Қой/ғой демеулікткрі тіркескен сөздеріне нақтылау тұжырымдау мағынасын үстеу үшін қолданылады. Енді көрісер-көріспесіміз екіталай ғой (Сейфуллин).Боданның есігі іштен жабық-ты (Жұмаділов). Сүйемін сені туған ел- атамекен, Абзал анам сенсіз ғой құшағың кең (Аманжолов).Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық-ты (Шалкиіз).
-ды/-ді, -ты/-ті демеуліктері сөйлемде баяндауыш болып тұрған сөзге тіркесіп, оның мағынасын нақтылай түсу үшін қолданылады. Кешегі Ұзақ ауылында болған тінту осы сөздің салдарынан туған-ды (Әуезов). Кешегі өткен ер Әбіш, елден бір асқан ерек-ті, Жүрегі жылы бойы құрыш, Туысы жаннан бөлек-ті(Абай).
Қомсыну мәнді демеулігіне екеш шылауы жатады . Бұл шылау тіркескен сөзіне қомсыну, менсінбеу мағынасын үстейді.