- Қазіргі кезде жалпы ластаушылармен қатар ксенобиотик деген ұғым ерекшеленді. Ксенобиотиктер - (грек. т. xenos — бөтен, жат, bios — тіршілік, өмір) — тірі организмдерге жат химиялық заттектестер. Ксенобиотиктер биотикалық айналымға кірмейді, әдетте адамның шаруашылық іс-әрекетінен тікелей немесе жанама пайда болады.
- Оларға пестицидтер, минералды тыңайтқыштар,жуғыш заттектер (детергенттер), радионуклидтер, синтетикалық бояғыш заттектер және т.б. жатады.
- Қоршаған табиғи ортаға түскен соң, олар аллергиялық реакция туғызуы, организмдердің тіршілігін жоюға душар етуі, тұқым қуалайтын белгілерді өзгертуі, иммунитеті төмендетуі, зат алмасуды бұзуы, табиғи экожүйедегі процестердің барысын биосфера деңгейіне дейін тұтастай өзгертуі мүмкін.
- Сыртқы ортадағы және тірі организмдердегі ксенобиотиктердің айналымын детоксикация және деградация арқылы зерттеу табиғатты қорғау жөніндегі санитариялық-гигиеналык шараларды ұйымдастыруда өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |