Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет82/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137
14- дәріс
Тақырып: Еліктеу сөздер.
Дәріс мазмұны: Еліктеу.
1. Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік.
2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты.
3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты.
Мақсаты: Еліктеу сөздердің семантикалық ерекшелігін, қолданыстағы қызметін, дыбыстық құрамын меңгерту.
1. Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік.
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.
Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, әр түрлі әрекет қималдарынан туатын, әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет