Қорытынды Қорыта келгенде, қазіргі шет ел және қазақ прозасында неомифологиялық үрдістің дамыған бір көрінісін прозаның шағын көлемді жанры мистикалық әңгімелердегі мифопоэтикалық сарындар мен суреттеулер арқылы нақтылай түстік. Миф ежелгі жанрдың бірі ретінде қазіргі прозаға да ықпал етуі, көне жанрлардың даму негізінде дәстүр жалғастығының прозадағы айқын мысалы ретінде сипатттай аламыз. Қазақ көркем прозасында мистика данрында қалам тербеп үрген орта және кіші буын жазушылардың әңгімелеріндегі мифопоэтика арқылы, неомифологиялық үрдістің қазақ прозасындағы амуын мотивтер мен культтерге дәлелдер келтіре отырып айқындадық.
Әлем әдебиетінің даму жолында қазақ әдебиеті де дамудан кенде қалмағандығын, мистика мен мифология үндесімін әңгімелерге саралау, салыстыру жасай отырып бағамдадық.
Миф өнердің барлық түрінде, әсіресе прозада кеңінен қолданылып жүргендіктен , неомифология сол мифтердің жаңаша қолданыстағы лебін аңғартады.
Қазіргі қазақ прозасындағы неомифологиялық үрдістің дамуы туралы мынадай қорытынды жасауға болады:
Біріншіден, мифтегі кейіпкерлер қазіргі прозада жаңаша сипатқа ие болып, жаңа әрекеттерімен оқырмандарға жаңа қырынан таныла бастады.
Екіншіден, неомифологияда «перілерге ғашық болу, пері қыздарға үйлену» мотиві әңгімелерде қолданылып, пері образы жан-жақты сипатталып, жаңа бейнеге ие болған.
Үшіншіден, мифологиядағы «кие » мотиві қазіргі прозада адамдарды сақтандыру мақсатында қолданылып, қазақтағы «киесі ұрады» сөзінің мағынасын ашып тұрады.
Төртіншіден, қазіргі қазақ прозасында кеңінен қолданылатын «бөрі» культінің жас қаламгерлер прозасына әсері айқындалып, неомифологияда «қасқыр», «бөрі», «көкжал» өздерінің мәнісі айқындалды.
Бесіншіден, қазақ прозасындағы неомифологияның айқын көріністері зерттеулер мен сындарда зеріттеліп, әдебиеттегі рөлі сараланды.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало ХХ века и современность). – Алматы: Ғылым, 1998. – С. 381,
2 Аймұхамбетова Ж. Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мəселесі: Филол. ғыл. канд. ғыл. ... дис. – Астана, – 126 б.
3 Ғалиева А. Қазіргі қазақ романы құрылымындағы мифопоэтикалық пішіндер: Филол. ғыл. канд. дис. автореф. – Алматы, 2006. – 32-б.
4 Бейбытова К. Неомифологизм современной казахской литературы // Вестн. Евразийского ун-та. – 2002. –№ 3, 4. – С. 22–26.
5 Қазақтың мифтік кейіпкерлері / құрас. С. Итеғұлова; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атынд. тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру -әдістемелік орталығы. – Астана, 2016. – 276 б.
6 Қондыбай С. Арғықазақ мифологиясы. Үшінші кітап/С. Қондыбай. –Алматы: Дайк-Пресс, 2004. – 488 б.
7 Мүбарак Қ. Жат құшақ: әңгімелер жинағы / Қ. Мүбарак. – Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдасытығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2012. –272 б.
8 Балтабаева Г. М.Мағауиннің «Қасқыр-Бөрі» әңгімесіндегі ұлттық рух"
http://www.rusnauka.com/11_EISN_2010/Philologia/64421.doc.htm
9 "Жылан култіне кейінгі біздің қазақ қоғамында айырықша орын алатынын от культі"
https://melimde.com/jilan-kultine-kejingi-bizdi-aza-ofaminda-ajirisha-orin-alatini.html