«Қазіргі қазақ тілі негіздері» ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені



бет1/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,17 Mb.
#28897
  1   2   3   4   5   6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-16.1.32/03-2015




ПОӘК

«Қазіргі қазақ тілі негіздері»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2015 жылғы

№ 2 басылым







5В020700 «Аударма ісі» мамандығына арналған



«Қазіргі қазақ тілі негіздері»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР









Семей


2015

Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Тәжірибелік сабақтар

4 Курстық жұмыстар (жоба)

5 Білім алушылардың өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы

Ассимляция – дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуі мен бір-біріне ықпалы

Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім

Дивергенция – ажырасу деген сөз бойынша жасалған термин

Конвергенция – бірдейлесу сөзі бойынша жасалған термин

Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім

Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы

Лингвистика – тіл туралы ғылым

Лингвист – тіл маманы

Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім

Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі

Ономасиология – заттың аталу себебін, аталуы мен белгіленуін зерттейтін ілім

Омофон – грек тілінің біркелкі, бірдей және дыбыс деген сөздерінен жасалған термин

Омограф - грек тілінің біркелкі, бірдей және жазу деген сөздерінен жасалған термин

Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала

Просодия – сөйлеу легін мүшелеу принциптері мен құралдары туралы ілім

Проклитика-өзінен кейінгі атауыш сөздердің фразалық екпіні ішіне кіре айту құбылысы

Семиотика – таңбалар жүйесі

Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді

Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі

Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы

Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала

Синхрония – гректің бір кездегі

Супплетивизм – итілдегі грамматикалық мағына білдірудің синтетикалық тәсілі

Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі

Фразеология – тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ілім

Фонетика – тіл дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы

Фузия – аглютинацияға қарама-қарсы құбылыс

Этимология – жеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім

Энклитика - өзінің алдындағы атауыш сөз екпіні ішіне кіре айту құбылысы




2 ДӘРІС
1 модуль. Фонетика
1 Дәріс. «Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері

Мақсаты: Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттерін айқындау

Жоспар:


  1. Қазіргі қазақ тілі » пәнінің зерттеу нысаны.

  2. Пәннің мазмұны мен міндеттері

“Қазіргі қазақ тілі” пәнінің зерттеу нысаны. Пәннің мазмұны мен міндеттері .

“Қазіргі қазақ тілі” пәні қазақ тіл білімінің әртүрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өзгерістерге ұшырауын, қолданылу ерекшеліктерін және басқа тілдермен басқа түсу құбылыстарын зерттейді.

Пәнді оқытудың негізгі объектісі "Қазіргі қазақ тілі" тіл білімі туралы ғылыми әдебиеттер, ғылыми мақалалар, қысқаша сипаттамалар, ақпараттық мәтіндер, ғылыми саладағы тілдік тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесі туралы, сөздің грамматикалық мағыналары, сөз тіркестерінің түрлері, жай сөйлем және құрмалас сөйлемдердің синтаксистік ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары туралы, тіл білімін зерттеудің әдістері мен методологиясы туралы оқулықтар, оқу құралдары болып табылады.

Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі. "Қазіргі қазақ тілі" пәні бойынша студенттер кәсіби мамандығын басқа тілдермен салыстыра оқытуда оқушылардың грамматикалық білімдерін жетілдіре қалыптастыруға қол жеткізеді.

Курстың мақсат-міндеті: Студенттерді тіл туралы ғылымның негізімең таныстырады, атап айтқанда, тілдің ішкі кұрылымы мен оның коғамдық дамуын, тілдің функционалдық және құрылымдық жүйесін т.б. мәселелерді қарастырады. Студенттердің кәсіби мамандығын терең игеруге жол ашады. Студент аталмыш курста лингвистикалық заңдылықтарды игеріп, оларды ғылыми түрғыдан пайдалануға үйренуі қажет. Тілдің табиғаты, қоғамдық мәні, оның кұрылымдық және жүйелік сипаттары, тілдер дамуындағы ортақ қасиеттер мен ерекшеліктер, қазақ тіл білімін зерттеу әдістері мен методологиясы, басқа ғылымдар жүйесімен байланысы, т.б. мәселелер тұрғысында студенттердің өзіндік ойы мен тұжырымдары болуы қажет.

Дәрісті қорытындылау: Пәнді оқытудағы басты әдістер теориялық дәрістер, практикалық сабақтар коммуникативті-функционалдық, когнитивті. Практикалық сабақтың негізгі құралы болып табылатын ғылыми мәтіндер аудиторияға бейімделіп беріледі. Семинарлық сабақтарда лексикалық минимум мен соған сәйкес грамматикалық материалдарды меңгерту, тіл білімі салаларынан тақырып бойынша студенттердің рефераттар жазып, қорғаулары талап етіледі

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. “Қазіргі қазақ тілі” пәнінің зерттеу нысаны.



2. Пәннің мазмұны мен міндеттері

3. Қазақ тілі туралы түсінік

Әдебиеттер:

1. Болғанбаев Ә., “Қазақ тілінің лексикологиясы”, 3-7 беттер;

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы) Алматы: “Әділет” ЖҚМ, 1998, 6-бет.
2Дәріс. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия.

Мақсаты: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия туралы білім беру

Жоспар:

1. Үндестік заңы.

2. Буын үндестігі.

3. Дыбыс үндестігі.

4. Екпін тасымал.

5. Графика. Орфография. Орфоэпия.


Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады.

Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады.

Сөйлеу мүшелеріне: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін жатады.

Дыбыс және фонема

Дыбысты айтамыз және естиміз. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Дыбыстар – тілдің мағыналық единицалары сөз бен сөз бөлшектерін құрастыратын материалдар ретінде қызмет атқарады.

Фонетикада тағы бір маңызды болып табылатын бірлік – фонема. Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы.

Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады.

Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы қатысады.

Дауысты дыбыстар буын құрайды.

Дауысты дыбыс түрлері.

Тілдің қатысына қарай:

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.

Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.

Еріннің қатысына қарай:

Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік: а, ә, ы, і, е, и.

Жақтың қатысына қарай:

Ашық дауыстылар: а, ә, ө, о, е.

Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан жасалады.

Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлері.

Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у.

Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.

Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч.

Дауыссыздардың айтылу жолына қарай түрлері.

Шұғыл дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң.

Ызың дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, н, ң

Буын


Буын – ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.

Буынға тән сипаттар:

1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек.

2. Буында мағына болмайды.

3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді.

4. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос дауыссыздан басталмайды.

5. Бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.

Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай буын үшке бөлінеді: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.

Буын үндестігі

Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі деп атайды. Дыбыстардың үндестігі буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді.

Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай жалғанатын қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп аталады. Мысалы: балаларға, мектептерден.

Дыбыс үндестігі

Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыстардың бір-бірінің ықпалына қарай үшке бөлінеді.

1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі.

2. Кейінді ықпал – кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі. Мысалы: добы (доп-ы), тарағы (тарақ-ы).

3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Мысалы: Амангелді (Аманкелді)..



Дәрісті қорытындылау: Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады.

Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1.Үндестік заңы.

2.Буын үндестігі.

3.Дыбыс үндестігі.

4.Екпін, тасымал.

5.Графика. Орфография. Орфоэпия.



Әдебиеттер:

1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.


2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965. 

 2 модуль. Лексикология


Дәріс №3. Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам

Мақсаты: Сөз - лексикалық бірлік. Сөздік қор мен сөздік құрам туралы түсінік қалыптастыру

Жоспар:

1. Сөз - лексикалық бірлік.

2. Сөздік қор

3. сөздік құрам

Лексика көне гректің lexikos (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз- дүние жүзі халықтарына ортақ термин. Бұл термин бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген ұғымды білдіреді, оны сөздік құрам деп атайды. Кейде бұл термин жазушының немесе жеке шығарманың тілі дегенді білдіреді. Мәселен, Сәбит Мұқановтың лексикасы, Абай шығармаларының лексикасы, т.б. сондай-ақ, тілге шебер, тілі орамды адамдарды да лексикасы бай адам екен деушілік бар.

Лексиканы, сөз байлығын тексеретін ғылымды лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды семасиология, ал сөздердің шығуын тексеретін ғылымды этимология дейді. Сөйтіп, лексикология ғылымы: семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді. Қазақ тілінің сөз байлығындағы негізгі сөздік қор: адам, ай, күн, жер, су, от, ақ, қара, сары, он, бес, бару сияқты сөздер.

Сөздік қор негізінде жасалған: бір, бірегей, бірдей, бір-бірінен, бір қыдыр: кірме сөздер: совет, колхоз, звено, ферма, комсомол, роман, поэма; көнерген сөздер: хат, патша, қазы, би, төре, сұлтан, бек, молда, садақ, қылыш; жаңа сөздер: химия, биология, физика; тіл білімі: бастауыш, баяндауыш; диалектизм: әйдік, әтешкүр, кереует, тонау, нән, пәс, пысқан, т.б. сөздер сөздік құрамға жатады. Сөйтіп, барлық сөздердің ұйтқысы болатын түбір сөздер сөздік қорға жатады. Мәселен, адам, ай, күн, жер, су, от, тау, тас, ек, мен, сен, ол, тон, жүру, көру, т.б. Бұлар - сөздік құрамның ішіндегі ең тұрақты элементтері.



  1. Негізгі сөздік қор талай ғасырды басынан кешірген тұрақты сөздер болуы керек.

  2. Негізгі сөздік қор сол тілдің ішінде сөз жасауға негіз болуы шарт.

  3. Негізгі сөздік қор жалпы халыққа ортақ, түсінікті болуы керек.

Негізгі сөздік сонау ерте дәуірден бермен қарай келе жатқан тұрақты сөздер тобы екендігін дәлелдейтін фактілер мыналар:

  1. V ғасырға жататын Талас өзенінің бойынан табылған ескерткіштердегі жазуда ат, ер, сіз, отыз сөздерінің кездесуі;

  2. VII-VIII ғасырға жататын Орхон-Енисей жазуларындағы сөздерде кіші, сіз, ол, өзім, ілгері, тысқары, көк, боз, сары, алты, он, отыз, т.б. сөздердің болуы.

  3. Сондай-ақ, «Құдатқу білік», «Диуани луғат-ат түрік» және «Кодекс Куманикус» шығармаларында кездесетін сөздердің күні бүгінге дейін азғантай ғана өзгеріспен қолданылуы.

Күрделі сөздер

Қос сөздер

Тілімізде күрделі сөз жасаудың бір тәсілі - қос сөздер. Мысалы: Петр Чернов бет-ауызын екі білегімен кезек-кезек сүртіп, зеңбіректі тез-тез атады.

Осындағы бетін сүртіп, аузын сүртті, не кезек сүртті, тез атады дегендермен салыстырып көрсек, олардың жеке айтылуындағы қалпынан қосарланып келуіндегі ұғымы кең. Бет-ауыз дегенде, оған маңдай да, мұрын да, көз де, иек те жатады. Сол сияқты кезек сөзі жеке тұрғанда қимылдық ұғымды білдірсе; кезек-кезек деп қосарлап айтқанда көптік ұғымды береді. Дәл сол тәрізді тез-тез қос сөзінің беретін ұғымы да жеке қолданудағыдан басқаша, дүркіндік ұғымды білдіреді. Осы үш түрлі сөздердің жасалу жолдары да бірдей емес. Бет-ауыз деген қос сөздің құрамына енген сөздердің мағыналары да, сыртқы тұлғалары да басқа-басқа. Ал кезек-кезек немесе тез-тез дегендерді алсақ, бір сөздің қайталануы арқылы жасалынған. Осыдан қос сөздердің мағыналарында болсын, жасалуында болсын ерекшеліктер барлығын аңғару қиын емес. Оларды жинақтап, төмендегідей таблицамен көрсетуге болады:

Қос сөздердің емлесі туралы

Қос сөздің құрамына енген сөздер бір-бірімен салаласа байланысады. Қос сөздер екі сыңарлы болып, үнемі дефис арқылы жазылады. Мысалы: алуан-алуан, жан-жануар, шай-пай, жым-жылас, әп-әдемі, т.б. Егер қос сөздердің аралығында -ма,-ме, -ба,-бе,-па, -пе,- ды,-ді, -да, -де тәрізді дәнекерлер болса, олар қос сөздің алдыңғы сыңарларымен бірігіп жазылады да, соңғы сыңарларынан дефис арқылы ажыратылады. Мысалы: қолма-қол, ауызба-ауыз, көзбе-көз, бетпе-бет, жекпе-жек, өзді-өзі, бірде-бір.

Біріккен сөздер.

Сөзден сөз тудырудың енді бір тәсілі - сөз бен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөздер бар.

Біріккен сөздердің жазылу емлесі



  1. Түбір сөздер ешқандай өзгеріске ұшырамай, айтылуындағы түбір тұлғалары сақталып біріккен сөздер сол күйінде, өзгеріссіз жазылады. Мысалы: асқабақ, Мергенбай, Ақтөбе, Жетісу, жетіжылдық, т.б.

Дыбыстық өзгеріске ұшыраған мына сөздер айтылу қалпында жазылады.

  1. Күздігүні, жаздыгүні, белбеу, қолғабыс, Бегәлі, Торайғыров, Жанғазы, т.б.

  2. Еш, бір әр кей, әлде сөздері есімдіктермен бірге жазылады да, есімдермен бірікпей, бөлек жазылады.

  3. Қара торғай, ақ шелек, ақ сақал, соқыр теке сияқты сөздер тура мағынасында немесе қара, ақ, соқыр дегендер бөлек жазылып, анықтауыш қызметін атқарады, ал Қараторғай (құс аты), Қаракүйе (құрт), Жетіқарақшы (жұлдыз), ақшелек (ауру), ақсақал (қарт, қария), соқыртеке (ойын), т.б. сөздер алғашқы мағынасынан өзгеріп, жаңа мағынаға ие болғандықтан, бірге жазылады.

Қысқарған сөздер

Тіліміздегі күрделі сөздер тобына жататын сөздердің бірі - қысқарған сөздер. Әр алуан әлеуметтік, қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің атауларын бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ, қысқартып айту әрі қысқартып жазу дәстүрге айналды. Қысқарған сөздер төрт түрлі жолмен жасалады.

Қысқарған сөздер сөздерінің басқы әріптерінен құралады. Мысалы: ҚР- Қазақстан Республикасы.

Дәрісті қорытындылау: Тілдегі сөздердің барлығының жиынтығы тілдің сөздік құрамына немесе лексикасына жатады. Сөздік құрамның аясы, көлемі сөздік қордан әлдеқайда мол. Өйткені, оған жоғарыда аталған кірме сөздер де, терминдер де, сондай-ақ диалектизмдер де енеді. Сөздік құрам сөздік қорға қарағанда тез өзгергіш. Сөздік құрамға бір сөздер еніп жатса, екінші біреуі сөздік құрамнан шығып жатады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары.

1. Қазақ тілінің сөз байлығы жөнінде

2. Лексикологияның салалары

3. Күрделі сөздер

4. Қос сөздер

5.Біріккен сөздердің емлесі



Әдебиет:

1. Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана: “Фолиант” баспасы, 2003, 91-96 - беттер.


Дәріс №4. Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм.

Мақсаты: Сөз және мағына Синоним. Омоним. Антоним. Табу. Эвфемизм туралы, оладың қолданылу ерекшеліктері туралы білім беру

Жоспар:

1. Сөз және мағына

2. Синоним. Омоним. Антоним.

3ү Табу. Эвфемизм

Омоним деген термин гректің – біркелкі бірдей, «онума»- ат, атау деген сөзінен алынған. Сонда бұл термин біркелкі, бірдей атау дегенді, яғни, дыбысталуы бірдей, әр түрлі дегенді білдіреді. Дыбысталуы, жазылуы, естілуі бірдей, мағыналары әр түрлі сөздерді омоним дейміз. Мысалы: жаз- зат есім, жаз- етістік, жаз-жай (дастарғанды), жаз-емде, сауықтыр. Ер- батыр, ер- еркек, атқа салынатын ер.

Омоним сөздер көп мағыналыға ұқсайды. Бірақ сөздің көп мағыналы болуы мен омонимдер екеуі екі түрлі. Омонимдерді де, сөздің көп мағыналығын да былай ажыратамыз: мағыналары жағынан бір-біріне жақын болса, сөздің көп мағыналығы, ал сөздер бір-біріне мағыналық жағынан қашық болса; онда оның омоним болғаны. Мысалы: бас - бұл көп мағыналық. Себебі адамның дене мүшесі; іс-әрекет, құбылыстың алғашқы басталатын жері, көзі; төбе ; басқарушы; Ал егер сөздердің арасында мұндай байланыс болмаса, онда ол омоноим. Мәселен, бас - адамның дене мүшесі; бас - етістік; Бұл екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ.

Омонимдердің түрі қазақ тілінде өте мол. Сондай-ақ, олардың жасалуы да алуан түрлі. Соның кейбіреуіне ғана тоқталайық.

I.Түбір сөзден болған омонимдер.

Түс: 1) Күн түс болды. 2) Түсінде ұшаққа отырды. 3) Пойыздан жүгін құшақтап, жас жігіт түсті. 4) Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.

II.Басқа тілден енген сөздер тілдегі сөздерге омоним болады:


    1. Мата ( зат есім). 2) Мата­ – етістік, мата-араб сөзі.

    2. Сап - сапқа тұру, қатарға тұру. Алғашқы сап араб сөзі.

    3. Мақта - әрі зат есім, әрі етістік. Бұл да араб тілінен енген зат есім.

III.Туынды омонимдер.

  1. Жасырын - сын есім. 2. Жасырын - етістік.

  2. Саулық - зат есім - амандық,есендік. Саулық - зат есім - қозылы қой.

  3. Қулық - зат есім-айлакерлік, арамдық. Қулық - зат есім-алғаш рет құлындаған бие.

  4. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздердің саны не бәрі 4-5-тен аспайды.

Синонимдер кем дегенде, екі сөзден болады. Одан да көп сөздер болуы мүмкін.

Синоним – мағыналас, мазмұндас сөздер.



  1. Екі сөздің сырт формасы мүлдем басқа болып келіп, синонимдер жасалады: адам-кісі, ел-халық, алыс-қашық, үлкен- зор, надан-топас, нану-сену.

  2. Кейде синонимдік қатарға енген сөздердің бірді-екілі дыбыстарында ғана өзгеріс болып келеді: мағлұмат- мәлімет.

  3. Түбірлерге қосымшалар қосылып, негізгі түбір мен туынды түбір бірінен бірі синоним болады: жара-жарақат, ағын-ағыс, ық-ықтасын, қап-қапқыш, келін-келіншек.

Тіліміздегі мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздерді антоним сөздер деп атайды. Мұнда да кемінде екі сөз қатысып, мағыналары бір-біріне қарсы мәндес болуы керек. Мысалы: Кейі сараң, кейі мырза, кейі ырза. Барша жұртты сынадың (С.Сейфуллин). Кейде қайғы, кейде шат, кейде тұнық, кейде ылат, кейде тірі, кейде өлі (І.Жансүгіров). Болыс екен кейде таң, кейде мүләйім, кейде жұмсақ, кейде қатты, кейде береген, кейде сараң (Ғ.Мұстафин). Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылар (Ә.Сәрсенбаев). Осындағы сараң-мырза, қапа-ырза, қайғы-шат, тұнық-ылат, тірі- өлі, паң-мүләйім, жұмсақ-қатты, береген-сараң, әлділер-әлсіздер, әділет-қиянат, түймедей-түйедей дегендер жағымсыздық пен ұнамдылықтың, жақсылық пен жаманшылықтың, үлкен мен кішінің кереғар ұғымдары бір-біріне қарама-қарсы қойылып айтылып тұр. Екі жағының салмақ-мөлшері бірі артық, бірі кем емес, нақ бірдей тепе-тең. Сонда антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама- қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса, тіптен кездеспеуі де ғажап емес.

Дәрісті қорытындылау: Лексиканы, сөз байлығын тексеретін ғылымды лексикология, сөз мағынасын тексеретін ғылымды семасиология, ал сөздердің шығуын тексеретін ғылымды этимология дейді. Сөйтіп, лексикология ғылымы: семасиология, этимология, фразеология және лексикография деген салаларға бөлінеді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

2. Сөздің көп мағыналығы және омоним.

3. Синоним. Антоним



Әдебиет: Ш.К. Бектұров Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. Астана, “Фолиант” баспасы, 2003, 23-27-беттер.
Дәріс №5. Сөз тіркестері. Фразеология.

Мақсаты: Сөз тіркестері. Фразеология туралы, оладың қолданылу ерекшеліктері туралы білім беру

Жоспар:

1. Сөз тіркестері.

2. Фразеология

Сөз тіркесіне де, сөйлемге де материалдық негіз болатын – сөз. Сөз сөз тіркесінің сыңары болуы, сөйлем мүшесі болуы, кейде жеке сөйлем болып кетуі, күрделі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін құрауы мүмкін.

Сөз тіркестері, негізінен, екі немесе онан да көп сөздермен тіркесе келіп, белгілі бір ойды білдіреді.

Сөз тіркестері тіл білімі ғылымында негізінен екі түрге бөлінеді; 1) еркін сөз тіркестері, 2) тұрақты сөз тіркестері – фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, идиомалық тіркестер.

Мысал: оқушымен сөйлесу—мұғаліммен сөйлесу – қойшымен сөйлесу;

Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсас, бірақи іштей, яғни тілдік табиғаты жағынан, оған қарама-қарсы қойылатын оймақ ауыз, жүрек жұтқан, жүрегі тас төбесіне шығу, ат – тонын ала қашу, ер қашты болу тәрізді тіркестер бар. Бұлар құрамы жағынан тұрақты болып келеді де, бүтіндей оралым бұрыннан тіркескен, дағдылы қалпын мақтайды, сыңарлары: ешкімнің еркіне көнбей:, өзінен-өзі тіркесіп қойған; тәрізді болып ұғынылады. Мұндай тіркестер сөздердің еркін (ерікті) тіркесіне (свободное сочетание слов) қарсы қойылып, сөздердің еріксіз тіркесі (несвободное сочетание слов) немесе фразеологиялық оралым (фразеологический оборот) деп аталады. Фразеологиялық оарлымды фразеология зерттейді. Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік единица, әдетте, фразеологиялық оралым деп аталады. Қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында,ит арқасы қиянда дейді.

3) Фразеологиялық оралымдар тарихта болған кейбір жайлардың, дығдылардың негізінде пайда болуы мүмкін.Мысалы, орыс тіліндегі во всю ивановскую (мағынасы – «өтте қатты, бар дауысымен») деген фразеологиялық оралымның шығу тегі былайша түсіндіріледі: Кремельдегі Ивановск алаңына адамдар көп жиналып,онда указдар, бұйрықтар жиналғандардың бәріне естілетіндейқатты дауыспен оқылатын болған. Указдар мен бұйрықтардың бар дауыспен жариялануы,қоңыраудың үні бүкіл алаңды (Ивановск алаңын) жаңғыртқан. Осыдан орыс тілінде «бар даусымен айғайлау» деген мағына кричать во всю ивановскую деген тіркеспен берілсе, «қатты қорылдау» деген мағына храпеть во всю ивановскую деген тіркеспен беріледі.

4) Уақыт өлшемі – «сағат», «минут», «секунд» деген ұғымдар жіне олардың атаулары . Бұл ұғымдар мен олардың атаулары жоқ кезінде белгілі бір іс –әрекеттің белгілі мерзім ішінде өтуіне белгілі мерзімде басталауы уақыт өлшемі ретінде пайдаланылған. Осыдан қазақ тілінде мезгілдік мағыналарды білдіретін бие сауым (уақыт), шай қайнатым (уақыт), ет асым(уақыт),күн арқан көтерілгенде,көз байлағанда ел орынға отырғанда, екпіндімен ақшамның арасында тәрізді сөз тіркестері пайда болған. Бұлар қазірде фразеологизмдік оралымдар ретінде танылады. Мысалы, қазақ тілінде ертеректегі негізгі шаруашылығы - мал шаруашылығына тікелей қатысты ұғамдар мен атаулар кеңістік өлшемдеріне негіз етіп алынып, ат шаптырым жер, қозы көш жер, түйенің қолтығы терлемейтін жер,таяқ бойы қар жауса тәрізді тұрақты сөз тіркестері пайда болып, бұлар кеңістік өлшемдері ретінде танылған.

5) Фразеологиялық оралымдардың кейбіреулері профессионалды лексикадан ауысқан. Мысалы, орыс тіліндегі дело – табак (“жағдай өте жаман” деген мағынада) деген фразеологизм бурлактардың тілінен алынған. Мұның шығу төркіні мынадай жағдаймен байланыстырылады: бурлактар бұл сөзді өзенді кешіп өту кезінде темекі байланған қылқа мойынға судың жеткенін ескерту үшін айтатын болған.Фразеологиялық оралымдардың бұл ьобвна музыканттардың тілінен алынған играть первую скрипку (“бір істе басшы, жетекші болу”), попасть в тон (“біреуге не бірдемеге жағымды, тиімді іс істеу не сөз айту”) деген тіркестр де жатқызылып жүр.

Белгілі бір тілдің фразеологиялық құрамы аударма арқылы жасалған фразеологиялық оралымдармен де толығып отырады. Мысалы, тасбақа аяң (“черепаший шаг”), көз бояу (“втерать очки”), көз бояушылық (“очковтирателльства”). Балықшы балыөшыны алыстан көреді (рыбак рыбака видит из далека).

Сонымен, фразеологиялық оралымдар әр түрлі жолдармен жасалған, олардың жасалуына сан алуан құбылыстар негіз болған

Дәрісті қорытындылау: Тіл арқылы қатынастар жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Сөздердің тілдің грамматикалық заңдарына орайласып, емін –еркін тіркесуінен синтаксистік единицалар – еркін (ерікті) сөз тіркесі мен сөйлемдер жасалады. Бірақ сөздер бір-бірімен жапатармағай тіркесе бермейді, мағыналарының үйлесімділігі болғанда ғана, тіркесіп жұмсалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет