Байжигитова Маншук Ахметовна
Қазығұрт ауданы, Болашақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯСЫ КІРІКТІРІЛГЕН «ЕРТЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ САБАҚҚА РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тірбиелеу,дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad ,2007).Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.( Strong, Ward & Grant, 2011). Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші негізгі деңгейлік бағдарламасын оқу барысында түсінгенім, білгенім, ойға түйгенім көп болды. Айтар болсам сындарлы теориялық оқу – мектеп кезеңіне жаңа бағыт беріп мұғалімнің мақсатын айқындап сыни тұрғыдан ойлауға жетелейді. Бағдарламаның басым бөлігі , түрлі тәсілдері қарастырылғанына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негізінде қамтыған.Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері мен астастырылады деген тұжырымға негізделеді. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып,сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып – білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Курстың бірінші бетпе – бет кезеңін бітіріп мектепке тәжірибе өткізуге келдім. Курста алған білімімді және бағдарламадағы 7 модульді кірістіре отырып сабақ өтіп білгенімді іс жүзінде жүзеге асырғым келді. Тәжірибе жасау үшін 5 сыныпты алдым. 5 сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып орта мерзімді жоспар жасадым. Жоспарда 7 модульді кіріктіре отырып түрлі әдіс – тәсілдермен тізбектелген сабақтар топтамасысындағы тақырыптарды меңгертуді көздедім. Әдістермен тақырыптарды меңгерте отырып оқушыларды сыни тұрғысынан ойлануға еркін пікірлесіп өз уәждерін айтуға дарындылықтарымен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ықпал жасадым.
Бұл сыныптағы алғашқы сабағым және сынып үшін де бұл сындарлы оқыту әдісі жаңалық болып отыр, себебі бұл сыныпқа жаңа әдіспен сабақ өтілмеген болатын. Енді сабағымның қалай өтетілгендігі туралы мәлімет берейін.
Сабақтың тақырыбы : Ертегі кейіпкерлеріне талдау .
Оқытудың мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін сипаттау, кейіпкерлерді анықтау,мінездеме беру,кейіпкерлер бейнесін салыстыру,талдау жасау.
Білуі тиіс: Ертегі Ауыз әдебиетінің бір түрі екенін,ертегі дегеніміз не екенін.
Түсінуі тиіс: Ертегінің қандай түрлері бар екендігін,соның ішінде «Ер Төстік» қай түріне жататындығы .
Талдау : Топпен бірлесе отырып Ауыз әдебиеті дегеніміз не?, соның ішінде ертегі дегеніміз не, «Ер Төстік» ертегісінің жалпы мазмұны мен мақсатын ашу жолында оқу, көру , талдау.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасауды, кез – келген тапсырманы топпен орындауды , қандай болмасын күрделі мәселені топ болып талқылауды , өзін – өзі бағалауды үйренді. Әр топ мүшелерінде өзіндік жеке тұлға , ой – пікірлері, идеялары , құндылығы қалыптасты. Сабақты бастар алдын оқушыларымен амандасып, олардың жағдайларын сұрадым. Оқушылар сәлемдесіп , сабаққа қажетті құралдарын дайындап отырды. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын, көңіл- күйлерін сұрадым.Оқыту үрдісін дұрыс бағытта алға жылжыту үшін әрдайым мұғалімнің көшбасшылығы қажет екені белгілі.Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрлерінің бірі іс- тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына ала отырып, мұғалім жүргізетін дамыту жұмысы (МЖДЖ) «Мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» екендігі нұсқаулықтың 82- бетінде айтылып кеткендігі белгілі.Сондықтан жүргізілген тәжірибенің дұрыс орындалуы үшін әрдайым мұғалімнің басқарудағы дұрыс бағыт алуы шарт.Оқыту барысындағы алдын ала жоспарланған дамыту жұмыстарынан үздік нәтиже алу мұғалімнің оқытуды басқару мен көшбасшылығына тікелей байланысты деп ойлаймын.Сондықтан мен сабақ барысындағы кез келген сәттен нәтиже алу үшін, оқытуды өзімнің басшылығыма алдым. Сабағымды сыныпта «Тілек шоғы» арқылы ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастырудан бастадым, жақсы тілектер тілеу арқылы оқушыларды сергітіп алдым. Тілектер оқушыларды сабаққа оқуға ынталандыруға арналып айтылды.Ол тілектерді тыңдап ,өздеріне деген мұғалімнің сенімін көріп, өздерінде алға ұмтылу сабақта озат болуға деген ынта жігерлері арта түсіп, топқа біріктірілді. «Ертегілер», «Мақалдар», «Жұмбақтар», «Тұрмыс-салт жырлары».Оқушылар стикерге жазылған тақырыптарға байланысты 4 топқа бірі
Достарыңызбен бөлісу: |