«Тұжырым» әдісін қолдану, постер қорғау
Топтық жұмыс жасаған кезде менің байқағаным сабаққа қызығушылығы төмен С оқушыларымның суретке бейім екендігін және де сабаққа деген ұмтылысын байқадым.Егер осы модульдерді үнемі қолданып отырсам, С оқушыларымның жоғары нәтиже көрсететініне сенімдімін.Ал А оқушыларым,постер қорғауда алдына жан салмады,өздерін еркін ұстап,ой ұшқырлығын,сөз жылдамдығын көрсете білді.Сонымен қатар оқушылардың сабаққа селқос қарауымен дайындықсыз келуі де сабаққа кедергі етері анық.Оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі әдіс- тәсілдерді қолданудың тиімділігін арттыру керек.Үнемі іздену арқылы оқушыларды да ізденуге сенім білдіріп,қолдап көрсету керек.Оқушылар берілген уақыт болғаннан соң өз кейіпкерлерін тақтаға қорғады.Бұл постерде оқушылар Ер Төстік ертегісінің кейіпкерлері, жалпы кейіпкер дегеніміз не?Жер асты өнерпаздарына кімдер жатады және олардың өнерлері қандай? Төстіктің достарының адамгершілігін жеке жеке айтып,өздерінің достары кім екендігін ,бұл өмірде достық қарым –қатынастың қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көрсетіп беруі тиіс.оқушылар критерийлер бойынша топты және өздерін бағалады.Бағалау парақшасы арқылы бағалау жүргізілді.Бағалау барысында әр топ бір-біріне деген сынын айтты.Әр оқушы өз көрсеткіштерін бағалай отырып,өздерін өздері реттеп қателерін түзеп отырды.Осы тұста өзім бақылауға алған А және Б оқушыларымды назарға алдым.Менің А оқушым шын мәнінде өзінің білімін дәлелдеп көрсетіп отырды.Б оқушымда білімін көрсете білді.Дегенмен дәлелдеулер кезінде сөзден іркіліп кішкене жауап беруден қысылып отырды.Дегенмен А оқушыма қарап өзінің жауаптарын тез дайындап қателеспейтініне сеніммен қарап өзін еркін ұстап белсенділігі арта түсті.
Оқушылардың белсенділігі өте жоғары болды.Өзара әрекеттестік байқалады.Барлық оқушылар шетте қалмауға тырысты. Сабақ барысында әр топта өз көшбасшылары пайда болды.Топқа бөлу кезеңінде мен топбасшы боламын деп таласқан оқушылар болды,оларға топ басшы деген өз білімін еркін дәлелдеп барлық тапсырмаларды орындай алатын болуы керек деп түсіндірдім.Түсіндіруім бойынша бір топтан екі оқушы топбасшыллыққа таласа отырып сабақта өз білімдерін көшбасшылық дарындылық қасиеттерін көрсетуге тырысты.Жаңа тақырып бойынша жұмыс істеп постер қорғау кезеңдерінде А деңгейлі оқушым көшбасшылық,дарындылық қабілеттерін көрсете білді. Сабақты қорытындылау барысында «Сұрақ-жауап» стратегиясын пайдаландым және әрбір сұраққа жауап алу үшін түрткі сұрақтарын пайдаландым,қандай мысал келтіре аласың? дей отырып сынақтан өткізу сұрақтарын қойдым және кім көмектесе алады? деп қайта бағыттау сұрақтарын қою барысында әрбір жауапты тиянақтап алдым.Себебі, сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі,сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналды және де оқушылардың оқуына өолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.Бүгінгі тақырып бойынша оқушылар «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия алдым.
«Бағдаршам» кері байланыс
Сабақ бойында жинақтаған бағаларын ескере отырып бағаладым.Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда ,Үшінші деңгей әдісімен өткен сабағым оқушыларға өте ұнады.Оқушылармен қоса менің де ойым өзгереді.Күнделікті сабаққа деген басқаша көзқарас пайда болды.Сабақты дұрыс жоспарлау арқылы жақсы деңгейде өткіздім.Күтілген нәтижелерім де орындалды.Оқушылар керекті мәліметтерді іздеуді, алуды үйренеді, топпен жұмыс атқарады, ойланады, пікірлесті және қортындылай білді. Нәтижесінде, оқушылардың топтық жұмыстағы іс- әрекетіне қарап, оқушылардың деңгейі жоғары екендігін көрдім, бұл сыныппен жұмыс жасағанда тапсырманы сыныптың деңгейіне қарай күрделі жұмыстар жасауға болады деген ұйғарымға келдім.Топтық жұмыстарда оқушылардың танымдық қабілеттерімен қоса, тұлғааралық қарым- қатынас,өзін- өзі реттеу мәдениеті дами түсті деп ойлаймын.Олар өз ойларын еркін жеткізе білді,бір- бірімен диалогқа түсе отырып ынтымақтастыққа, бәсекелестікте болды, сергіту сәтін орындай отырып, өздерін жеке тұлға ретінде сезінгендігі ұнады.Сонымен қатар АКТ- ны пайдалану өзіндік әсерін бере алды, онда уақытты үнемдеу көрсетілімі оң тиімділігін арттырды.Сабақ тақырыптарына сай жасалған слайдтар мен сабақ кезеңдері балалардың көңілінен шықты.осыған байланысты ұстаз ретінде осы талаптарды орындауда қажырлы еңбек етуге әрқашан да,үнемі дайын болуымыз керек.Оқушыларға тапсырма беруде іс-әрекет барысында Выготскийдің ЖАДА –сын негізге алдым.Яғни, тапсырмалар барысында кейбір тұстарында өзара талқылау кезінде алдыңғы білімдері мен тәжірибені байланыстыра отырып,баланың сабақта мақсатты түрде қатысуына мүмкіндік бере отырып, көшбасшылық жасадым.Мен бұл сабағымда оқушылардың сын тұрғысынан ойлана берген жауаптарына мен қанағаттандым және жаңа тақырыпты өздері ойлана отырып аша білгендігі,сабаққа деген көзқарастары 100 пайызға өзгергендігі, постермен жұмыс жасауда сөздік қордың молайғандығы, өздерін еркін ұстауы, «Тұжырым» әдісі бойынша өз шешімдерін нақты жеткізулері,»Рефлексивті доп» әдісінде балалардың өз ойларын жеткізуге асыққандығы, өз пікірлерін ашық жеткізгендері оқушы ойларынан шығып, оң нәтижеге қол жеткізгендігімді түсіндім.
Топтық жұмыс
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі » стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды,сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады,бірақ мән- мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Сындарлылық теориясына негіделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім – біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді.Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды басымдықтар:
Жекелеген оқушының сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге ұмтылуы;
Оқушының білім-түініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы;
Кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдерін меңгеретіндігін жете түсінуі.
Кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының,көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады.Пажарес (1992) оқытустилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі,пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін.Осыған байланысты егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырылғылары келсе,өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып,жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Білімді болу – инемен құдық қазғандай қажырлы еңбекпен жүзеге асады. Білім - қазақ халқының бүгінгі және ертеңгі басты байлығы. Халқымызда «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөз бар.Білім-табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түпқазығы екндігін ұлы Абай да көргендікпен: «Балаң білімді,парасатты болсын десең,малыңды аяма,»-деген.Қазіргі заман талабы тек баланы біліммен қаруландырып қоймай,сол білімін өмірде қолдана білуге үйрету.Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет,өйткені ол оқуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек.Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен өз білетінін ашып,оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.Осы үшінші деңгей бағдарламасының аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланылатын болады.
Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабын қанағаттандыру үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби-құзырлы педагог қажет. Осыған байланысты ұстаз ретінде осы талаптарды орындауда қажырлы еңбек етуге әрқашан да, үнемі дайын болуымыз керек.Оқушыларға тапсырма беруде іс-әрекет барысында Выготскийдің ЖАДА- сын негізге алдым.Яғни тапсырмалар барысында кейбір тұстарында өзара талқылау кезінде алдыңғы білімдері мен тәжірибені байланыстыра отырып, басшылық жасадым.Келешекте сындарлы оқытуды өз сабақтарыма үнемі пайдаланып,оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,басшылық жасадым.Келекште сындарлы оқытуды өз сбақтарыма үнемі пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,білімді азамат болуларына өз үлесімді қоссам деймін.Осы білім берудегі 7 модуль арқылы оқушылардың өз беттерінше шешім қабылдауы, еркін сөйлеуі,өзін-өзі бағалауы,жолдастарына сыни көзқараспен қарауы оқушылардың зейінін арттыруда пайдасы көп екеніне көзімді жеткізе алдым.
Не сәтті өтті? «Ертегі кейіпкерлеріне талдау» тақырыбы тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағым болатын,сондықтан оқушыларға топтық жұмыс өте қатты ұнады.Сабақ бойында оқушылар бойынан қызығушылық пен белсенділікті байқадым,сонымен қатар күткен нәтижелерім және алға қойған мақсатым орындалды.Оқушыларымның ішіндегі С деңгейлі оқушым да сабаққа қызығушылықпен қатысып отырды.Алға ұмтылушылық бір-бірінің ойымен санасу сынай қарау өз ойларын пікірлерін айту сияқты қаситтері арта түсті.
Сабақ барысында кездескен кедергілер :
Топқа біріктіру кезінде оқушылардың шулап бөлінуі, уақытты реттеу кезінде оқушылардың қосымша уақыт сұрауы, уақытты тиімді пайдалана алмауы,жаңа тәсіл,жаңа әдіс,көбіне постермен жұмыста жайбарақаттылық
танытады;
Мен нені үйрене алдым:
Сабақты түрлі тәсілдер арқылы түрлендіріп,оқушылармен тіл табысуда ыңғайлы атмосфера қалыптастыруды, бір-бірінің пікірін тыңдай алуы.Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақты жоспарлаған кездегі мақсатты дұрыс қоя білуді үйрендім.
Сабақты қызықты және білімді терең меңгерту үшін түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып отырамын. Менің бойымдағы өзгерістерге керісінше жауап ретінде сол өзгерістер оқушылардың бойынан табылып жатты. Бұндай серпінмен ,әр ұстаз «мамандыққа» деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың мектебін елестету арман емес,шындық болары сөзсіз.Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса оқушының да, мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің болашағы жарқын болмақ. Үшінші деңгей үш айлық курсынан білімімді жетілдіріп, өзіме көптеген жаңалықтар алдым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,2015
«Әдебиет» оқулығы 5- сынып «Атамұра» ,2013
Ustaz .kz, Bilimdiler.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |