Байланысты: f23047ca-9f32-11e4-8a1d-f6d299da70eeСТХМиР жана (3)
1.2. Жасанды әдіс Партияның әртүрлі орындарынан алынған тұздаудың 2 %, ылғалдылықтың 5%-нің ауытқуы жіберіледі, бірақ қойылған норма шамасында. Табиғи қақтауда климаттық шартқа байланысты қиындық туатын райондарда жасанды қақтау қолданылады. Каспийде күзгі волбаларды қақтау комплексті – механикаландырылған сызық сияқты жүргізіледі. Қақтауға арналған бөлме бумен жылытатын батареялармен жабдықталған; терезеге шынының орнына торлар қойлады және желдеткіш көмегімен 20-28 0С температураны ұстап тұрады. Желдеткіштің бір бөлігін терезеге қарсы құрады және балыққа ауаның толқынын береді, ал басқа бөлігі бөлмедегі ауаны сорады. Балықты қақтау уақыты 10-11 тәуліктен тұрады. Трусовск балық зауытында (Астрахань қаласы) балықты қақтау ағаш білте таяқшадан жасалған камерада 1 жыл бойы жүргізіледі. Тақтайшалар ауаның еркін болуы үшін бір-бірінен 5-6 см ара қашықтықта орналасқан. Камерада ілгіш пен екі желдеткіш, ауаның үздіксіз толқынын қамтамасыз ететін екеуі де орналасқан.
Жасанды әдіспен қақтағанда ашық ауада қақтауға қарағанда өнім түсі қара және дәм сапасы да айтарлықтай төмен болады. Кварцты лампаның жарығымен кептіргіште балыққа сәуле түсіріліп қақтауға тәжірибе жүргізілді. Нәтижесі жақсы болды. Кварцты лампаның ультрокүлгін сәулесі күн сәулесі сияқты балық майына да әсер береді. Қақтауға арналған жай кептіргішке де дәл ультрокүлгін сәулесі жетпейді.