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің 80 пайызы шикізат күйінде шы­ғарылады, ал техноло­гия­лық мешеулік сал­да­рынан дайын өнім шы­ғара алмай отырмыз. Мәлімет бойынша, біздің елімізде 2010 жыл­дың 1 қаңтарында 200 876 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, оның ішінде ауыл шаруа­шылығы кәсіп­орындары 7441, шаруа қожа­лық­­тары 193 435. Бұдан басқа 2 247,8 мың үй шаруа­шы­лығы бар. Осыларды бүгінгі жағ­дай­ды ескере отырып әрі қарай дамытып, нарық та­ла­бына сай құрылымдарға жеткізу үшін осы са­ладағы заңдарға тиісті өзгерістер енгізу қа­жет. Қазіргі уақытта «Шаруа (фермер) қожа­лықтары туралы» заңның жобасы Парламент Мә­жілісінде талқылаудан өтті. Сонымен қа­тар 2008 жылы Үкіметке толықтырулар үшін қай­тарылған «Жеке қосалқы шаруашылық­тар» ту­ралы заңның жобасы да ауыл өмі­рінің жедел дамуына өз септігін тигізері сөзсіз. Бұл заңның жобасы Үкіметтен Парламентке қай­тарылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Елбасы атап өткен­дей, азық-түлік қауіп­сіздігі ту­ралы заңды әлі де жетілдіре түскен абзал. Нәтижесінде, Қа­зақстан халқына арна­ған Жолдауында атап көр­сетілгендей, 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі ры­ногының 80 %-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Сол себепті, келешекте ауыл шаруашылығын дамы­туда көптеген іс-ша­ралар атқаруға тура келеді. Әлемдік тәжі­рибеде Германия, Франция, Швеция, АҚШ 70-80-жылдары-ақ азық-түлік қа­уіп­сіздігіне ба­ғытталған шаралар бойынша, әсі­ресе, фер­мерлердің құқығын ерекше қорғай­тын заң­дар қабылдаған. Қазіргі кезде АҚШ-та азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында он­даған бағдарламалар бойынша жыл сайын 35-40 млрд. доллар бөлінеді. 

Қазақстан іс жүзінде дүниежүзілік азық-тү­лік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосып отыр­­ған ірі аграрлық елдердің қатарына жа­та­ды. Жалпы республика бойынша 2009 жылы бү­кіл егістік алқабы 21 424,9 мың гектарды құ­рады. Оның ішінде дәнді дақылдар 17 208,9 мың га, картоп 170,3 мың га, майлы тұқымдар өнімдері 1 749,5, қант қызылшасы 10,6 мың га, көкөніс 110 мың га болды. Ауыл шаруа­шы­лы­­ғынан 2009 жылы алынған өнімнің жалпы құны 1 640,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруа­шылығы 936,8 млрд. теңге, мал шаруашылығы 703,4 млрд. теңге болды. Елі­міз әлемнің басты аграрлық шикізат өн­діруші 25 елінің қатарына кіреді. Со­нымен қа­тар, ауылшаруашылық мақ­са­тындағы дәнді да­қылдар және картоп егетін жер көлемі бойын­ша басты аграрлық шикізат өндіруші 10 елдің қатарында тұр. Сарап­шылардың бағалауы бо­йын­ша, республи­ка­ның ресурстары халықтың қазіргі азық-түлік­ті тұ­тынуы көлемінен 3 есе артық өндіруге жетеді. Соңғы жарты ғасырда ғана плане­тадағы халық санының өсуіне қарай азық-түлікке деген сұраным 4 есе өскені мәлім.

Қазақстан сыртқы рынокқа 1,5 млрд. дол­­лар көлемінде астық шығара отырып, көш­басшылардың бірі ретінде оның экспор­тынан дүние жүзінде 7-ші орын алады. Ас­тық экс­пор­тындағы ұнның үлесі 2000 жылғы 9 пайыздан 2008 жылы 58 пайызға жетіп, 849,2 млн. дол­лар көлемінде болды. Астыққа шаққанда макарон өнімдерінің экспорты 2008 жылы 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін көтерілді.

Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Халықаралық автоматты коммутациялық станциялар С-12 жүйесіндегі цифрлы станциялармен ауыстырылды. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді. 20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. Республиканың 7 облыс орталығында 7000 абонент ұялы байланыс, 12 ірі қаласында 5000 абонент дербес радиошақыру (пейджинг) қызметін пайдаланып келеді. 1996—1997 жылдары пайдалануға берілген АқмолаҚарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы Байланыс торабының негізін қалады. 1998 жылы республикадағы халықаралық телефон каналдарының ұзындығы 43 млн 363 мың км-ге жетті. Республика қалаларында жалпы сыйым. 1.856.997 нөмірлік 637 АТС, ауылдық жерлерде жалпы сыйымд. 573945 нөмірлік АТС-тер жұмыс істеді.[4]


Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон стансылары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, Жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.[3]


20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950—1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады. 1950 жылы Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956—1957 жылдары Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960—1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ке жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң НовосибирскАлматыСамараАтырауЖаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды. 1972 жылы Алматыда Қазақстанды КСРО-ның 120 қаласымен байланыстыратын АРМ-20 халықаралық автоматты телефон станциясы іске қосылды. 20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге а

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет