Балықты 16 кг-ға дейін сыйымдылығы ағаш не қағаз жәшіктерге салып сақтайды, ал дранка мен картоннан жасалған қораптарда 1 кг-ға дейін сақтауға болады. –5 °С – дан – 10 °С та 1 жылға дейін сақтауға болады. Қорапты дайындау орындарында сыйымдылығы 20 кг-ға дейін қораптар қолданылады.
Ыдысы бар құрғак мықты және таза болуы керек. Сыртынан таза кағазбен қапталған жәшіктер 2-3 қабатталып жасалған, 2-3 дөңгелек саңылау болу керек.
Балықты ыдысқа салып тегістейді. Жәшікті қаптама лентасымен байлайды. Нормативті техникалық құжаттарға сай маркілейді өнімді құрғақ жақсы желдетілген қоймада 8 айға дейін сақтайды. Ылғалдылығы жоғары қоймада сақтаса, өнімнің де ылғалдылығы жоғарлайды. Сонан кейін өнім бұзылады.
Сублимацияны кептірілген балықты қаптау үшін герметикалық, ауа және жарық өтпейтін ыдыста қаптайды. Бұл міндеттерге шыны және алюминиді банкілерде вакуум және инертті газден қорапталған балықтар жатады.
Басқа да қаптау материалдары (полиэтилен, целлофан, фольга, қағаз және алюминий фольгасы) ауа, жарық, бу өткізбейтін материалдар қолданылады.
Қабықшада қапталған балық механикалық бұзылудан қорғайтын фанер және картон жәшікке салу керек. Қаптау кезінде бөлменің ылғалдылығы 30 %-дан жоғары болмауы керек.
Герметикалық қорапталған балықты желдетілген, құрғақ, температурасы 25 °С аспайтын және ауа ылғалдылығы 75 %-дан аспайтын орында 12 ай ал, брикеттарды 24 ай сақтауға болады. Сублимацияланып кептірген балықты шыны банкаға немесе полипропиленді фольгадан жасалған банкаларда бірнеше жылға дейін сақтауға болады.