| Ыстау |
ыстық
|
суық
|
Құрамы, %
|
|
тұз
|
1,5-3,0
|
5-12
|
су
|
60-70
|
48-58
|
Балықты өңдегенде отындарды ыстау тәсіліне байланысты түтінді, түтінсіз (құрғақ) және аралас ыстау деп бөледі.
Түтінде ыстау кезінде балық ұлпалары аэрозоса күйінде болатын, отынды жартылай жандырғанда бөлінетін заттарды өзіне сіңдіріп алады.
Түтінсіз ыстау өнімдерге құрғақ отындарды ертінді түрінде қолдану болып табылады.
Аралас ыстау – балықты сұйық және газ тәрізді күйдегі, түтінмен немесе түтінсіз өңдеу.
Процеске әсер ету дәрежесіне сәйкес ыстауды 3 түрге бөледі: жаратылған, жасанды және аралас.
Жаратылған ыстау кезінде балықтың беткі жағындағы отын ұсақтарының түнуы үшін процесті активтендіретін арнайы техникалық тәсілдер қолданылмайды.
Жасанды ыстауда бұл тәсілдер көрсетілген процестерді (мысалы электрмен ыстау) активтендіру үшін қолданылады.
Аралас ыстауда процестің кейбір құрылымын активтендіру үшін арнайы техникалық заттар (жоғарғы жилікті тоқ, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер) қолданылады. Осы тәсілдің ішіндегі ең көп таралғаны түтінді (жаратылған) ыстау.
Суықтай ыстау дегеніміз балықты жылулық өңдеуде және оған түтінді сіңдіруде төменгі (40 0С қа дейін) температураны қолдану.
Суықтай ысталған балық – арнайы дәм мен иіске тұрақты өнім. Суықтай ыстауға балғын, мұздатылған және тұздалған шикізат қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |