Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет49/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
9- дәріс
Тақырып: Грамматика. Морфология.
Дәріс мазмұны: 1. Грамматика- тіл білімінің саласы.
2. Грамматикалық ұғымдар.
3. Грамматикалық категория.
4. Сөздерді таптастыру принциптері.
Сөздердің морфологиялық құрылымы .
Дәріс мазмұны: : 1. Грамматика- тіл білімінің саласы. Грамматикалық ұғымдар.
2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы.
3.Грамматикалық форма және грамматикалық категория.
Мақсаты: Грамматика салаларының бір-бірімен байланыстылығын түсіндіру, грамматикалық ұғымдар туралы түсінік беру.
Тірек сөздер: Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл, грамматикалық категоия.
1. Грамматика- тіл білімінің саласы.
Қандай болмасын тіл туралы ғылым бірнеше салалардан тұрады және ол салалар бір-бірімен өте тығыз байланыста болып келеді. Тілді терең түсіну үшін, оны зерттеу үшін тілдің осы салалары өте қажет болып келеді. Қазақ тілі де - сондай тілдердің бірі. Оның да бірі-бірімен тығыз байланыста бірнеше салалары бар: фонетика, фонология, лексика, лексикология, лексикография, грамматика, морфология, синтаксис, диалектология, ономастика, стилистика, ортология, т.б.
Бұлардың өздерін екіге бөліп қарауға болады: тілдің ішкі заңдылықтарын зерттейтін салалары және тілдің сыртқы салаларын зерттейтін салалары. Тілдегі грамматикалық амал-тәсілдердің барлығын грамматикалық құрылыс деп атайды. Оны тілдің грамматика саласы зерттейді.
Грамматика – сөздің құрылысын, сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің және сөйлемнің құрылысын зерттейтін тіл ғылымының үлкен саласы. Тілдің грамматикалық құрылысы сөзге сүйенеді және сөз арқылы ғана көрініп отырады. Грамматика ғылымы, тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде, өзінің тексеретін объектісінің негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады. Зерттеу объектісінің осындай ерекшеліктеріне қарай, грамматика ғылымы морфология және синтаксис болып екі салаға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет