«Қазіргі қазақ тілі фонетикасы»



бет4/6
Дата24.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#14790
1   2   3   4   5   6

Пайдаланған әдебиет



Бунақ туралы түсінік.7

Бунақ-ритмикалық топ.8

Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағлымы» атты еңбегіндегі фонетика мәселелері. 9

Ерін үндестігіне қатысты зерттеушілердің пікірлері.10

Фонетикаға қатысты І.Кеңесбаевтың көзқарастарына шолу.11

Фонетикаға қатысты терминдерге түсінік беру.12

Пунктуация туралы түсінік.Пунктуация ережелері.13

Қазақ тілі орфографиясының ережелері жайында.

Фонетикалық талдау. (Транскрипция жасау)

ПЫСЫҚТАУ ҮШІН СҰРАҚТАР.

1.  Фонетика нені зертейді?

2.  Артикуляция, артикуляциялық база дегенді қалай түсінесіз?

3.  Дыбыс пен әріптің айырмашылығын айт?

4.  Дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп бөлуге негіз болатын не?

5.  Дауысты дыбыстар қалай жіктеледі?

6.  Дауыссыз дыбыстар қалай жіктеледі?

7.  Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесін айт.

8.  Буын деген не және оның қандай түрлері бар?

9.  Екпіннің және тасымалдың мәнін түсіндір.

10.  Үндестік заңы деген не?

11.  Буын үндестігінің мәні мен қолдану орнын көрсет.

12.  Дыбыс үндестігінің мәні мен түрлерін мысалдар арқылы талдап көрсет.

13.  Орфография мен орфоэпияның байланысы мен ерекшеліктерін түсіндір.

14.  Орфографиялық принциптердің түрлерін айт.













11




Орфография туралы түсінік. Орфографияның ұстанымдары. 13

Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері.

Транскрипция және транслитерация мәселелері.Фонетикалық талдау.

Оны дауысты дыбыстар мен дауссыз дыбыстардың жіктелу кестесін және үндестік заңындағы ережелерді негізге ала отырып талдау қажет. Мысалы, кітабым, әсемпаз сияқты сөздерді талдап көрейік:


к — дауыссыз, үн қатысына қарай қатаң, жасалу орнына қарай тіл ортасы, айтылуына қарай шұғыл дыбыс.
і — дауысты, жіңішке, қысаң, езулік дыбыс.
т — дауыссыз, қатаң, тіс, шұгыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
б — дауыссыз, ұяң, ерін, шұғыл дыбыс.
ы — дауысты, жуан, қысаң, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор), мұрын жолды дыбыс.
Кітап сөзінің соңғы п дыбысы қосымшаның (жіктік жалғауының 3-жағы) алғашқы ы дауысты дыбысының әсерінен ұяңданып, б дыбысына өзгерген. Әсемпаз: ә — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
С — дауыссыз, катаң, тіс, ызың дыбыс.
е — дауысты, жіңішке, ашық, езулік дыбыс.
м — дауыссыз, үнді (сонор) ,мұрын жолды дыбыс.
п — дауыссыз, қатаң, ерін, шұғыл дыбыс.
а — дауысты, жуан, ашық, езулік дыбыс.
з — дауыссыз, ұяң, тіс, ызың дыбыс.
5. Дәрістің тақырыбы: Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі.

Мақсаты: Сөйлеудің фонетикалық бірліктері фраза, такт, буын дыбыс жайлы мәлімет беру

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Фраза ең ірі фонемалық единица.

2.Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі.

3.Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы.

4.Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі

Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады: Жауын




Түні бойы

Сіркіреп жауған
Басылмады.
2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек.

Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Фраза ең ірі фонемалық единица.

2. Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі.

3. Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы.

4. Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі


  1. Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

  2. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы (эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

4.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

5.Радлов В.В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. 1982.

6.Райымбекова М. Дауыссыз фонемалардың тіркесуі // Білім және еңбек. А., 1967, №2,28.

7.Шүленбаев У.Р. Қазақ тіліндегі ерін үндестігі. (эксперименталды фонетикалық зерттеу), Дисс.фил. ғыл. канд. A., 1994. 1936.


8. Тәжірибелік сабақтың тақырыбы тақырыбы : Диссимиляция туралы түсінік.



Мақсаты: Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі туралы түсінік беру.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:
1. Диссимиляция туралы түсінік.

