Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет52/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
10- дәріс
Тақырып: Сын есім.
Дәріс мазмұны:

  1. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты.

  2. Морфологиялық белгісі. Сын есімнің субстантивтенуі.

  3. Синтаксистік қызметі.

Сын есім.
Дәріс мазмұны: 1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
2.Сын есімнің мағыналық топтары.
3.Сын есімнің морфологиялық құрамы.
4. Сапалық сын есімнің шырай категоиясы.
Мақсаты: Сын есімді, оның лексика-грамматикалық белгілері мен категориясын меңгерту.
1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты.
Есімдер деп аталатын сөздер тобының ішіндегі зат есімдерден кейінгі үлкен тобы – сын есімдер. Сын есім зат есіммен тіркесіп келіп заттың алуан түрлі қасиетін, сапасын, сипатын білдіреді. Сын есім қай, қандай деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім деп заттың сапасын, сынын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін, түрін және басқа да қасиеттерін көрсететін сөздердің тобын айтамыз.
Сын есімге тән өзіндік семантикалық мағына, морфологиялық құрылыс, синтаксистік қызмет болады. Ол осы белгілері арқылы басқа сөз табынан ажыратылады. Сын есімді жеке сөз табы ретінде сипаттағанда оның құрамындағы қосымшаларға қарап, не кейде мағынасына қарап айыруға болмайды. Сын есім шырай категориясымен қатар, адьективтік және адвербиалдық қызмет атқарады. 2.Сын есімнің мағыналық топтары. Сын есімнің семантикалық сипаты:
а/сапалық сын есімдер;
б/ қатыстық сын есімдер;
Сапалық сын есім деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр- сипатын, яғни, түрі мен түсін(ақ, қара, көк,сұр), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір), көлемін мен аумағын (кіші, ауыр, жеңіл), дәмі мен иісін(ащы, тәтті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың ,іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар. Бұл-жазғы жайлы қоныс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет