1.Азықтық шикізат және азықтық тағаммен жұмыс істеуге стафилококты(ірің аурулары бар, жоғарғы демалу жолдарының талаурап аурулары барларды, тіс ауруларды, аңқа ауруларын және т.б.) таратушы адамдарды жолатпау.
2. Азықтық тағам өндіріс орындарында стафилококты жоюды қамтамасыз ететін технологиялық режимдерді сақтау. Шикізаттың және дайын өнімнің сақтау температурасын, жылумен өңдеудің анықтауыш мәндерін білу қажет.
3. Ауыл шаруашылығы жануарларының тушасының топырақпен, көңмен, сонымен қатар оларды бөлшектеу процесіндегі шектің құрамымен ластануының алдын алу; суық кезде тасу,термиялық өңдеу режимдерін сақтау;
4. Жаңа піскен өсімдік шикізатын пайдалану; алдын ала жуу және жылулық өңдеу; споралардың өсуінің, вегетативті формаларының көбеюінің және токсиндердің алдын алу мақсатында өнімдерді стерилизациялау.
5. Жануарларды ветериналық тексеруден өткізу. Колибацеллозбен ауыратын жануарлардың еті арнайы жылумен өңделуде шартты түрде жарамды болып есептеледі.
6. Азық-түлік өнімдерін дайындау мен сақтау технологиясының санитарлық нормалары мен режимдерін орындау.
7. Кәсіпорындарда санитарлық режимдердің сақталуы (жуу және инвентарь мен жабдықтарды дезенфекциялау және т.б