2. Диссимиляция –ассимилияцаға қарама- қарсы құбылыс

Диссимиляция- дыбыстардың комбинатырлық өзгерістерінің бірі. Диссимиляция – бір сөз ішінде артикуляциялық ұқсастығы жоқ екі немесе одан да көп дыбыстың келуі.Бұл әдеби тілде сирек құбылыс, нормаланбаған тілде кездеседі.Мысалы бомба, трамвай т.б

Тіл дыбыстары,әдетте жеке-дара күйінде айтылмай,сөз ішінде немесе сөздердің аралығында бір-бірімен тіркесіп,өз ара тізбектелген түрде қолданылады. Сөздердің құрамындағы немесе сөздердің аралығындағы дыбыстар біріне-бірі ықпал етіп,бірімен-бірі өз ара үндесіп айтылатыны сияқты,дауыссыз дыбыстар да бір-біріне әсер етіп өз ара үндесіп айтылады.Дыбыстардың өзгеріп үндесуі олардың айтылуда бір-біріне артикуляциялық жақтан әсер етуінің нәтижесінде іске асады.

Түркі тілдерінде дауыстылардың үндесуі сөз ішінде жуан дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған сәйкес жуан дауыстының келуі (тау-лар,тоғай-лар),жіңішке дауысты дыбысы бар буыннан кейін,соған орай жіңішке дауыстының келуі (көл-дер,өзен-дер)түрінде болады.Ал өз(қонақ-қа,қонақ-тар) немесе ұяң дауыссыздан кейін қосымшаның да ұяң дауыссыздан басталуы (қаз-ға,қаз-дар) дауыссыздардың бір-біріне ықпал етіп,өз ара үндесу болып саналады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Диссимиляция туралы түсінік.

2.Диссимиляция –ассимилияцаға қарама- қарсы құбылыс.

Тақырып № 7. Бунақ туралы түсінік.

Мақсаты: Бунақ туралы түсінік бере келе , А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов еңбектеріне шолу жасап,осы бағытта ғылыми зерттеу жұмыстары басталатындығына шолу жүргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Бунақ туралы түсінік.

2.Бунақтың құрамы.

Әдістемелік нұсқаулар:

Біздің сөзіміз айтылуы жағынан ең кішкене единицалар- буындарға ажырайды. Жанып тұрған май шамға таяу отырып сөйлегенде, ол жалп –жалп етіп тұрады. Мұның өзі сөздің буын жігін аңғартады. Өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан ауамен тікелей байланысты болады. Буын – фонациялық ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Фонетикалық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді.



  1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауға тиіс. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.

  2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.

  3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, ондаолар кірме сөз болғаны.

  4. Тіліміздегі байырғы сөздерр, сондай-ақ, буындарда екі дауыссыздан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы.: бөрене, жеребе, кереует, кінәз, үстел. Сондықтанда байырғы сөздерді Смаил, Сқақ, Рза,Сланов, Рсалды түрінде жазу тіліміздің табиғатына сай келмейді. Ал Октябрь революциясынан бергі жерде орыс тілі арқылы енген сөздер екі, тіпті үш дауыссыздан да бастала береді: стиль, спорт, станция, структурализм т.б. бұларды осылай жазу және айту – әдеби норма.

Сондай-ақ тіліміздегі байырғы сөздердің соңында екіден артық дауыссыз тұра алмайды. Оның өзінде негізінен еліктеуіш сөздер.

  1. Қазақ тілінде басқы буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда буындар дауыстыдан басталмайды.

Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынадай болып келеді.

  1. Бір дыбысты: а- та, а- па, і- ні, а- ла, о- қы, а,ә,е,о, о- тыр.Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басындда ғана кездеседі;

  2. Екі дыбысты: ба- ла, қа- ла- да, та- за -ла;

  3. Үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт;

  4. Төрт дыбысты: қант, төрт, былқ, жалт

  5. Бес дыбысты: пункт, спорт,текст, скетч, старт;

  6. Алты дыбысты: спектр, спринт.

Буынның түрлері:

  1. Ашық буын- жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып дауыстыға бітетін буын.

  2. Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын.

Қазақ тілінің дыбыс және буын құрамына орыс тілінің ықпалын есскеру керек. Егер байырғы сөздеріміздің буын құрамы А, ВА, АВ, ВАВ, ВАВВ түрде ұшыраса, ендігі жерде мұның саны екі есе артты.

Сөздердің буын құрамы.

Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай мынадай болып келеді:



  1. Бірыңғай ашық буынды сөзформалар;

  2. Бірыңғай тұйық буынды сөзформалар;

  3. Аралас буынды сөзформалар.

Өзін - өзі тексеру сұрақтары:

  1. Буынның жалпы сипаттамасы мен өзіндік қасиеттері;

  2. Қазіргі қазақ тіліндегі буындардың дыбыстық жағынан топтасуы;

  3. Буынның түрлері, олардың қасиеттері мен дыбыстық құрамы;

  4. Сөздердің буын құрамы;

  5. Тіліміздегі сөздер құрамындағы буынның түрлеріне қарай бөлінуі;

  6. Буын құрамының өзгеруі;

  7. Жеке тұрып қосымша бола алатын дауыстыларға жеке тоқталу.

Әдебиеттер:

  1. Жүнісбеков Ә. Проблемы тюркской словесной просодии и сингормонизм казахского слова. А., Дисс. д. ф. и. 1988, 329 б.

2.Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.

3.Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

4.Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы

(эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

5.Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

6.Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.


Тақырып № 8. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар.

Мақсаты: Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет, араб әліппесі тұсындағы емле; латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет,

  2. Араб әліппесі тұсындағы емле;

  3. Латын әліппесі тұсындағы емле,

  4. Қазіргі емле.

Әдістемелік нұсқаулар: Орфография (емле). Қазақ орфографиясы туралы қысқаша мәлімет, араб әліппесі тұсындағы емле; латын әліппесі тұсындағы емле, қазіргі емле.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері жайлы мағлұмат беру.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

Халықаралық сөздердің жазылуы;

Сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар:

Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

Халықаралық сөздердің жазылуы;

Сызықша арқылы жазылатын түрлері.
Әдебиеттер:


  1. Жүнісбеков Ә. Проблемы тюркской словесной просодии и сингормонизм казахского слова. А., Дисс. д. ф. и. 1988, 329 б.

  2. Кеңесбаев I., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). А., 1962, 1993.

  3. Қазак тілінің орфографиялық сөздігі. А., 1963,1978, 1982 ж.ж.

  4. Қалиев Б. Қазақ тілінің дауысты дыбыстардың редукциясы

(эксперименталды фонетикалық зерттеу). А., 1984.

  1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің фонетикасы. А., 1986,1986,1993.

  2. Ниеталиев К. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. А., 1977.

  3. Оралбаева Н.О. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. А.,1968.

  4. Радлов В.В. Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы. 1982.

  5. Райымбекова М. Дауыссыз фонемалардың тіркесуі // Білім және еңбек. А., 1967, №2,28.

  6. Сыздыкова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жөнінде аныктағыш. А., 1968,1974 ж.ж.



Тақырып № 9. Транскрипция және транслитерация.

Мақсаты: Графика тілдегі дыбыстардың бейнесін дәл таныта бермейді.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.Ол көбіне ойды ауызша айтуға мүмкіндік болмағанда немесе ыңғайсыз болған кезде пайдаланылады.Графика – жазу және соған қатысты мәселелерді қарастырады,яғни белгілі бір жазуға қатысты барлық амалдың жиынтығы,әріп пен дыбыстың арақатысы,сол әріп таңбаларды жетілдірудің жайы.Қазіргі қазақ графикасының басты құралы әріптер мен түрлі тыныс белгілері болып табылады.

Негізгі сұрақтары мен қысқаша мазмұны:

1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.

2.Транскрипция не үшін қолданылады?

3.Транскрипция дегеніміз не?

Әдістемелік нұсқау:Дыбыс пен оның таңбасы,сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бір-біріне сәйкес келе бермейді.Бұлардың арасындағы осы сәйкессіздікті барынша азайтып,, дыбыстық тілді мүмкіндігінше дәл беру үшін лингвистикада арнайы жазу – транскрипция қолданылады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Жазбаша тіл – ауызша тілдің графикалық бейнесі.

2.Транскрипция не үшін қолданылады?

3.Транскрипция дегеніміз не?



Әдебиеттер:

1.АралбаеваЖ. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтср, Алматы, 1988.

2.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

4.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

5.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

6.Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973

Тақырып № 10.Фонетикаға қатысты І.Кеңесбаевтың көзқарастарына шолу.

Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасы жайлы орыс түркологтары еңбектеріне шолу жасап,осы бағытта ғылыми зерттеу І.Кеңесбаев еңбектеріне шолу жүргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Қазақ тілі фонетикасы жайлы І.Кеңесбаев еңбектеріне шолу.

2.Қазақ фонетикасының зерттелуі жайлы І.Кеңесбаевтың көзқарастары.

Әдістемелік нұсқаулар: Алғашқы зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді. оны төмендегі шолуымыздан байқауға толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов, І.Кеңесбаев еңбектерінен басталады деп білеміз.

Қазақ тілі дыбыс құрылысының арнаулы жүйемен жан-жақты зерттелуі — совет дәуірі тұсынан басталды. Мектептерде қазақ тілін оқыту және жазу ережелерін (алфавит, графика, орфография) жетілдіру ісімен байланыс­ты әуелгі кезде қазақ фонетикасы жөнінде біраз шағын ең-бектер— мақалалар жарық көрді.

Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт­теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан, І.Кеңесбаевтан басталады. Проф. І.Кеңесбаев қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда — тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қазақ тілі фонетикасы жайлы І.Кеңесбаев еңбектеріне шолу.

2.Қазақ фонетикасының зерттелуі жайлы І.Кеңесбаевтың көзқарастары.
Әдебиеттер:

1.Аханов К. Tiл білімінің негіздері.А., 1969,1993,2002.

2.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. А., 1992.

3.Бейсенбаева К.А. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. А., 1973.

4.Досмухамбетұлы X. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингормонизм. 1924.

5Дүйсебаев М. Қазақ әдеби тілі орфографиясының кейбір мәселелері. А., 1973


Тақырып №11. Қазақ тілі орфографиясының ережелері жайында

Мақсаты: Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері жайлы мағлұмат беру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

2.Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

3.Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

4.Халықаралық сөздердің жазылуы;

5.Сызықша арқылы жазылатын түрлері.



Әдістемелік нұсқау: Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар:

Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

Халықаралық сөздердің жазылуы;

Сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері. Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы; күрделі сөз түрлерінің жазылуы; халықаралық сөздердің жазылуы; сызықша арқылы жазылатын түрлері жайлы мағлұмат беру.

Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;

Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

Халықаралық сөздердің жазылуы;

Сызықша арқылы жазылатын түрлері.

Орфография – жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи қалыптасқан жүйесі.Ол жазба тілдің нормаларын қарастырады.Олар:

Күрделі сөз түрлерінің жазылуы;

Халықаралық сөздердің жазылуы;

Сызықша арқылы жазылатын түрлері.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қазіргі кездегі қазақ орфографиясының негізгі (морфологиялық, фонетикалық, тарихи, дәстүрлі) принциптері.

2.Ол принциптерден ауытқитын кейбір жағдайларда әріптердің, түбір тұлғалардың жазылуы;


Тақырып № 12. Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағлымы» атты еңбегіндегі фонетика мәселелері.

Мақсаты: Қазақ тілі фонетикасы жайлы орыс түркологтары еңбектеріне шолу жасап,осы бағытта ғылыми зерттеу еңбектеріне шолу жүргізу.
Тапсырмалар мен сұрақтар:

1.Қазақ тілі фонетикасы жайлы Ахмет Байтұрсыновтың «Тіл тағлымы» аттыеңбектеріне шолу.

2.Қазақ фонетикасының зерттелуі жайлы Ахмет Байтұрсыновтың көзқарастары.
Әдістемелік нұсқаулар: А. Байтұрсынов өзінің алғашқы «Тіл-құрал» деп аталатын еңбегінде (1914ж.) осыны айырықша қадағалап айтқан: «Дыбыс пен қаріп екеуі екі басқа напсе. Біріне-бірі қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп көрінетін, естілмейтін нәрсе». Содан бері 90 жыл өтті. Алайда осы бір қарапайым да аса қажетті қағиданы әлі күнге пайымдай алмай келеміз.

Әріп пен дыбысты шатастыруға әсте болмайды. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (мәселен, о, ө, ү, ұ), кейде бір әріп (мәселен, ю,я) бірнеше дыбыстың қосындысын (йұу, йүу, йа) өрнектейді. Керісінше, кейбір әріптердің (ь, ъ) дыбыстық мәні жоқ.

Әріп пен дыбыстың бір-біріне ылғи да сәйкес келе бермеуі сөздің жазылуы мен айтылуының арасында ала-құлалық тудырады. Мәселен, адам, ана, жер, кісі, ойла, ат, қара, қызыл, кел, ескер, сен т.б. сөздердің жазылуы мен айтылуы бір-біріне жуық.

Тіл дыбыстары-адамның дыбыстау мүшелерінің қызметінің жемісі. Дыбыс жеке тұрып дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Қысқасы, тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды құрастыруға(жасауғ), тануға (түсінуге), ажыратуға қызмет етеді. Бұл, дұрысы, фонемалардың негізгі функциясы, қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет