Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет84/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137
Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірінен қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан, болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді. Бұл ерекшелікте еліктеуіш сөздердің қосарлануына тән қалыпты, заңды құбылыс. Еліктеуіш сөздердің түбіндегі дауысты дыбыстың не ашық , не қысаң болуыда сол сөздердің мағынасына әсер етеді. Мысалы: есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құбылыс жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен сәлде болса ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің қатты жабылғаны, яғни құлаққа естілетін дыбыстың қатты шыққаны, ал сырт етіп жабылғаннан есіктің дыбысы ақырын шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғанын білдіріп тұрған нәрселер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық , я қысаң болуына ғана байланысты. Екінші сөзбен айтқанда еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысыда қатты естіледі, қысаң болса, ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке болуыда сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, шіңк-шіңк етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-шіңк дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сөздің мағынасы сәл өзгешерек болып тұр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес, лажсыздықтан ащы келетіні аңғарылады. Ауызекі тілде адамның көңіл күйіне, эмоциялық жайына байланысты еліктеуіш сөздердің кейбір дыбыстарының айтылуында ерекшкліктер болады. Ашық дауысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады, мысалы, сарт ете түсті дегенді саарт ете деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы дауыссыз дыбыс созылып айтылады, мысалы, тыз ете түсті, тырс ете түсті деген сияқтыларды ауыз сөзде соңғы з,с,ж,р,ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс деп айтуға болады. Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте өте жие қолданылады. Сөйтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз-өзіне тән лексика –симантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне декөптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет